2.Үй іші мен бала тәрбиелеу.
4.Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.
|
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғының» жеті заң мен жеті жарлықтан тұрған. Жеті жарғысына тоқталсақ:
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жекеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді»
«Жеті Жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш болып табылады. «Жеті Жарғыға» сәйкес қанға-қан, жанға-жан қағидасы заңдастырылды. Адам өлтіруші өлім жазасына кесілді. Кей жағдайда, мәселен, өлген адамның жақындары кешірім жасаған жағдайда айыпталушы құн төлеу арқылы өлім жазасынан құтыла алды. Құнның көлемі екі жақтың әлеуметтік шығу тегіне байланысты болды. Қарапайым шаруаның құны бір мың бас қой тұрса, сұлтанның құны жеті мың бас қойға бағаланды. Осыдан-ақ «Жеті Жарғының» қазақ үстем табының мүддесін қорғаған заң екенін анық көреміз. Заңның негізгі баптарының мазмұнынан үзінділер келтіре кетсек, олар төмендегідей:
- қанға қан алу (біреудің кісісі өлтірілсе) немесе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
-Егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі, ал ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
-Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
-Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
-өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді.
-әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;
-әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
-құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
-ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының қолына беріледі;
Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» баптары сол заманның талаптарына сай келді. Ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды.
Достарыңызбен бөлісу: |