Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет39/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46

84 
 
2-орта  деңгей.  Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  түсінеді.  Оған  жауап  беруге 
тырысады.  Бірақ,  ойын  тұжырымдап  айта  алмайды.  Химиялық  тілді қолдануы 
тӛмен.  Теориялық  білімдерін  кез  келген  жағдайда  пайдалануға  дайын  емес. 
Мұндай  оқушылар  екі  сыныпта  да,  оқушылардың  80  пайызынан  артығын 
құрады. 
3-төмен  деңгей.  Ойын  қорытып  айта  алмайды  және  оны  дәлелдеулері 
тӛмен.  Химиялық  тілді  қолдана  алмайды.  Жергілікті  материалдармен 
теориялық 
ойды 
байланыстыруды 
мүлде 
меңгермеген.Теориялық 
дайындықтары  нашар.  Мұндай  оқушылар  эксперименттік  сыныпта  5,  ал 
бақылау  сыныбында  7  оқушы  болды.  Мұндай  жағдай  жаратылыстану 
ғылымдарының    негізгілерінің  бірі  болып  есептелетін  бейорганикалық  химия 
пәнінің  оқытылуында,  яғни  онан  оқушыларға  білім  беруде  кетіп  отырған 
кемшіліктердің бар екенін кӛрсетеді. 
Жоғарыда  кӛрсетілген  әдістерді  қолданудың  нәтижесінде  анықтау 
эксперименті бойынша  мынандай қортындыға келдік: 
- бейорганикалық  химия  пәнін  негізінен  сӛздік  әдістерді  қолдану  арқылы 
оқытылған; 
- оқушылар  пән  мәтіндерін  игеру  кезінде  тәжірибе,  эксперимент  жасап 
жаттықпаған; 
- оқулықты  оқу  құралдарымен  байланыстырып,  оқушылардың  теориялық 
білімін  тереңдету,  практикалық  іскерліктерін  жаттықтыру  жағы  қарастырыл-  
маған; 
- бейорганикалық  химия  пәнін  басқа  жаратылыстану  пәндерімен  кіріктіре 
оқыту мәселесі ескерілмеген;  
- оқулықты 
пайдалану 
барысында 
ӛзіндік 
жұмыс 
түрлері 
ұйымдастырылмаған. 
 Егер,  оқулықтағы  материалдарды  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстары 
арқылы  олардың  ізденушілігіне  негіздей  отырып  меңгерілген  болса, 
оқушылардың саналылығы артқан болар еді. 
Осындай 
кемшіліктерді 
байқағаннан 
кейін, 
эксперименттің 
қалыптастырушыбӛліміне  кӛшуге  тура  келді.  Ол  үшін  алдымен,  мұғаліммен 
кеңесе  отырып,  қалыптастыру  экспериментіне  дайындық  басталды.  
Қалыптастыру эксперименті кезінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, 
оқулық  пен  оқу  құралын  материалдарын  байланыстыру  арқылы  сабақ 
жоспарлары  жасалды.  Оқу  материалдарын  оқушылардың  саналы  меңгеруіне 
жағдай  жасау  мақсатымен,  әрбір  мәтін  мазмұны  оқу  құралындағы  қосымша 
материалдармен,  түрлі  тапсырмалар  мен  есептерді  және  тәжірибе  жасау 
жолымен байланыстырылды. 
Ӛзіндік  жұмыс  түрлерінің    сан  алуан  екенін  ескере  отырып,  сабақ  жос- 
парын  жасағанда  оның  мәтін  мазмұнын  аша  түсуге  және  оқушылардың  ойда 
сақтау  үдерісіне  кӛмек  ететін  жағына  кӛңіл  бӛлуге  тырыстық.  Ӛзіндік  жұмыс 
түрлерін  оның  мазмұны  мен    сабақ  мақсатына  қарай  топтастырып  отырдық. 
Мұның бірінші тобына жататындар: 
 


85 
 
а)  жаңа  білімді  меңгеру,  яғни  жаңа  тақырыпты    жан  –  жақты  талдауға 
кӛмек- тесетін ӛзіндік жұмыс түрлері. 
ә) жаңа білімді бекіту, түрлі жаттығулар, оқулықпен жұмыс, практикалық 
жұмыс, тәжірибе, баяндамалар, тест жұмысын орындау. 
б)  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетнң  дамытуға,  ізденушілігін 
қалыптастыруға жетелейтін ӛзіндік жұмыстар  түрлері. 
 
Кесте    3–Анықтау  эксперименті  кезіндегі  оқушылардың  білім  деңгейінің 
кӛрсеткіші 
 
р/с 
Деңгейлер 
Эксперимент тобы  Бақылау тобы 
1. 
Жоғары 
21,8 
9,09 
2. 
Орта 
62,5 
69,6 
3. 
Тӛмен 
15,6 
21,2 
4. 
Оқушы саны 
32 
33 
 
 
Сурет  5 –Анықтаушы эксперимент қорытындысы 
 
Мұндай  жаттығуларда  оқушылардың  ӛздігінен  орындаған  жұмыстарын 
ӛздері  қортындылап  талдай  алады.  Себебі,  оқулықпен  жұмыс  кезінде  олармен  
алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі.  Оқушылардың алған білімдерін 
бекітуді  кӛздеу  барысында  олардың    тұтас  тәжірбиелік  жұмыстар  орындап, 
соны қортындылау арқылы білімді тұжырымдауы мүмкін. 
Қалыптастырушы  эксперимент    кезінде    оқушылардың  ӛзіндік  жұмысқа 
белсенділігін  арттыру  үшін  жаңа  технологияларды  қолдану  тұстарына  кӛп 
кӛңіл  бӛлінді.  Әсіресе,  оқушының    жеке  қасиеттері,  икемдігі,  білім  деңгейі  
ескеріліп,  жекелей,  жұппен,  топпен  және    саралап,  деңгейлеп  оқыту  әдісі  
пайдаланылды.  Оқушылардың  мүмкіндігін  ескеру  арқылы  кейбір  ӛзіндік 
жұмыстарды  орындаушыларға  нақты  түсіндіріп  отыру  керек  болса,  олардың 
кейбіріне  тапсырманы  беріп,  онан  әрі  ӛзінің  шешімімен  жұмыс  істеу 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
21,8
9,09
62,5
69,6
15,6
21,2
тӛмен
орта
жоғары


86 
 
тапсырылады.  Топпен  жұмыста  да  сол  сияқты,  кейбір  топ  мүшелеріне 
орындаудың  жоспары  айтып  түсіндірілсе,  кейбір  топ  оқушылары  ӛздіктерінен 
жоспар  құрып  орындай  алады.  Бірақ,  қалай  болғанда  да,  оқушыларға 
орындататын тапсырмалар олардың шамалары келетіндей деңгейде болу  жағы 
қарастырылды.  Бұл  айтып  отырғанымыз  қазіргі  таңда  білімді  жеке  тұлғаға 
бағыттауды кӛздеуді талап ететінін естен шығармай, білімді деңгейлей отырып 
беруді ойластыруға тиіспіз.Бұл білім беруде деңгейлеп оқыту технологиясының  
кеңінен қолданылуын кӛздеуді керек етеді. 
Жоғарыда  кӛрсетілгендей
,  жаңа  білімді  меңгеру,  яғни  жаңа  тақырыпты  
жан-жақты  талдауға  кӛмектесетін  ӛзіндік  жұмыс  түрлерін  айқындауда  ең 
алдымен  оқулықпен  орындалатын  ӛзіндік  жұмыстарға  кӛңіл  бӛлдік.  Себебі, 
негізгі  ғылыми  ұғымдарды,  химиялық  заңдылықтарды,  химия  тілін  оқушылар 
мәтін мазмұнынан меңгеретіні анық [141].  
Оқушылардың  ӛздігінен  білім  негізін  меңгеруде    оқулық  бойынша  
орындалатын  ӛзіндік  жұмыстардың  мәні  жоғары.  Білім  беруде  жаңа 
технологияларды  қолданудың  маңыздылығы  артып  тұрған  шағында  
оқушыларды оқулықпен және басқа білім кӛздерімен белсенді жұмыс жүргізуге 
үйрету  үшін    оқулықпен  жұмыс  жасау  дағдыларын  қалыптастырудың  аса 
қажеттігі туындайды. Оқушылардың  ғылым негізін, ғылыми тілді меңгеруінде 
де  оқулық    мәтінінің  мәні    үлкен.  Мәтін  –  материал  мазмұнын  айқындайтын 
құрал, оқу, білім беру  ақпаратының басты кӛзі. Ең негізгі және оқушылардың 
міндетті  түрде  меңгеруіне   тиісті ұғымдар  мен  түсініктер, заңдар, ілімдер мен 
анықтамалар  осы  мәтін  арқылы  беріледі.  Сонымен  қатар,  пәнге  байланысты  
ғылым  саласындағы  жетекші  идея  мен  болашақ  бағыттарды  да  мәтін  ашып 
кӛрсетеді.  Мәтін мазмұнын саналы меңгерген  оқушының  жүйелі  ойы, ойлау 
және  шығармашылық дағдысы қалыптасады[141, 142]. 
Сондықтан да, сабақ барысында оқулықтағы материалдарды бірден оқып, 
оның  мазмұнын  қайталап  айтуға  тырыспай-ақ,  ӛзіндік  іс-әрекет  арқылы  қалай 
саналы меңгертуге болатын жағын да есте ұстауға тырыстық. Сонымен қатар, 
оқулықтағы  әрбір  мәтіннің  мазмұнын  оқу  құралындағы  материалдармен 
байланыстыра  отырып  беру  кӛзделді.Мұндай  жағдайда,  мұғалімнің  уақытты 
үнемдеу, сабақтың қызығушылық тұстарын кӛтеру, оқушылардың оқу әрекетін 
тиімді ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін тудыру жағына кӛңіл бӛле 
отырып, оқулықпен жұмысты түрлендіруге тура келді. 
Бейорганикалық  химия  оқулығының    мәтіндері    арқылы  сабақ  үстінде 
оқушылардың әр түрлі ӛзіндік жұмыстар орындатуға тура келді. Солардың бірі- 
мәтінді оқып, мазмұнын түсіну, оны қайталап айтудың жоспарын құру. Жоспар 
құру оқушылардың пән бойынша жүйелі түрде білім алуына мүмкіндік береді.  
Мәтін бойынша сӛздік  жұмыс жасау.  Мұнда мәтінде кездескен жаңа сӛздерді, 
химиялық  атауларды  (су,  оттек,  кӛмірқышқыл  газы,  азот,  сутек,  күкірт  және 
т.б.) талдап түсіну. Мәтіндегі негізгі ойды кӛрсете білу. Тақырыптың соңында 
берілген  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындау.  Мәтін  бойынша    конспект, 
тезистер құрастыру, мәтінді рефераттау. Оқулық мәтінімен жүргізілетін ӛзіндік 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау