Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет31/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48

65 
 
байланыстыра  пайдалану  нәтижесінде:  оқушының  дербестігі,  біліктілік, 
іскерлік дағдылары дамиды. Сонымен қатар оқушылар білім алу барысында әр 
түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға үйренеді, алған білімдерін қоршаған ортамен 
кунделікті  өмірмен  байланыстырады,  пәнаралық  кіріктіру  жүзеге  асады. 
Сондықтан  оқу  құралын  жаңа  технология  негізінде  құрастыру  арқылы 
оқушылардың  ізденімпаздығын,  озіндік  іс-әрекеттерін  қалыптастыруға 
мүмкіндік туады [128,129]. 
Оқулықпен  жұмыс  істеу  барысында    оқушылар  алдымен  мәтіннің  алға 
қойған  мақсатын  түсінуге  тиісті.  Сонда  ғана  олар  мәтіннің  ең  түйінді 
мәселесіне  баса  көңіл  бөледі.  Мазмұнды  жай  оқымай,  керекті  нысанды 
дәлелдеуге  тырысып,  бұрын  меңгерген  ұғымдарымен  мәтін  мазмұнын 
байланыстыруға  тырысады.  Оқулықпен  жұмыс  істеу  арқылы  оқушы  ғылыми 
тілді,  атаулар  мен  терминдерді  меңгереді.  Оқулықтағы  мәтін  мазмұнын 
тәжірибелік  жұмыстармен  байланыстыру  барысында  онда  берілген  ғылыми 
материалдардың ғылыми шындыққа нақты деректерге негізделгендігіне көздері 
жетеді.  Біздің  міндетіміз  қазіргі  мектеп  жағдайында  пайдаланылып  жүрген 
оқулықтар 
мен 
оқу 
құралын 
байланыстыра 
отырып 
оқушыларға 
бейорганикалық    химиядан  білім  беруде  олардың  өзіндік  жұмыстарын 
ұйымдастырудың  жолдары  мен  әдістерін  ұсыну.  Бірақ,  қазіргі  таңда 
оқушыларға оқулықпeн жұмыс істeту  дағдыларын қалыптастыру көп ізденуді 
керек  етеді.  Себебі,  күнделікті  неше  түрлі  ақпараттардан  хабардар  оқушылар, 
сол  есітіп,  көргендеріне  көп  еліктейді.  Оқулықтағы  мәтінді  оқытпас  бұрын 
оның  қандай  мәселеге  арналғандығы,  бұл  мәтінді  оқып  меңгеру  арқылы    нені 
шешуге  болатындығын  айтып,  оқушылардың  зейінін  аудару  жағы 
қарастырылады. 
Қазіргі  кeздe  интeрактивті  жаңа  оқыту  құралдары  пайда  болуда.  Бұлар 
арқылы  әр  оқушы  жeкe  жұмыс  атқарады.  Бірақ,  бұл  да  көп  жағдайда  тиімді 
бола бермейді. Себебі, бұл құралмен жұмыс істеуге барлық оқушының бірдей 
мүмкіндігі келеді деу қиын. 
Оқулықпeн  жұмыс  істeу  барысында  міндетті  түрде  бұл  мәселенің  оқу 
құралымен  байланыстылығын  естен  шығармауға  тиіспіз.  Себебі,  сабақ 
барысында  оқушылар  негізгі  ғылыми  ақпаратты  оқулықтан  алса,  оны 
толықтыратын, білімді тереңдетуге көмектесетін оқу құралындағы материалдар 
болып табылады. Оқу құралдарының пайдасы сабақ барысында мұғалім басқа 
жақтан  қосымша  материал  іздеп  жатпай,  дайын  материалды  пайдалана  алады. 
Ал,  оқушылар  болса,  сол  материалдар  арқылы  өзіндік  жұмыстар  орындауға 
мүмкіндік  алады.  Оқушылардың  химия  пәнінен  атқаратын,  яғни  орындайтын 
өзіндік жұмыстарының арнайы фомасы, соған сай әдістері бар. 
Бейорганикалық химиядан өзіндік жұмыс ұйымдастыру формалары: сабақ 
барысындағы  өзіндік  жұмыс  түрлері;  сабақтан  тыс  орындалатын  өзіндік 
жұмыстар;  топ  саяхаттар  кезіндегі  өзіндік  жұмыстар  болып  бөлінеді. 
Осылардың  әрқайсысында  атқаратын өзіндік жұмыс  түрлері  әртүрлі  мазмұнда 
болады. 


66 
 
Мәселен,  бейорганикалық  химияның  алғашқы  сабақтарының  бірі  -  таза 
заттар  және  қоспалар  жайында  ұғым  беру.  Мұндағы  ең  басты  мақсат  заттар 
және  денелер  деген  ұғым  беру,  барлық  дененің  заттардан  тұратынын    және 
олардың  қасиетінің  оның  құрылысына  тәуелділігін,  затты  қолданудың  оның 
қасиетіне  байланыстылығын  ашып  көрсету  арқылы  оқушыларда  химиялық 
заңдылықтарды ұғындыру. Заттардың химиялық және физикалық қасиеттерінің 
бір-бірінен  айырмашылығын  түсіндіру  арқылы  оқушыларға  практикалық 
жұмыстар  орындату.  Міне,  бұл  бір  сабақ  үстінде  өте  күрделі  мәселелерді 
шешудің  керектігін  және  оны  оқушыларға  саналы  меңгерте  отырып, 
келешектегі  бейорганикалық  химия  пәнінде  берілетін  жүйелі  білімнің 
бастамасы  ретінде  негізделіп,  ойда  сақталуын  қамтамасыз  етуді  қарастырады. 
Себебі,  бейорганикалық  химиядан  берілетін  білім  мазмұны  осы  мәселелермен 
тығыз  байланыста  әрі  қарай  өрбитінін  естен  шығармауға  тиіспіз.  Алғашқы 
сабақтарда  оқулықтың  құрылымымeн  қалай  жұмыс  істeу  кeрeктігімeн  алдын 
ала  таныстырылады.  Әрі  қарай  әр  түрлі  басымдық  болу  сeбeбін, 
иллюстрацияларды  мәтінмeн  қалай  байланыстыруға  болатындығы  нақты 
мысалмeн  көрсeтілeді.  Оқулықпeн  өзіндік  жұмыс  істeу  алдын  ала  жоспар 
құрудан басталады. 
Кейбір    тақырыптар  бойынша  ұйымдастырылатын  өзіндік  жұмыс 
түрлеріне тоқталайық. 
Сабақтың тақырыбы: «Таза заттар және қоспалар» 
Сабақтың  мақсаты:  Білімдік:  Таза  зат  және  қоспа  туралы  ғылыми  ұғым 
беру, таза заттар мен қоспалардың айырмашылығын түсіндіру. Бұлардың басты 
қасиеттерін  ажырата  білуге  жаттықтыру.  Заттарды  қоспадан  тазарту 
әдістерімен таныстыру. 
Тәрбиелік:  заттар  мен  қоспаларды  айыра  біліп,  олардың  тұрмыстағы 
маңызын  түсіндіре  отырып,  Отанымызда  халық  шаруашылығының  дамуына 
тигізетін  пайдасын  ұғындыру  арқылы  өз  жерінің  байлығын  бағалауға,  оны 
сақтауға тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу. 
Дамытушылық:  Таза  заттар  мен  қоспалар  туралы  ақпараттар  жинауға, 
қазіргі  таңда  дамып  жатқан  өндіріс  орындарының  шаруашылық  мәнін  біліп, 
ондағы химиялық заттардың алатын орынын түсіне отырып, зерттеушілік, жоба 
жасау жұмыстарына жұмылдыру. 
Сабаққа  керекті  құралдар:  әртүрлі  заттар  (таза  және  синтетикалық), 
қоспалар.  Заттардың  физикалық  қасиетін  бейнелейтін  сызба.Түрлі  заттардан 
жасалған денелер. 
Сабақта  қолданылатын  әдістер:  сөздік  әдіс  (оқулықпен  жұмыс, 
әңгімелесу,  талдау,  салыстыру,  қортындылау  т.б.)  бақылау;  тәжірибе  жасау; 
көрнекіліктермен жұмыс. 
Сабақтың барысы:  
1. Кіріспе: 
Қазіргі  сабақтарға  қойылатын  дидактикалық  талаптардың  ең  бастысы, 
олардың  материалды  өздігінен  ізденушілікпен  саналы  меңгеруі.  Меңгеретін 
білімді  өмірмен,  қоршаған  ортамен  байланыстыруға  бағыттау.  Мұндай 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау