Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет31/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46

67 
 
білімді  ӛмірмен,  қоршаған  ортамен  байланыстыруға  бағыттау.  Мұндай 
жағдайда  оқушылардың  бұрын  алған  білімдері  де  ескеріледі.  Оқушылар 
бастауыш  сыныпта  «дене»,  «зат»  ұғымдарын  дүниетану  пәні  бойынша 
меңгерген  болатын.  Сондықтан  да,  сабақтың  кіріспе  бӛлімінде  оқушылардың 
зейінін сабаққа бағыттау мақсатымен бірден кіріспе сұрақтар мен тапсырмалар 
беріледі: 
- маңайларыңа қарап, сынып ішінен кӛздеріңе түскен денелерді атаңдар. 
- осы денелердің қандай заттардан тұратынын анықтаңдар. 
- мәселен,  мынау  сендер  отыратын  парта,  ол  қандай  заттардан  тұратынын 
анықтаңдар. Бұл партаның пішіні кӛлемі туралы айтыңдар. 
2.  Оқулықпен  жұмыс:  Оқулықпен  жұмыс  жасауда  әр  уақытта  мына 
мәселені  ескеруге  тиіспіз.  Кӛптеген  ғалымдардың  айтуынша  оқулыққа 
берілетін  анықтама,  оның  ғылыми  материалдарды  педагогикалық  тұрғыдан 
ӛңдеп,  оқушыға  түсінікті  тілде  жеткізетін  құрал.  Сонымен  қатар,  оқулықтың 
атқаратын  қызметі  оқушыларда  дербестікті,  ынталылықты,  ӛзбетінше  білім 
алуға әзірлікті қалыптастыру және дамыту; оқушылардың кәсіптік бейімділігін 
анықтауға  жәрдемдесу;  оқушылардың  ӛмірлік  бағыт  алуына  және  болашағын 
болжауға  кӛмектесетін  құрал.Олай  болса,  білім  алу  барысында  оқулықпен 
жұмыс  ұйымдастыруға  үлкен  мән  беріледі.  Сондықтан  да,  бұл  тақырыпты 
меңгертуде  оқулықпен  мына  жұмыстар  ұйымдастырылады:  оқулықтың  8-
бетіндегі  материалды  оқып  түсінігін  айту.  Оқушылар  материалды  оқу  арқылы 
ӛздерінің осығын дейінгі айтқан жауаптары мен пікірлерінің дұрыстығына кӛз 
жеткізеді.  Тақырыптың  мазмұны  әрбір  дененің  бір  немесе  бірнеше  заттардан 
тұратынын  және  денелердің  белгілі  ӛлшемі  мен  пішіні  болатынын 
түсінеді.Тақырыптан  кейін  берілген  «Біліміңді  тексер»  ішінен  3-4 
тапсырмаларды ауызша орындайды. 
3.  Дәптермен  жұмыс:  Оқушылар  дәптерлеріне  ӛздері  білетін  3  дененің 
атын, оның қандай заттардан тұратынын жазып, оны ауызша кезектесіп айтуға 
дайындалады.  Тапсырманы  жұмыс  дәптеріне  орындату  арқылы  біріншіден, 
уақыт  үнемдеуге  мүмкіндік  туса,  екіншіден,  оқушылардың  ізденушілігін 
дамытып, химия тілін жазбаша қолдануына жетелейді.   
4.  Көрнекілікпен  жұмыс.  Оқулықтағы  «Заттардың  физикалық  қасиеті» 
сызбасын талдап, ол туралы толық ұғым алады. 
5. Оқушылардың сабақтың бас кезіндегі меңгерген ұғымын тұжырымдау: 
зат дегеніміз не? 
- денелер неден тұрады? 
- заттардың физикалық қасиетін атаңдар. 
6. Оқу құралымен жұмыс: Оқу құралының 10-11 беттеріндегі материалды 
оқып,  оны  оқулықтан  алған  ұғымдарына  байланыстыру.  2-сурет  бойынша 
ауызша  әңгіме  құрастыру.  11-бетте  кӛрсетілген  әртүрлі  денелердің  заттық 
құрамын  анықтау.  12-бетте  берілген  5-6  тапсырмаларды  орындау.  Бұл 
жұмыстар арқылы оқушылар сабақтың бас кезінде алған білімдерін толықтыра 
түседі. Ӛзіндік жұмыстарды орындау арқылы теория лық білімдерін практикада 
қолданады. 


68 
 
7.  Тақырып  мазмұнын  қортындылау  кезінде  мұғалім  бірнеше  жаңа 
технологияларды  қолданады:  а)Не  білдік?,  Нені  білгім  келеді?  сұрақтары 
арқылы  оқушылардың  ойын,  сабақ  барысында  пайда  болған  пікірлерін  және 
материалды меңгеру деңгейін байқайды. 
ә).  Оқушыларға  мәтінді  қортындылау  үшін  жоспар  жасауды  тапсыру 
арқылы олардың материалды қаншалықты меңгергенін байқап қана қоймай, ой 
қорыту,  білімін  тұжырымдау  деңгейлерін  анықтайды.  Осыған  қарап, 
оқушылардың  әлде  де,  жете  түсінбей  қалған  ұғымдарын  қайталауға,  немесе, 
жақсы  түсінген  оқушыларға  айтқызу  мүмкіндігі  туады.  Мұндай  жағдайда 
оқушылардың сабаққа жауапкершілікпен қарауы қалыптасады. 
Егер,  кӛңіл  аударып  қарасақ,  сабақтың  ӛне  бойы,  тіпті  кіріспеден  бастап, 
оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекетінің  басымдығын  байқауға  болады.  Ол  іс-
әрекеттердің  түрі  де  ӛзгеріп  отырды.  Бірақ  барлық  іс-әрекеттің  түрлері 
(оқулықпен,  дәптермен,  кӛрнекілікпен,  оқу  құралымен,  үлестірмелі  матери- 
алдармен,  беріліген  үлгі  бойынша  жұмыстар,  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
бойынша орындалған жұмыстар т.б.) дерлік мәтіннің мазмұнын ашуға және сол 
мазмұнға  байланысты  тәжірибелер,  практикалық  іс-әрекеттер  орындауға 
арналған. Бұл оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, ӛздігінен іздену 
арқылы  білімді  меңгеруіне  кӛмектеседі.  Мұндай  жағдайда  мұғалім 
оқушылардың  қателескен,  не ұғынбай қалған  жерлерінде ғана  кӛмекке  келеді. 
Қазіргі  таңдағы  білім  беруге  қойылып  отырған  талаптың  ӛзі  осы.  Оқытудың 
міндетті  нәтижелерін  анықтау  және  оқушылардың  дайындығының  мүмкін 
деңгейін  қаматамасыз  ету  де  маңызды,  яғни  оқулық  құруда  негізгілердің  бірі 
болып табылады[138,139]. 
Бұл жоғарыда келтіріліп отырған сабақ жоспары сабақтың  жаңа ұғым беру 
формасына ( түріне) жатады. Химиядан білім беруде мектеп ӛмірінде дәстүрлі 
сабақтардың  түрлерінің  жиі  ұйымдастырылатыны  бізге  белгілі.      Белгілі 
әдіскер-педагог  И.Нұғыманұлы  химия  пәні  сабақтарының  түрін    мына 
тӛмендегідей етіп жіктеген: 
- жаңа білім мен білікті игеру; 
- теориялық білім мен білікті жетілдіру; 
- білімді қорыту және жүйеге түсіру; 
- бақылау есепке алу; 
- аралас сабақтар[140]. 
Қазіргі  таңда  бұл  сабақ  типтері  жеткіліксіз  екенін  тәжірибе  кӛрсетіп 
отыр.Қазірде  кӛбіне  сабақты  оқушылардың  оқу  әрекеттерінің  түріне  қарай 
жіктеуге кӛбірек кӛңіл бӛлінеді. Олар: 
- тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы ғылыми ұғымды меңгерту сабағы; 
- эксперимент жұмысы нәтижесінде берілетін білім сабағы; 
- оқушылардың ізденушілігін қалыптастыру сабағы; 
- ғылыми жобаны қорғау сабағы; 
- пікір сайыс сабағы т.б. 
Бұған  қарап,  сабақтың  білімді  бақылау,  есепке  алу  т.б.  әрекеттеріне  мән 
беру болмайды деген пікір тумауға тиіс. Мұнда сабақ бастан аяқ оқушылардың 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау