Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет32/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46

69 
 
ӛзіндік  іс-әрекетіне  негізделеді  де,  соның  ішінде  олардың  білімін  есепке  алу, 
білімді тексеру бәрі де оқушылардың ӛзіндік әрекеті арқылы жүзеге асады. 
Мәселен,  жоғарыда  берілген  сабақ  жоспарының  қорытынды  бӛлімінде 
оқушыларға:  Не  білдік?,  Нені  білгім  келеді?  сұрақтары  бойынша  олардың  
сабаққа байланысты пікір тілектерін білу арқылы сол тақырыпты қаншалықты 
деңгейде  меңгергендігі  байқалады.  Оқушылардың  меңгерген  білімінің  деңгейі 
олардың  талдауынан-ақ,  белгілі  болады.  Сонымен  қатар,  оқушыларға  мәтінді 
қорытындылау  үшін  жоспар  жасауды  тапсыру  арқылы  олардың  материалды 
қаншалықты меңгергенін байқап қана қоймай, ой қорыту, білімін тұжырымдау 
деңгейлері  анықталады.  Осыған  қарап,  оқушылардың  әлде  де,  жете  түсінбей 
қалған  ұғымдары  бар  ма,  әлде  олар  ӛзіндік  жұмыс  нәтижесінде  материалды 
жақсы  түсінген  бе,  мұны  мұғалім  бірден  байқай  алады.  Осының  негізінде 
сабақты қорытуды жақсы оқитын оқушыларға тапсыруды да қолдануға блады. 
Бұл  оқушылардың  сабақта  тек  тыңдаушы  емес,  білімді  меңгеру  үшін  қызмет 
жасайтын субъект ретіндегі орны айқындалады. 
Әр  типке  жататын  сабақтың  құрылымы  да  әртүрлі  болатыны  белгілі. 
Дәстүрлі  сабақтарда  міндетті  түрде  оқушыларды  түгелдеу,  яғни,  сабақтың 
ұйымдастыру  кезеңі  белгілі  уақытты  алады.  Сабақты  жаңаша  құруда  мұндай 
уақытты жекелеп бӛлмей-ақ, бірден оқушылармен жұмыс істеуге кірісу арқылы 
оқушыларды түгендеуге арнаулы  уақыт кетпейді. Ол сабақ барысында ӛзінен-
ӛзі  белгілі  болады  да,  мұғалім  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыс  атқарып  жатқан 
кезінде  жоқ  оқушыларды  белгілеп  алады.  Ұйымдастыру  дегенде,  біз 
оқушылардың  зейінін  сабаққа  ұйымдастыру  деп  қарастыруымыз  керек.  Ал, 
зейінді  ұйымдастыру  сабақты  тартымды,  қызықты,  мәселелелік  деңгейде 
бастаудан туындайды. Оқушылардың алдына бірден олардың шешуіне керекті 
мәселені қою оқушылардың  зейінінің түгелдей сабаққа аууына түрткі болады. 
Сабақты  жаңаша  құруда  оқушылар  мен  мұғалім,  оқыушылар  мен  оқушы 
арасындағы қарым-қатынасқа да үлкен кӛңіл аударылады. Бұл қарым –қатынас 
тек  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  ғана  емес,  оқушылардың  бірігіп  жұмыс 
жасауы,  мұғалімнің  білім  беруді  игілендіре  отырып,  оқушылармен  қарым-
қатынасқа түсуі арқылы жүзеге асырылады. 
Егер,  сабақтың  құрылымын  мазмұны,  мақсаты,  онда  қолданылатын 
әдістері  арқылы  анықтасақ,  ӛзіндік  жұмыстарға  негізделген  сабақтарда  бұл 
жіктердің арақатысы білінбей кетеді. Себебі, сабақтың ӛне бойында оқушылар 
ӛзіндік  жұмыстың  бір  түрінен  екінші  түріне  кӛше  отырып,  негізгі  кӛздеген 
мақсатқа  жүйелі  түрде  жетеді.  Егер,  дәстүрлі  сабақтарда  әрбір  типтегі 
сабақтардың нақты бӛлімдері кӛрсетілетін болса, сабақты жаңаша құруда ондай 
қатып  қалған  бӛлімдердің  болмауы  мүмкін.  Сабақты  оқушылардың  ӛзіндік 
жұмысына  негіздей  отырып  құруда  оның  құрылымы  мұғалімнің  қалауынша 
және ӛзіндік жұмыстың түріне қарай ӛзгеріп отырады. Сабақты жаңаша құруда 
бастанаяқ  оқушылардың  ӛзіндік  оқу  іс-әрекеттері  ұйымдастырылады  да,  осы 
арқылы білімді тұжырымдау да, білікті қолдану да, сабақты қорытындылау да 
жүзеге  асады.Жаңа  типтегі  сабақтардың  кезеңдерін  жіктеуге  тырыссақ,  мына 
тӛмендегідей етіп қарауымызға болады: 


70 
 
- оқушыларды білімді қабылдауға дайындау яғни, сабақты олардың алдына 
мәселе қоюдан бастау; 
- жаңа білімді қабылдауға кірісу (ӛзіндік жұмыстарды орындау кезеңі); 
- жаңа білімді қорытындылау; 
- жаңа білімді қолдану, яғни жаттығулар, тәжірибелер орындау; 
- жаңа білімді меңгеру нәтижесін тексеру. 
Міне,  жоғарыда  кӛрсетілген  сабақтың  бӛлімдерінің  бәрі  мұғалімнің 
нұсқауы  арқылы  оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекеттерінің  нәтижесінде  жүзеге 
асатыны  белгілі.  Әрине,  кез  келген  ӛзіндік  жұмыстарды  оқушылардың  дұрыс 
орындауы үшін бірнеше талаптар қойылады. Олар: 
- мұғалімнің берілетін білімнің мақсатын толық түсіндіруі; 
- оқушылардың ӛзіндік жұмысқа деген ынтасының болуы; 
- оқушылардың ӛзіндік жұмыс орындауға жаттығуының болуы; 
- білімді  қорыту  кезінде  оқушылардың  еңбегін  әділетті  бағалап, 
жетістіктерін айтып отыру; 
- орташа 
оқитын  оқушыларды  ӛзіндік  іс-әрекет  кезінде  жақсы 
оқитындармен  жұптық-топтық  жұмыстарға  тарту.  Ӛзіндік  жұмыстар  түріне 
бүкіл  оқушылардың  орындай  алатын  жұмыстары:  химиялық  диктант, 
тәжірибелер  мен  эксперименттер,  ауызша,  жазбаша  сандық  және  сапалық 
есептер шығару бәрі жатады. 
Оқушыларға  оқулық пен оқу құралдарындағы  кӛрнекіліктер бойынша да  
ӛіндік жұмыстарды орындатуға болады. Бейорганикалык химия пәні бойынша 
кӛрнекіліктер    материалдарының  мазмұнын  аша    алатын    болса,  онымен 
жұмысты  бірден  сабақтың  басынан-ақ    ұйымдастырылады.  Ал,  кӛрнекілік  
мазмұнды  материалды  тек  толықтыратын    жағдайда,  оны  сабақтың    орта 
немесе,  қорытынды  бӛлімінде  пайдалану  тиімді.  Ӛйткені,  кӛрнекіліктер    мен  
сабақ мазмұны бір-бірімен тығыз байланысып, сабақтасып жатады. 
Кӛрнекіліктер  мен    оқытушының    атқаратын  жұмысы    берілетін  білімнің 
мазмұнымен    үндесіп  отырады.  Сонымен,  бейорганикалық  химия  пәнін 
оқытуды  осындай  ӛзіндік  жұмыс  формаларын  ұйымдастыруды  жетілдіру 
арқылы нақты  нәтижелерге қол жеткізуге болады.  
Мәселен,  оқулықта  «Заттардың  агрегаттық  күйі»  тақырыбы  бойынша  33-
бетте  сызбанұсқа  беріліген.  Бұл  кӛрнекіліктің  жақсылығы  заттардың  әртүрлі 
күйінің жылу сіңіргендегі, жылу бӛлінгендегі қандай күйге ұшырайтыны жақсы 
кӛрсетілген.  Бірақ,  бұл  кӛрнекілікпен  жұмысты  тақырыпты  қорытындылау 
кезінде  ғана  пайдалана  аламыз.  Себебі,  бұған  дейін  оқушылар  алдымен 
заттардың агрегаттық күйлері туралы түсініп  алуы керек. 
Сондықтан,  бұл  кӛрнекілікпен  жұмыс  барысында  мұғалімнің  тапсыруы 
бойынша  сызбанұсқаға  қарап,  заттардың  агрегаттық  күйінің  жылуға 
байланысты  ӛзгерісін  түсініп,  оның  мәнін  дәптерлеріне  жазбаша  жазады.  Бұл 
арқылы  оқушылар    мәтін  бойынша  алған  ұғымын  тұжырымдайды.  Осы 
тақырып  бойынша  ӛзіндік  жұмыс  ұйымдастыруға  мол  мүмкіндік  беретін 
«Біліміңді  тексер»  бӛліміндегі  сұрақтар  мен  тапсырмалар.  Бұл  мәселелерді 
шешуді сабақ барысында қамту үшін оқушыларды топқа бӛліп, әр топқа жеке-


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау