Ііі нұсқа 1-билет


-билет 1. Қаңлылар туралы ежелгі жазба деректер



жүктеу 1,54 Mb.
бет65/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

28-билет 1. Қаңлылар туралы ежелгі жазба деректер.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген. 
Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады. 
Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі - Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр. 
Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен. 
Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр. 
Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады. 
Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қонысынан б.з.1мыңжылдығының алғашқы жартысына жататын қала орны табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады. 
Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған. 
Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған. 
Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған. 
Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жылдан астам бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар - б.з.5 ғасыры аралығында өмір сүрген. 
Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған 
Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген. 
Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы ) болған деп көрсетілген. 
Б.з.б.6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.
2. 1867-1868 жж. реформаларға қарсы қазақ даласындағы көтерілістер.( Орал,Торғай, Маңғыстау)1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.
Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.
Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.
Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.
Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.
Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.
Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтар арасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты.
Казақстанның оңтүстігінің Ресейге түпкілікті қосылуы 1867—1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» жасалуына тікелей байланысты. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта түскендігінің көрінісі. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысы қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдамады.
Көтерілістің басталуы
Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.
Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті.
«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.
Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.
1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды.
Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.
3. 1916 жылғы көтеріліс барысында құрылған ұлттық билік құрылымын кесте бойынша толтырыңыз.


жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау