Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Тыныштық сәті



жүктеу 51,04 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі51,04 Kb.
#12842
түріСабақ

Күн шуағым - отбасым

Сабақтың мақсаты: Отбасын, ата - анасын, туғандарын бағалай білуге, отбасы беріктігі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсінік. Міндеттері: Отбасының адам үшін маңыздығын жан - жақты ашу: Отбасылары мен туғандарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту: Отбасында бір - біріне деген мейірімділікке, қамқорлық жасап, кешірім жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Ынғайланып отырып, денемізді түзу ұстаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келді. Балғын және таза әсемгүл сіздің әр ойыңызды, тілектеріңізді ойлап, жүоегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп қолдарыңызға тарай бастайды. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді, жәнебаршаңызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсы жерлерге апарады. олар нұрмен махаббат құралына айналады. Одан әрі сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағытаңыз, құлақтарымыз теқ жақсы сөз бен әсем әуені ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен жақсыдықты ғана көреді юөленіп, басыңызға тек ізгі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды сіздің денеңізден шынып, жана - жаңыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануаоларға, барлықтірі жанға таралсын. Ғаламның түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңйз. Ойша айтамыз "Мен Нұрмын. Нұр менің ішімде" Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыныз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашамыз. Әңгімелеу мұғалім сыйы " Отбасы татулығы " Ертеде бір отбасы өмір сүріпті қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал, деген аты мен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы әңгіме патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеніңің ақ - қарасын аңықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап - таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. сыйластығы жарасқан бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет "сүйіспеншілік", жүз рет " кешірім ", деген сөздерді қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

- Осы - ақ па?

- Иә, - деді ақсақал, - Барлық жақсы отбасылар тек қасиеттерден құралады, - дедді де, сәл ойланып, - "және шыдамдылық" деген сөзді қосып қой.

Сұрақтар: 1) Өсиет әңгіменің мәні неде ? 2) Отбасы татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер? 3) Өз отбасыларыңызда осындай қасиеттер бар ма ?

Тыныштық сәті

Ал қазір көзімізді жұмып, көз алдымызға таза әрі жайлы ауланы едестетеміз. Әдемі етіп салынған жол бізді бір үлкен үйге апарады. Баяу жүріп отырып үй иесінің бар ықыласымен отырғызған гүлдеріне көз тастаймыз міне үйге де келдік, баспалдақпен үйге енеміз. Үй ішінен жаңа піскен нан мен хош иісті шайдың иісі келіп тұр.

- Сендерге бұл үй ұнады ма?

- Ұнаса онда осы үйдегі жылылықты молайту үшін отын сала отырып, маздатта түсейік, ол үшін отындардың артындағы сұрақтарға жауап беру керек.

1) Отбасында сен қандай шаруаларды істейсің?

2) Отбасында ас пісіру, кір жуу тек әйел адамының жұмысы дегенге келісесің бе?

3) Дүкенге кім бару керек деп ойлайсың?

Отбасы деген атауда жаныңдағы оттың да үлкен маңызы бар екенің сеземіз. Сондықтан оттың басы ошақтың түтіні түзу болсын деп қолымыздағы жалындарды іліп қоялық.

Кей сәтте шаңырақтың үстінде бұлт төнетін сәттер болатынын білеміз. Оған сіздердің қандай іс - әрекеттерің себеп болып, тұрады деп ойлайсындар? Ал қане бұлтты қуып жіберейік (үйдің үстін де тұрған бұлттарды ала отырып жазуды оқиды: жалқаулық, қатандық, өтірік айту, мақтаншақтық )

Шаңырағымыз жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағыуымыз керек қой. Олай болса шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беріп, үйімізді нұрға бөлейік.

1) Отбасы тәрбиесіне ата - анаңың көп көңіл бөледі?

2) Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?

3) Ата - анаңмен сырыңды бөлісесің бе?

4) Ата - анаң сені калай еркелетеді?

Дәйексөз * Шаңырақ сәні - сыйластық * 2 - рет қайталап, түсініктерін тыңдау. Ойын: *пошташы жүрдек поезд* Шығармашылық жұмыс (топен)

Балалардың алдында бақыт бақыт үйіне лайық етіп алынған сары түстен қиылып жасалған кірпіштер жатыр. Балалар кірпіштен "Бақыт" үйін жасау тапсырылады. Осы кірпіштерден үйдің қабырғаларын көтереміз, себебі үйдің қабырғасы біздің қорғаныныз шаңырағын көтеру үшін оқып кеткен өсиетке қайта ораламыз да;

- Жанұяда татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер керек? Махаббат, кешірім, сабырлық, бірлік. Осы сөздер жазылған қағаздан үйдің шаңырығын көтереміз. Жанұя маған не береді? Ойланып көрейік, отбасы бізге не үшін керек? Қағаздан қиып жасаған гүлдердің артында * отбасыма ризашылығым* деген ойларын жазу арқылы өздері жасаған үйдің жанын безендіреді. Міне, балалар, сіздермен сыйластыққа толы, сүйіспеншідігі мол *Бақытты отбасы* шаңырағын жасадық, шаңырақ та көңілді де, қызықты өмір сүру өзімізден қолымызда екен.

Топпен ән айту.

Үйге тапсырма. Соңғы тыныштық сәті. Баяу ән қойылады.

Еркін жайғасып отырып, бүгінгі өткен сабағымыздан нені алдық, нені үйрендік, қандай жақсы нәрселерді алғанымызды еске алып, ойланайық, осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабағымыз үшін сіздерге рақмет. Сабақ аяқталады сау болыңыздар.

Отқа түстің, суға түстің мен үшін

Енді міне бағың берді жемісің

Бала қыран шыңға шықса бұл күні

Анашымды отырғызып жаныңа

Той берейін салып алақанына

Бұл өмірде әкелердің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына.
жүктеу 51,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау