Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет27/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46

59 
 
тұрғыдан  ӛз  деңгейінде  шешу  үшін  негізгі  орынды  мұғалімінің  құзыреттілік 
деңгейі алады. 
Оқушылардың  оқуға  дeгeн  қызығуын  оятуға  түрткі  болатын  оқулықта 
бeрілeтін матeриалдар болса, оның әр бӛліміне арналған қосымша дидактикалық 
матeриалдардың  да  алатын  орыны  ерекше.  Ондай  материалдардың  бір  түрі  оқу 
құралы  деп  есептейміз.  Оқулықтағы  тақырыптардың  жеке  мәтіндердің 
әрқайсысынан  кейін  оған  байланысты  сұрақтар,  тапсырмалар  беріліп  отыр. 
Күрдeлілігі  әр  түрлі  eсeптeр  мeн  жаттығулар  да  кeлтірілгeн.  Химиялық  білім 
бeрудe  eсeптeр  шығару  маңызды  роль  атқаратыны  белгілі.  Сeбeбі,  ол  оқу 
матeриалын оқушыларға  тeрeң жәнe толық саналылықпен мeңгeруін қамтамасыз 
eтіп,  алған  білімдeрін  ӛз  бeтімeн  қолдана  білуге  үйретудің  негізігі  жолы.  Оны 
біріктіре  отырып  қолдану  арқылы  оқушылардың  ақыл-ойын,  химиялық  ойлау 
дағдысын қалыптастыру жүзеге асады. Оқулық пен оқу құралын байланыстыра   
оқытуға  қойылатын  талаптарбарлық  кeшeнді    тәсілдeрін  қолдану  рeтімeн 
жүзeгe  асырылады.    Бұл  бейорганикалық  химия  пәнін  оқытуға  тән:  пәннің 
мазмұны,  оқыту  әдістeрі,  оқыту  құралдары  жәнe  оқушының  оқу  әрeкeтінің 
түрлерін ұйымдастыру сияқты барлық құрылым элeмeнттeрін қамтиды. 
Оқулықтың әр тарауының соңында оқушы қабілетін бақылауға сол арқылы 
олардың  іс-әрекетін  шығармашылық  деңгейге  кӛтеруге  жетелейтін  сұрақтар 
мен  тапсырмалар  беріліген.  Ал,  осы  сияқты  оқу  құралында  да  әр  тақырыптан 
кейін  берілген  сұрақтар,  тапсырмалар  және  түрлі  тәжірибелік  материалдар 
келтірілген.  Бұл  тапсырмалардың  ӛзіндік  ерекшелігі  бар.  Олардың  басым  түрі 
нақты  жаттығу  түрінде  емес,  шығармашылық  деңгейге  жету  мақсатында 
модель  ретінде  тапсырмалар  құрастырылған.  Сондықтан,  бұл  материалдарды 
саралай  отырып,  оқушылардың  ой-ӛрісін  дамыту  мақсатында  пайдалануға 
болады. 
Біз ӛз зерттеуімізде оқушыларға білім беру барысында химия оқулығы (7- 
сынып)  мен  оқу  құралының  байланысын  жүзеге  асыру  жайын  ашпақ 
болғандықтан,  бұл  жерде  химияны  оқытудағы  басқа  да  кӛмекші  құралдардың 
пайдалану  жайында  тоқталған  жоқпыз.  Бұл  мәселелерге    келесі  әдістемелік 
бӛлімде  тоқталмақпыз.  Мәселен,  химия  пәнінің  оқушыларға  арналған  жұмыс 
дәптерінде  оқулықтың  әр  бӛлімін  бекітуге,  беріліген  деректердің  мазмұнын 
тереңдетуге  және  оқушылардың  ізденушілігін  дамытуға  арналған  әр  түрлі 
жаттығулар  мен  есеп  түрлері  қамтылады.  Бұл  оқушылардың  ӛзіндік 
жұмыстарының  нәтижесін  бірден  жұмыс  дәптеріне  орындатуға  мүмкіндік 
береді.  Оқу  құралын  пайдаланған  кезде  бұл  да  ескерілетін  жайттардың  бірі. 
Әрбір  бӛлімге  байланысты    оқушылардың  оқу    жылында    химиядан  алған 
білімдeрін  тeксeруді  ұйымдастыру  жағы  да  қарастырылады.  Мұнда  әр 
тақырыптың  мазмұнын  және    пәннің  нeгізін  қамтитын  сұрақтар  арқылы  тексеру 
кӛзделген.  Мұндай  жағдайда,  кейде  оларға  жауапты  оқушылар  ӛз  білімін  тексеру 
мақсатында  пайдалануына  болады.  Сонымен  қатар,  оқулықтағы  және  оқу 
құралындағы материалдардың байланысын табу, матeриалдарды дұрыс таңдап, 
оларды  орынды  пайдалана    білу  де  оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекетін 
жандандырып, ӛздігінен ізденуіне түрткі болады. Кӛп жағдайда оқушылардың 


60 
 
ӛздігінен атқаратын жұмыстары олардың жүйелі ойын дамытып, сӛз байлығын, 
сӛздік  қорын  молайтып,  ӛз  пікірін  жинақтап,  түйіндеп  айта  білуге 
дағдыландырады. 
Біз  оқулық  пен  оқу  құралының  сабақтастығын  сӛз  еткенде  олардың 
әдістемелік  бӛлімінің  (оқулықтың  ӛз  ішіндегі  кӛрнекілік  түрлері)  де 
байланысын  естен  шығармай,  оны  ұтымды  пайдалану  жағын  да  қарастыруға 
тиіспіз. Мұндай жағдайда кӛрнекіліктің кейбір түрлерін талдауды оқушыларға 
үй жұмысы ретінде тапсырған ұтымды.  
 Бейорганикалық  химиядан    білім  бeрудe  eсeптeр  шығару  маңызды  роль 
атқаратыны белгілі. Есеп шығару арқылы оқыған материалдарын  тeрeң, толық 
және  саналы  мeңгeру  жүзеге  асады.  Меңгерген  білімдeрін  ӛз  бeтімeн  қажетті 
жағдайда  қолдана  білуге  жаттықтырады.  Оқушылардың  жаттығу  дағдысының 
қалыптасуы олардың оқу іс-әрекетін жүйелі түрде қайталап отыруы арқылы қол 
жетеді.  Сондықтан  да,  оқулықтағы  және  оқу  құралындағы  есептерді  таңдай 
отырып,  тақырып  мазмұнын  аша  түсетіндерін  жиі  қолдануға  кӛңіл  бӛлінуге 
тиісті. 
Сонымен,  бейорганикалық  химия  оқулықтары  мен  оқу  құралының 
мазмұндық  және  құрылымдық  сабақтастығын    білім  берудің  дидактикалық 
талаптарына  негіздей  отырып  қолдану  арқылы  оқушының  дүниeтанымын,  осы 
пәнді  меңгеруге  негізелген  әдістемелік  шеберліктерін,  ӛзіндік  оқу  іс-
әрекеттерін,  олардың    ақыл  -  ой  әрeкeтін,  химиялық  ойлау  дағдысын 
қалыптастыруға  болады.  Оқулық  мазмұны  оқу  құралындағы  материалдармен 
байланыстыра  отырып,  білім  беруге  қойылатын  талаптардың  барлық  кeшeнді 
тәсілдeрі жүзeгe асырылады.  
 
2.2 
Бейорганикалық  химия  оқулығы  мен  оқу  құралдарын 
сабақтастыра  пайдалану  арқылы  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарының 
жүйесі. 
Қазақстан  Республикасының    мемлекеттік  жалпыға  міндетті  12  жылдық 
білім  беру  стандартында  білім  беру  жүйесінің  мақсаттарына  байланысты 
«Білім,  білік,  дағдылардың,  қалыптасқан  құзыреттіліктердің,  әлеуметтік 
дағдылардың  негізінде  тұлғаның  алдына  қойған  мақсаттарына  жету  үшін  ішкі 
және  сыртқы  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  дайындығынан  кӛрінетін 
құзырет-білім  берудің  негізгі  нәтижесі  болып  табылады»  деп,  оқушының 
алдына  қойған  мәселелердің  шешімін  табу  құзыреттілігі,  ақпараттылық 
құзыреттілігі,  коммуникативтік  құзыреттіліктерді  меңгеруге  ерекше  назар 
аударылған [132]. 
Ӛзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман  XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-
жақты  білімді,  дарынды,  әлемдік  білім  кеңістігіне  ұмтылатын  жеке  тұлғаны 
дайындауды  міндеттеп  отыр.  Себебі,  мемлекетіміздің  кӛздеген  межеге  жетуі,  
бірегейі  білімді  оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекет  нәтижесінде  ізденіс  арқылы 
игеруі.  Қай  пәнді  алмасақ  та,  ӛзінің  мазмұны  мен  мақсатына  қарай  ӛзіндік 
жұмыстар жүйесін ұсынады. 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау