70
- оқушыларды білімді қабылдауға дайындау яғни, сабақты олардың алдына
мәселе қоюдан бастау;
- жаңа білімді қабылдауға кірісу (өзіндік жұмыстарды орындау кезеңі);
- жаңа білімді қорытындылау;
- жаңа білімді қолдану, яғни жаттығулар, тәжірибелер орындау;
- жаңа білімді меңгеру нәтижесін тексеру.
Міне, жоғарыда көрсетілген сабақтың бөлімдерінің бәрі мұғалімнің
нұсқауы арқылы оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге
асатыны белгілі. Әрине, кез келген өзіндік жұмыстарды оқушылардың дұрыс
орындауы үшін бірнеше талаптар қойылады. Олар:
- мұғалімнің берілетін білімнің мақсатын толық түсіндіруі;
- оқушылардың өзіндік
жұмысқа деген ынтасының болуы;
- оқушылардың өзіндік жұмыс орындауға
жаттығуының болуы;
- білімді қорыту кезінде оқушылардың еңбегін әділетті бағалап,
жетістіктерін айтып отыру;
- орташа
оқитын оқушыларды өзіндік іс-әрекет кезінде жақсы
оқитындармен жұптық-топтық жұмыстарға тарту. Өзіндік жұмыстар түріне
бүкіл оқушылардың орындай алатын жұмыстары: химиялық диктант,
тәжірибелер мен эксперименттер, ауызша, жазбаша сандық және сапалық
есептер шығару бәрі жатады.
Оқушыларға оқулық пен оқу құралдарындағы көрнекіліктер бойынша да
өіндік жұмыстарды орындатуға болады. Бейорганикалык химия пәні бойынша
көрнекіліктер материалдарының мазмұнын аша алатын болса, онымен
жұмысты бірден сабақтың басынан-ақ ұйымдастырылады. Ал, көрнекілік
мазмұнды материалды тек толықтыратын жағдайда, оны сабақтың орта
немесе, қорытынды бөлімінде пайдалану тиімді. Өйткені, көрнекіліктер мен
сабақ мазмұны бір-бірімен тығыз байланысып, сабақтасып жатады.
Көрнекіліктер мен оқытушының атқаратын жұмысы берілетін білімнің
мазмұнымен үндесіп отырады. Сонымен, бейорганикалық химия пәнін
оқытуды осындай өзіндік жұмыс формаларын ұйымдастыруды жетілдіру
арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Мәселен, оқулықта «Заттардың агрегаттық күйі» тақырыбы бойынша 33-
бетте сызбанұсқа беріліген. Бұл көрнекіліктің жақсылығы заттардың әртүрлі
күйінің жылу сіңіргендегі, жылу бөлінгендегі қандай күйге
ұшырайтыны жақсы
көрсетілген. Бірақ, бұл көрнекілікпен жұмысты тақырыпты қорытындылау
кезінде ғана пайдалана аламыз. Себебі, бұған дейін оқушылар алдымен
заттардың агрегаттық күйлері туралы түсініп алуы керек.
Сондықтан, бұл көрнекілікпен жұмыс барысында мұғалімнің тапсыруы
бойынша сызбанұсқаға қарап, заттардың агрегаттық күйінің жылуға
байланысты өзгерісін түсініп, оның мәнін дәптерлеріне жазбаша жазады. Бұл
арқылы оқушылар мәтін бойынша алған ұғымын тұжырымдайды. Осы
тақырып бойынша өзіндік жұмыс ұйымдастыруға мол мүмкіндік беретін
«Біліміңді тексер» бөліміндегі сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл мәселелерді
шешуді сабақ барысында қамту үшін оқушыларды топқа бөліп, әр топқа жеке-