Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум


«ПЕДАГОГИКА» ПӘНІ БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ



жүктеу 0,97 Mb.
бет31/62
Дата16.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#42615
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы

«ПЕДАГОГИКА» ПӘНІ БОЙЫНША РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

1. Қазіргі әлеуметтік жағдайлардағы мектеп жұмысын жаңарту жолдары.


2. Білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру.
3. Тұлғаның даму ерекшеліктері.
4. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.
5. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары мен әдістері.
6. Оқушылардың азаматтық тәрбиесін қалыптастыру.
7. Мектеп және дін: бүгінгі кезеңдегі өзара байланыстары.
8. Бүгінгі мектептегі адамгершілік тәрбиенің әдістері.
9. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі: проблемалары және шешу жолдары.
10. Оқушылард педагогикалық мамандыққа қызығушылықтарын қалыптастыру.
11. Бүгінгі таңда мектептегі кәсіби бағдарлау жұмыстарының ерекшеліктері.
12. Оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыру.
13. Қазіргі таңдағы оқушылар тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.
14. Жаңа педагогикалық технологиялар.
15. Лицей мен гимназиялардың жұмыстарының ерекшеліктері.
16. «Балалар құқықтары жөнінде» БҰҰ Конвенциясының Қазақстанда іске асырылуы.
17. Дарынды балалар: проблемалар және шешу жолдары.
18. Мектепте оқушылардың шығармашылық қабілетіліктерін дамыту.
19. Дарындылықтың әр түрлі типтері және оларды мектепте дамыту жағдайлары.
20. Бұқаралық ақпарат құралдары және олардың бала тәрбиесінде ролі.
21. Тұлғаның құндылық бағдарлары тәрбиенің міндеті ретінде.
22. Бала тәрбиесінде халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдану.
23. Отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орны.
24. Қазіргі таңдағы балалар ұйымдары.
25. Мұғалімге қойылатын талаптар.


ПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПЫРМАЛАРЫ

1 Педагогика алғашында мына ғылым саласында дамыды:


A) Психология
B) Философия
C) Эстетика
D) Этика
E) Антропология
2 Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:
A) Олигофрениопедагогика
B) Әлеуметтік педагогика
C) Этнопедагогика
D) Салыстырмалы педагогика
E) Валеология
3 Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы:
A) Мектеп педагогикасы
B) педагогика тарихы
C) Салыстырмалы педагогика
D) Логопедия
E) Этнопедагогика
4 Дүниетаным:
A) Адамдар қарым-қатынасын түсіну
B) Басқа адамды түсіне білу тәсілі.
C) Өзіндік позициясын түсіну
D) адам санасының ерекше айрықша формасы
E) Шындықты ұғыну
5 Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы – бұл:
A) Дамыту
B) Тану
C) Тәрбиелеу
D) Білім беру
E) Оқу
6 Оқытуды ұйымдастырудың формасына жатпайды:
A) Сабақ.
B) Экскурсия.
C) Семинар сабағы
D) Факультативтік сабақ
E) Бақылау
7 Сауал-сұрақ әдісі:
A) Эксперттік бағалар беру
B) Мектеп құжаттарын тексеру
C) Теориялық талдау
D) Сауалнама жүргізу
E) Бақылау
8 Сана мен өзіндік сана иесі, өзбетінше түрлендіруші іс-әрекетке қабілетті даму деңгейіндегі субъект – бұл:
A) Индивид
B) Тұлға
C) Адам
D) Дамудың қозғаушы күші
E) Әлеуметтік даму
9 Дидактикалық тест:
A) Оқыту материалы бойынша сұрақтар жиынтығы
B) Оқу әдісі
C) Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтайтын стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы
D) Іскерліктері мен дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын жазбаша жұмыстар
E)Білімді бақылау процесі
10 Мектеп кеңесі:
A) Оқушылардың қоғамдық органы
B) Мүшелерін директор тағайындайтын жеке басқару органы
C) Жоғары басқару субъектісі тағайындайтын орган
D) Коллегиалдық басқару органы
E) Ата-аналардың қоғамдық органы
11 Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне жатпайды:
A) Білім берудің кеңестік сипаты.
B) Әйелдер мен ерлерді жеке түрде оқыту.
C) Үздіксіз білім беру
D) Жалпы орта білім берудің тегіңдігі.
E) Барлық азаматтардың тең құқықтылығы.
12 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламыс қандай мерзімдерге арналған:
A) 2000-2005 ж.ж
B) 2003-2030 ж.ж
C) 2003-2010 ж.ж
D) 2005-2015 ж.ж
E) 2005-2010 ж.ж
13 ҚР-ғы 12-жылдық білім беруге көшу қарастырады:
A) үш деңгейді
B) екі деңгейді
C) бес деңгейді
D) төрт деңгейді
E) бір деңгейді
14 Гипотеза (болжам):
A) Шешуді қажет ететін міндет.
B) Зерттеу құралы.
C) Тексеруді қажет ететін болжам.
D) Зерттеу әдістері.
E) Зерттеу жолдары.
15 Тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту, шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту деп анықталатын педагогикалық үрдіс компоненті:
A) Мазмұн
B) Педагог
C) Мақсат
D) Нәтиже
E) Оқушы
16 Мемлекеттік білім беру стандарты:
A) Жалпы білім беру мазмұны
B) Жыл бойындағы мейлінше мүмкін болатын оқу жүктемесі көлемі
C) Мектеп бітірушілердің жалпы білімділігіне қойылатын талаптардың міндетті деңгейі анықталған құжат
D) Жеке алынған білім беру мекемесінің өзіндік ерекшелігін бейнелейтіи құжат
E) Білім, ғылым және іс-әрекет түрлерінің, үздіксіз білім алудың технологиялары
17 Жіктеу:
A) Тілдерді меңгеру жүйесі
B) Арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе
C) Ұлттық мәдениетті меңгеру жүйесі
D) Қарым-қатынас жүйесі
E) Мұғалімнің профессиограммасы
18 Дидактика:
A) Танымдық процесс заңдылықтары
B) Оқыту процесі құрылымы
C) Оқыту принциптері
D) Оқытудың жалпы теориясы
E) Оқыту әдістері
19 Түсініктерді, фактілерді, теорияларды, заңдылықтарды игеру:
A) Дағды қалыптасуының көрсеткіштері.
B) Тәрбиелілік көрсеткіші.
C) Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының көрсеткіштері.
D) Іскерлік қалыптасуының көрсеткіштері
E) Білім қалыптасуының көрсеткіштері.
20 Мұғалімнің проблеманы қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі:
A) Проблемалық мазмұндау.
B) Репродуктивтік.
C) Ізденіс түрлері.
D) Зерттеушілік әдістері.
E) Түсіндірмелі-иллюстративтік.
21 Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасына жатпайды:
A) Әдістемелік күн.
B) Мектеп кеңесі.
C) Пәндік-әдістемелік бірлестік.
D) Проблемалық семинар.
E) Әдістемелік кеңес.
22 Мектептегі басқару жүйесінің деңгейлері:
A) Ата-аналар, мектеп ұжымы, оқушылар ұжымы.
B) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламалары, сабақ жоспары.
C) Мұғалімдер, көмекші персоналдар.
D) Мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, оқушылар.
E) Бастауыш сыныптар, орта сыныптар, жоғары сыныптар.
23 «Бүкіл сыныппен жұмыс істей отырып, әрбір оқушыны есте ұста»
дидактикалық ережесіне қатысты принцип:
А) Жүйелілік пен реттілік
B) Беріктік
C) Көрнекілік
D) Саналылық пен белсенділік
E) Балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру
24 Психологиялық-педагогикалық диагностика:
A) Балалар ұжымының әлеуметтік психологиялық сипаттамасын және оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.
B) Тұлғаның даму жағдайын зерттеу.
C) Әлеуметтік -психологиялық зерттеулердің нәтижесі,
D) Оқу-тәрбие үрдісін бағалау жүйесі.
Е) Оқушылардың әрекетінің нәтижесін ғылыми өндеу.
25 Тәрбие әдісі:
A) Ересек адамның жеке үлгі көрсетуі
B) Кітап мазмұны
C) Тақырыптық кеш
D) Сынып сағаты
E) Экскурсия
26 Жаттығу, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс:
A) Көрнекілік әдістер.
B) Зерттеу әдістері.
C) Сөздік әдістер
D) Практикалық әдістер.
E) Ауызша әдістер.
27 Мектепте негізгі тәрбиелік функция жүктеледі:
A) Мектеп директорына.
B) Мектеп директоры орынбасарына.
C) Сынып старостасына.
D) Сынып жетекшісіне.
E) Пән мұғаліміне.
28 Оқушылардың жаңа материалды игеруінде қиындықты реттеуші принцип:
A) ғылымилық
B) түсініктілік
C) беріктік
D) белсенділік пен саналылық
E) көрнекілік
29 Тәрбиенің субьективтік факторы:
A) отбасылық қарым-қатынас
B) тұқым қуалаушылық
C) ауа-райы және табиғи факторлар
D) ғылым мен техниканың даму деңгейі
E) бұқаралық-ақпарат құралдары
30 Балаларды қорғаудағы халықаралық құжат:
A) Отбасы кодексі.
B) ЮНЕСКО кұжаттары.
C) БҰҰ-ның балалар құқығы туралы конвенциясы.
D) Білім беру туралы заң.
E) Еңбек туралы кодекс.
31 Ұжымның дамуын 3 сатыға бөлген:
А) Л.И. Новикова
B) К.Д.Ушинский
C) А.С.Макаренко
D) Т.Е. Конникова
Е) Л.Н. Толстой
32 Педагогикалық іс-әрекеттегі еңбек субъектісі:
A) Ата-ана
B) Оқушылар ұжымы
C) Педагогикалық процесс
D) Мұғалім
E) Мектеп әкімшілігі
33 Дидактика категориясы:
A) Оқыту процесі.
B) Тұлға әлеуметтенуі.
C) Тәрбие.
D) Тәрбие мақсаты.
E) Ізгілікті дамыту.
34 Оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелерімен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган:
A) Әдістемелік кеңес.
B) Педагогикалық кеңес.
C) Ата-аналар комитеті.
D) Жас мұғалім мектебі.
E) Мектеп кеңесі.
35 Балаларды қорғаудағы халықаралық құжат:
A) Отбасы кодексі.
B) ЮНЕСКО кұжаттары.
C) БҰҰ-ның балалар құқығы туралы конвенциясы.
D) Білім беру туралы заң.
E) Еңбек туралы кодекс.
36 Ертеден келе жатқан, мәні өзгермеген, тәрбиенің идеал-мақсаты:
A) Тұлғаның жас ерекшеліктерін ескере отырып дамыту, дербестігін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту
B) Жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру
C) Қызығушьшықтарын тәрбиелеу
D) Мырзаны тәрбиелеу
E) Тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту
37 Педагогикалық іс-әрекет мәні:
A) Оқушыларды басқару
B) Әлеуметтік тәжірибені беру, оқушыны дамыту және өмірге дайындау жағдайын жасауды ұйымдастыру
C) Оқушыларға тек білімдер беру
D) Оқушыға әсер ету
E) Әлеуметтік сұранысты орындау
38 Педагогикалық такт:
A) педагогтың балалармен педагогикалық қарым-қатынас кезінде сақтауы тиіс шаралар принципі
B) қоршаған ортамен өзара әсердің белсенділік формасы
C) тәрбиелік әрекеттердің шарасы
D) ересектер мен балалардың езара әрекеті
E) адамның ішкі элемінің сыртқа шығуы
39 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері:
A) Бақылау, әңгіме, эксперимент, сауалнама.
B) Жарыстар, конкурстар.
C) Баламалы жоба.
D) Педагогикалық ағарту.
E) Экскурсия.
40 Дидактика:
A) Танымдық процесс заңдылықтары
B) Оқыту процесі құрылымы
C) Оқыту принциптері
D) Оқытудың жалпы теориясы
E) Оқыту әдістері
41 Я.А. Коменскийдің пікірі бойынша «Дидактиканың алтын ережесі»:
A) Түсініктілік
B) Жүйелілік
C) Сабақтастық
D) Ғылымилық
E) Көрнекілік
42 Тәрбие мақсаты:
A) тұлғаны қалыптастырудың жобаланған нәтижесі
B) оқушыларды оқытудың түрі
C) қоғамды өркениеттендірудің деңгейі
D) мамандық таңдауға дайындау
E) оқушылар үлгерімінің көрсеткіші
43 Танымдық іс-әрекет сипаты негізінде жіктелетін әдістер тобы:
A) Ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және өзіндік бақылау
B) Сөздік, көрнекілік, практикалық
C) Түсіндіру, бекіту, жалпылау
D) Эвристикалық, сөздік, бағдарламалық
E) Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық, эвристикалық, зерттеу
44 Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау:
A) Бақылау әдістері.
B) Бақылау құралдары.
C) Бақылау міндетгері.
D) Бақылау түрлері.
E) Бақылау формалары.
45 Белгілі бір профиль бойынша оқу пәндерін тереңдете оқытуға бағытталған жалпы білім беретін оқу орны:
A) Мектеп.
B) Гимназия.
C) Кешкі мектеп.
D) Лицей.
E) Колледж.
46 Мектепті басқару мен ондағы жұмысты ұйымдастыруды және халықтық
білім берудің мазмұны мен әдістерін зерттеуді мақсат еткен педагогика ғылымының саласы:
A) дидактика
B) тәрбие теориясы
C) оқыту теориясы
D) педагогиканың негіздері
E) мектептану
47 Оқыту:
A) Теориядан практикаға көшу процесін басқару.
B) Оқыту мақсатын іске асыруға арналған педагогтің реттелген іс-әрекеті.
C) Педагогтің өзіндік іс-әрекеті.
D) Іскерлікті қалыптастыру.
E) Оқу барысында қиындық туған оқушыға мұғалімнің көмек беруі
48 Қазіргі отбасы дағдарысының сипатталуы:
A) ата-аналар беделінің күрт төмендеуімен және ұрыс-жанжалдың өсуімен
B) некеге тұрумен және оны бұзудағы еркіндікпен
C) әлеуметтік құрылымның жедел өзгеруімен және отбасылардың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға баяу бейімделуімен
D) ата-аналардың ой-өрісінің тарылуымен
E) азаматтық некені игеруімен
49 "Параллелді ықпал ету" принципінің мәні:
A) Тәрбиеленушінің санасына, жігеріне және жүріс-тұрысына ықпал етуі.
B) Тәрбиешімен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасы.
C) Мектептің және отбасының ынтымақтастығы.
D) Мектептің, отбасының, және жұртшылықтың ынтымақтастығы.
E) Тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі.
50 Қазақстанда педагогика ғылымының негізін қалаушы:
A) Ж.Аймауытов.
B) А.Байтұрсынов.
C) Ы.Алтынсарин.
D) М.Жұмабаев.
E) А.Құнанбаев.
51 Педагогикадағы әдіснама:
A) Ғылыми танудың қажеттілігі туралы оқу.
B) Педагогикалық процестің субъектілері туралы оқу.
C) Тану принциптері, әдістері, формалары және процедуралары туралы оқу.
D) Білім беру және тәрбие мақсаттары туралы оқу.
E) Тәрбие, білім беру және оқыту туралы оқу.
52 Тәрбие принциптеріне жатпайды:
A) тұлғалық тұрғыдан қарау
B) оқытудың проблемалылығы
C) тәрбиеленушілердің саналылығы
D) жағымды қасиетке сүйену
E) ұжымда тәрбиелеу
53 Айқындаушы (констатациялық) эксперименттің мақсаты:
A) Зерттеу пәнін өзгерту.
B) Танымның ғылыми әдістері туралы оқу жасау.
C) Терминологиялық аппаратты анықтау.
D) Жаңа педагогикалық теориялар жасау.
E) Зерттеу пәнінің бастапқы жағдайын анықтау.
54 Практикадағы қабылдау, түсіну, жалпылау, бекіту, пайдалану -бұл:
A) Педагогикалық үрдістің кезендері.
B) Білімді игеру үрдістің кезеңдері.
C) Іс-әрекет компоненттері.
D) Педагогикалық үрдістің компоненттері.
E) Іскерлікті қалыптастыру кезеңдері.
55 Практикалық жағдайларды имитациялайтын (бейнелейтін) оқыту әдісі:
A) Пікірталасу
B) Іскерлік ойындар
C) Дөңгелек үстел
D) Сабақ
E) Пікірсайыс
56 Оқу пәні бойынша тақырыптардың бірізділігін және оларды оқуға
уақыттың жалпы мөлшерін көрсетумен білім, іскерлік, дағдалырдың мазмұнын ашатын нормативтік құжат:
A) Оқу бағдарламасы.
B) Оқу пәні.
C) Оқу құралы.
D) Әдістемелік құрал.
E) Оқу жоспары.
57 Оқу дискуссиясының ерекшелігі:
A) Оқушылардың сауатты сөйлеуіне мүмкіндік беруінде
B) Жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, өз көзқарасын дәлелдей
алуда
C) Оқу материалының логикалық мазмұндалуы мен ақпарат ағымның көптігінде
D) Оқушылардың білімін қоғамдық қажеттілігіне түсіну деңгейінде
E) Жаңа материалды игеруге оқушыны дайындауда
58 Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі:
A) Үлгі-өнеге.
B) Әңгіме.
C) Жарыс.
D) Диспут.
E) Жаттығу.
59 Демократияландыру және ізгілендіру, жүйелілік және тұтастық,
коллегиялық, басқарудағы жекелік:
A) Басқару принциптері
B) Басқару зандылықтары.
C) Басқару әдістері.
D) Басқару тәсілдері.
E) Басқару құралдары.
60 «Жеңілден қиынға», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге»
қарай ережесімен анықталатын принцип:
A) Жүйелілік пен бірізділік
B) Түсініктілік
C) Көрнекілік
D) Теорияның практикамен байланысы
Е) Ғылымилық
61 Оқушылардың өзіндік оқу жұмыстары:
A) Оқыту процесіндегі педагогтың тапсырмасымен және оның басшылығымен орындалатын оқушы іс-әрекеті.
B) Педагог басшылығымен, бірақ тікелей қатысуынсыз орындалатын оқушы іс-әрекеті.
C) Сабақтан тыс танымдық іс-әрекет.
D) Бақылау жұмысымен сәйкес.
E) Педагогтың көмегінсіз орындалатын оқушы іс-әрекеті.
62 Оқытудың нәтижесін тексерудің мәні:
A) Оқушының өзін-өзі басқаруын үйлестіре алуын анықтау
B) Оқыту-қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізуін анықтау
C) Оқушылардың танымдық деңгейін анықтау
D) Оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау
E) Оқушылардың танымдық белсенділігін анықтау
63 Жеке тұлғаның объективті қоғамдық қатынасқа бейімделуі - бұл:
A) Іскерлік.
B) Әдет.
С) Даму.
D) Әлеуметтену.
E) Қалыптасу.
64 Білім беру мекемесінің іс-әрекетін, құрылымын анықтайтын ережелер жиынтығы:
A) Білім беру туралы концепциялар.
B) Конституция.
C) Оқыту жоспары.
D) Білім беру туралы заң.
Е) Жарғы (Устав).
65 Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі сипатталады:
A) оқыту материалдарының бірізділігімен
B) оқушылардың ой және дене еңбегімен
C) оқыту процесінде оқушылардың белсенді қатысуымен оқу материалын меңгерумен
D) қажетті оқу материалдарын пайдалана білумен
E) материалдардың логикалық байланыстылығымен
66 Мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді
қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдісі:
A) Әнгіме.
B) Жаттығу.
C) Жазалау.
D) Пікір-талас.
E) Талап қою.
67 Болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әдемілікті дұрыс қабылдау
қабілетін қалыптастыру:
A) Эстетикалық тәрбиесі.
B) Еңбек тәрбиесі.
C) Экологиялық тәрбиесі.
D) Адамгершілік тәрбиесі.
E) Дене тәрбиесі.
68 Нақты тәрбие процестерін ұйымдастыру варианты:
A) Тәрбие принциптері.
B) Тәрбие формалары.
C) Тәрбие мазмұны.
D) Тәрбие әдістері.
E) Тәрбие тәсілдері
69 Мұғалімнің сабаққа дайындығындағы өзара байланысты кезендер саны:
А) 5 кезең
В) 6 кезең
С) 2 кезең
D) 4 кезең
Е) 3 кезең
70 Педагогиканың ғылым ретінде дамуын анықтайды:
A) Болашақ ұрпаққа білім беру міндеті.
B) Тұқым сақтаудың биологиялық заңы.
C) Қоғам өмірінде тәрбие ролінің артуы.
D) Ғылым қызметкерлеріне деген қажеттілік.
E) Бала бақыты үшін ата-ананың қамқорлығы.
71 Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің
жиынтығы:
A) Сабақ құрылымы.
B) Дидактикалық міндеттер.
C) Оқыту тәсілдері.
D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары.
E) Оқыту әдістері.
72 Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық) тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған;
A) Институционалдық белгі бойынша.
B) Тәрбие бағыттары бойынша.
C) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.
D) Мазмұны бойынша.
E) Қарым-қатынас стилі бойынша.
73 Практикалық әдістер тобына қатысты оқыту әдісі:
A) Жаттығу
B) Демократия
C) Әңгіме
D) Түсіндіру
E) Иллюстрациялау
74 Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі ұстанымы:
A) Оқыту мазмұнын ұзақ уақыт есте сақтауды талап етеді
B) Ұжымды ұйымдастыру мен дамыту жүйесі құруды талап етеді
C) Ұжымдық қарым-қатынас жүйесі
D) Тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі
E) Ұлттық мәдениет арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі
75 Педагогикалық процестің даму стратегиясын ғылыми негізде басқарудың коллегиялық органы:
A) жиналыс
B) мектептің педагогикалық кеңесі
C) мектептің әдістері
D) мемлекеттік стандарт
E) пән бірлестіктері
76 Педагогикалық талдау объектісі:
A) Мұғалім, оқушы іс-әрекеттері.
B) Мектептің ата-аналармен жұмысы.
C) Мектеп құжаттары.
D) Мұғалім, оқушы тұлғалары.
E) Сабақ, тәрбие шаралары.
77 Сынып-сабақтық жүйеге тән негізгі ерешеліктердің бірі:
A) Жаңа материалды түсіндіру
B) Үлгермеуші оқушылармен жұмыс
C) Оқушылар құрамы тұрақты болмауы
D) Дарынды оқушыларға бағдарлануы
E) Жастары мен дайындық деңгейлері біркелкі оқушылардың тұрақты құрамы
78 Педагогикалық процестің жүйе ретіндегі белгілері:
A) Адамға әсер ететін түрлі жағдайлар
B) Әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы
C) Бұл әлеуметтік жүйенің адамның өзара әрекеттері есебінен өмір сүруі
D) Біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процесін ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес
E) Белсенділік пен қатынастың бірлігі
79 Практикалық әдістер тобына қатысты оқыту әдісі:
A) Жаттығу
B) Демократия
C) Әңгіме
D) Түсіндіру
E) Иллюстрациялау
80 Өмір сүрудің белгілі бір кезеңіне тән анатомиялық-физиологиялық және психикалық қасиеттер ретінде анықталатын ұғым:
A) Денелік даму
B) Орта
C) Жас ерекшеліктері
D) Тұқым қуалаушылық
E) Тәрбие
81 Эстетикалық тәрбиенің құралдары.
A) Сынып сағаты
B) Әңгіме айту
C) Табиғат, әдебиет, өнер
D) Жаттығу
E) Мамандыққа баулу
82 Оқытудың сынып-сабақтық жүйесін тұжырымдаған:
A) Я.А.Коменский
B) И.Г.Песталоцци
C) Ж.Ж.Руссо
D) К.Д.Ушинский
E) Ы.Алтынсарин
83 Оқыту мақсатын іске асыруды, оқушылардың білімдерді қабылдауын, қорытуын және практикада қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған мұғалім іс-әрекеті:
A) Оқыту.
B) Білім беру.
С) Оқу.
D) Сабақ беру.
E) Тәрбиелеу.
84 Баланың үйіне барған кезде сынып жетекшісі нені жасамауы керек:
A) ата-аналармен сөйлескенде әдеп сақтауды
B) бірлескен жобаны ұсыну
C) өзінің тәрбиеленушінің тағдырына алаңдайтынын білдіруі
D) оқушының көзінше әңгіме жүргізуді
E) оқушыға арыз айту
85 Тәрбие процесінің қозғаушы күші:
A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері.
B) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын тандау білуі.
C) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары.
D) Педагогтің талап қоюы.
E) Педагогикалық зерттеулер.
86 Меңгеру процесінің негізгі кезеңдері:
A) Түйсіну, қабылдау, түсіну
B) Есте сақгау, түсіну, ұғыну, жалпылау
C) Білімдерді aлy, есте сақтау, практикада қолдану
D) Проблема қою, гипотеза ұғыну, оны дәлелдеу
E) Қабылдау, ұғыну, есте сақтау, қолдану
87 Оқытуды жекелендіру:
A) Даралап оқытуды ұйымдастыру.
B) Оқушының жекелігін дамыту мақсатында педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.
C) Саралап оқытуды ұйымдастыру.
D) Әлсіз оқушылардың тобымен оқу жұмысын ұйымдастыру.
E) Оқушылардың жеке ерекшелігін есепке ала отырып оқыту процесін ұйымдастыру.
88 Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің
жиынтығы:
A) Сабақ құрылымы.
B) Дидактикалық міндеттер.
C) Оқыту тәсілдері.
D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары.
E) Оқыту әдістері.
89 Дидактикадағы оқыту әдістері мына сұрақка жауап береді:
A) қайда оқыту
B) қашан оқьпу
C) не үшін оқыту
D) неге оқыту
E) қалай оқыту
90 Тұлғаның өзінде меншікті құлықтық (адамгершілік) қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған саналы іс-әрекет:
A) Өз бетімен білім алу
B) Өзін тәрбиелеу
C) Өзін жетілдіру
D) Өзін дамыту
E) Өзін басқару
91 Бақылау:
A) Зерттеу объектісін қабылдауды арнайы ұйымдастыру.
B) Мәліметті іріктеп алу.
C) Шолу нүктесін анықтау.
D) Қабылданған ақпараты санада өңдеу.
E) Оқушылардың мектептегі іс-әрекеті туралы білім
92 Ғылыми фактілерді, түсініктерді, зандарды, заңдылықтарды түсінуі, есте
сақтауы және қайтадан айту:
А) Іскерлік.
В) Білім.
С) Тәжірбие.
D) Білім беру.
Е) Дағды.
93 Берілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы:
А) Білім беру.
В) Білім.
С) Тәжірбие.
D) Дағды.
Е) Іскерлік.
94 Ауызша тексеру, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстар:
А) Бақылау түрлері.
В) Тексеру кұралдары.
С) Бақылау әдістері.
D) Диагностика.
Е) Оқыту кезеңдері.
95 Оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап ететін оқыту
принципі:
А) Көрнекілік.
В) Ғылымилық.
С) Шамаға лайықтық.
D) Жүйелілік және бірізділік.
Е) Саналылық және белсенділік.
96 Сабақ, семинар:
A) Оқытуды ұйымдастыру формалары.
B) Педагогикалық жүйе.
C) Оқыту әдістері.
D) Дидактикалық жүйе.
E) Оқыту құралдары.
97 Көрнекілік оқыту әдістері:
A) Әңгіме, демонстрация
B) Кітаппен жұмыс, түсіндіру
C) Демонстрация, иллюстрация
D) Жаттығу, лабораториялық сабақ
E) Дәріс, әңгіме
98 Дидактика:
A) Өсіп келе жатқан үрпақты тәрбиелеу және білім беру туралы педагогиканың бөлімі.
B) Білім беру теориясын жасайтын жалпы педагогика бөлімі.
C) Тұлға қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым.
D) Тәрбиелей оқытуды зерттейтін ғылым.
E) Тұлға дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
99 Педагогикалық эксперимент:
A) білікті мамандардың педагогикалық құбылысты бағалауы
B) білім мазмұнын жаңартудың жолдары
C) бар белгілердің негізінде логикалық тұрғыдан бөлу
D) болжамдарды тексеру үшін ғылыми негізделген тәжірибе
E) ғылыми негізделген логикалық болжам
100 Оқыту үрдісінің құрылымдық компоненті болып табылмайды:
A) Оқыту әдістері.
B) Оқыту мақсаты.
C) Оқыту заңдылықтары.
D) Оқыту нәтижесі.
E) Оқыту принциптері.
101 Мектептегі білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар:
A) Оқулықтар; оқу жоспары; оқу бағдарламалары;
B) Оқу жоспары және әдістемелік әдебиеттер
C) Әдістемелік әдебиеттер
D) Газеттер, журналдар және басқа басылымдар
E) Психолого-педагогикалық әдебиеттер
102 Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері:
A) Тәрбие бағыттары.
B) Тәрбие моделі.
C) Тәрбие құралдары.
D) Тәрбие жүйесі.
E) Тәрбие мақсаты.
103 Дидактиканың зерттеу пәні:
A) Оқыту процесі.
B) Сабақ беру (мұғалім іс-әрекеті) және оқудың (оқушы іс-әрекеті) байланысы, олардың өзара қимылы.
C) Оқыту әдістері.
D) Білім беру мазмұны.
E) Тәрбие.
104 Отбасындағы тәрбиелеу әдістері:
A) Қатынастардағы ізгілілену, демократиялану
B) Баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білу
C) Мұғалімдермен кездесу
D) Ата-аналар комитеті мәжілісін өткізуге қатысу
E) Үлгі көрсету, әңгімелесу, әртүрлі істерде қолдау көрсету
105 Педагогикалық үрдістегі зандылықтар негізінде анықталады:
A) Оқу жоспары
B) Педагогикалық үрдіс
C) Жоба
D) Принциптер
E) Жоспар
106 Оқыту барысында өмірден мысал келтіру, оқушыларды өндіріспен таныстыруды қандай оқыту принципі талап етеді:
A) Көрнекілік.
B) Ғылымилық.
C) Теория мен практиканың байланысы.
D) Шамаға лайықтық.
E) Беріктік.
107 Отбасында баланы тәрбиелеу жүйесі сипатталады.
A) жиі және уақытша берілетін үй ішілік тапсырмалармен
B) бірлескен еңбекті ұйымдастырумен
C) баланың тұлғасын қалыптастыру үшін жасалынған жағдайлармен, ата-аналардың мінез-құлқы және өзіндік стилімен
D) ата-аналардың тәжірибесін берумен
E) моральдық және материалдық көтермеленумен
108 Материалдық және идеалдық деп жіктелетіндер:
A) Оқытуды ұйымдастыру формалары
B) Оқыту құралдары
C) Оқыту әдістері
D) Оқыту принциптері
E) Тәрбие әдістері
109 Ата-анадан балаға тұқым қуалау жолымен беріледі:
A) Адамгершілік қасиеттер.
B) Білімдер, іскерліктер.
C) Әлеуметтік тәжірибе.
D) Қабілеттер дамуының негізі — нышандар.
E) Арнайы қабілеттер.
110 Оқушылардың сезім мүшелеріне ықпал ететін және дүниені тануды жеңілдететін сенсомоторлық стимул болып табылатын нәрсе ретінде қызмет етеді:
A) Әдістемелік тәсілдер.
B) Оқыту әдістері.
C) Дидактикалық құралдар.
D) Көмекші құралдар.
E) Көрнекі құралдар.
111 Мұғалімнің негізгі функциясы:
A) Оқушының белсенділігін арттыру
B) Мұғалімнің тоериялық деңгейінің жоғары болуы
C) Педагогикалық диагностиканы игеру
D) Белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару
E) Мұғғалімнің ой еңбегінің мәдениетінің болуы
112 Оқушының оқудағы жетістігінің шынайы көрсеткіші:
A) оқулықтардың саны
B) нашар бағалардың болмауы
C) достардың саны
D) оқу-танымдық іскерліктерді меңгеру
E) пән бойынша бағалар саны
113 Мұғалім сабақта бірнеше оқушыға зейінін бөледі, бұл уақытта басқалары
өз бетімен жұмыс жасайды. Бұл оқыту формасын:
A) Ұжымдық.
B) Аралас.
C) Жеке
D) Фронтальдық.
E) Жекелендірілген-топтық.
114 Мінез-құлықты және іс-әрекетті ынталандыру әдісі:
A) Лекция.
B) Жазалау.
C) Түсіндіру.
D) Тапсырма.
E) Бақылау.
115 Оқыту:
A) Мұғалімнің сабақ беру іс-әрекеті
B) Оқушының арнайы ұйымдастырған жұмысы
C) Мұғалімнің оқушыларға білім беруі
D) Оқушының іс-әрекеті
E) Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттері
116 Білім беру мазмұнын анықтауға әсерін тигізетін факторлар:
A) Ата-аналарының мүмкіндіктері.
B) Қоғамның және тұлғаның қажеттіліктері.
C) Өз бетімен білім алу деңгейі.
D) Оқушылардың мүмкіндіктері.
E) Оқушылардың тәрбиелілігі.
117 Сабақ кұрылымы тәуелді:
A) Оқыту әдістерінен.
B) Сабақ түрінен.
C) Оқыту құралдарынан.
D) Білім беру мазмұнынан.
E) Дидактикалық принциптерден.
118 Педагог қызметіндегі негізгі функция:
A) Мақсатқа сәйкес функция.
B) Басқарушы функция.
C) Бағалау функциясы.
D) Жоспарлау функциясы.
E) Бақылау функциясы.
119 Әр сабақта оқушылардың оқу материалдарын игеруін жүйелі түрде бақылау:
A) Оқыту әдісі.
B) Аралық бақылау.
C) Ағымдық бақылау.
D) Тақырыптық бақылау.
E) Қорытынды бақылау.
120 Әлеуметтік орта:
A) Адамды қоршаған табиғи орта.
B) Әр елде тұратын адамдардың үлкен топтарының қатынасы.
C) Адамның өмірінің материалдық-тұрмыстық жағдайы.
D) Адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы.
E) Адамның қоршаған ортасы (қоғамдық, материалдық, рухани), тіршілік ету, іс-әрекеті, қалыптасу жағдайы.
121 Оқыту процесін ұйымдастырудың формасы:
A) Сабақ
B) Жиналыс
C) Сынып сағаты
D) Олимпиада
E) Лекция
122 Тәрбие процесінің ерекшеліктері:
A) жүйелілік, сапалылық, белсенділік
B) тәрбиелік іс-әрекеттердің нәтижесінің мақсаттылығы, көпфакторлылығы, үздіксіздігі
C) ықпал етудің әр түрлі әдістерін қолдануда
D) әділеттілік, тәуелсіздік, бірізділік
E) оқушылардың жас және дара ерекшеліктерінің сәйкестігі
123 Тақырыптық бақылау:
A) Бағдарламаның бір бөлімі бойынша білім деңгейін бақылау
B) Сынақ
C) Емтихан
D) Оқушылардың білім деңгейін анықтауға бағытталған жан-жақты
тапсырма
E) Коллоквиум
124 Педагогикалық кеңестің жұмысы жоспарланады:
A) Мектептің тәрбие жоспарында.
B) Мектеп директоры орныбасарының жеке жоспарында.
C) Мектеп директорының жеке жоспарында.
D) Мектептің жұмысының жылдық жоспарында.
E) Календарлық жоспарда.
125 Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі нақты бір бағытты тексеру:
A) Тақырыптық бақылау.
B) Аралық бақылау.
C) Фронтальді бақылау.
D) Қорытынды бақылау.
E) Ағымдық бақылау.
126 Тәрбие жұмысын бақылау әдістері:
A) Бақылау, құжаттарды тексеру, тестілеу, сауал, оперативті талдау, есеп.
B) Әңгіме, дәріс.
C) Әңгімелесу, анкеталау.
D) Педагогикалық жағдаяттар.
E) Тестілеу, анкеталау.
127 Оқыту процесінің қозғаушы күштері:
A) Ғылым мен практиканың байланысы.
B) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін окушылардың түсінуі.
C) Мұғалімнің жігері.
D) Дидактикалық зерттеулердің нәтижелері
E) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
128 Ұжымдық құбылыстарды зерттеу әдістері:
A) Тіркеу, рангке бөлу, шкалау
B) Модельдеу, құжаттар зерттеу
C) Анкеталау, социометрия, референтометрия
D) Бақылау, тесттеу, әңгімелесу
E) Тәжірибе, зерттеу, эксперимент
129 Мұғалімнің оқытушылық әрекеті мен оқушының танымдық әрекетіне
жетекшілік етуден тұратын тұтас педагогикалық үрдістің бөлігі:
A) Оқу.
B) Білім беру.
C) Өз бетімен білім алу.
D) Тәрбие.
E) Оқыту.
130 Оқу жоспары:
A) Дүниеге көзқарас мәселелерінің негізгі тізімі
B) Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын негізгі талаптарды ашып көрсететін құжат
C) Оқылатын материалдың тақырыптық мазмұнын анықтайтын кұжат
D) Оқу пәндерінің толық тізімін анықтайтын, пәндерді әрбір оқу жылына әр пән бойынша сағат санын бөлетін құжат
E) Жалпы білім беретін мектептің оқу процесін ұйымдастыруға нұсқау
131 Жаңа білімдерді меңгерту үшін қолданатын болатын материалдық және
идеалдық объектілер:
A) Оқыту әдістері
B) Техникалық оқыту құралдары
C) Оқыту процесін ұйымдастыру формалары
D) Оқыту құралдары
E) Педагогикалық технология
132 Оқыту принципі:
A) Оқытудың ғылымилығын қамтамасыз ететін қағидалар.
B) Оқушы іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
C) Оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
D) Оқыту материалын тандау негізінде жататын қағидалар.
E) Оқыту процесінің компоненттері арасындағы байланыстар.
133 Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы принципі қарастырады:
A) тірбиенің әдіс, құрал және түрлерінің байланыстылығы
B) барлық балалар мен жас жеткіншектердің өндірістік еңбекке қатысуының міндеттілігі
C) жағымсыз әрекеттермен, жалқаулықпен, босқа жүрушілікпен күрес
D) білім мазмұнын игеру
E) тәрбиешілер мен ата-аналардың әрекетінің кесімдігі
134 Білім көзі бойынша жіктелген оқыту әдістері:
A) Проблемалық, жартылай- ізденістік және зерттеу әдістері
B) Жаңа білімдерді оқып-үйрену, білімдерді бекіту және бақылау әдістері
C) Сөздік, көрнекілік және практикалық
D) Ынталандыру, іс - әрекетті ұйымдастыру, бақылау мен өзіндік бақылау әдістері
E) Индуктивтік, дедуктивтік әдістер
135 Оқыту процесіндегі негізгі жүйе құраушы компонент:
A) Педагогикалық технология
B) Оқыту әдісі
C) Оқыту формасы
D) Оқыту мақсаты
E) Білім беру мазмұны
136 Педагогикалық процестің элементарлық «ұясы»:
A) Педагогикалық консилиум.
B) Педагогикалық баға.
C) Педагогикалық диагностика.
D) Педагогикалық жағдай.
E) Педагогикалық бақылау.
137 Проблемалық оқыту мәні:
A) Оқушылардың танымдық әрекетін басқару.
B) Жалпы проблеманы табу.
C) Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін зерттеу.
D) Оқушылардың өз бетіндік ізденушілік әрекетін ұйымдастыру.
E) Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
138 Қазіргі кездегі отбасы тәрбиесінің принциптері негізделеді:
A) гуманистік педагогикаға
B) технократиялық педагогикаға
C) авторитарлық педагогикаға
D) вольдорфтық педагогикаға
E) әлеуметтік педагогикаға
139 Тәрбие «стимул-реакция-бекіту» схемасы бойынша дамиды деп қарастыратын шетелдік педагогикалық концепция:
A) Экзистенциализм
B) Бихевиоризм
C) Прагматизм
D) Неопозитивизм
E) Неотомизм
140 Оқыту процесінің әдіснамалық негізі:
A) Таным теориясы.
B) Бихевиоризм.
C) Экзистенциализм.
D) Неотомизм.
E) Тарихи материализм.
141 Мемлекеттің белгілі бір жалпы принциптер негізінде құрылған, бір-бірімен байланысты оқыту-тәрбие мекемелерінің жиынтығы:
A) Білім беру жүйесі.
B) Педагогикалық жүйе.
C) Мектептен тыс мекемелер.
D) Әлеуметтік жүйе.
E) Дидактикалық жүйе.
142 Оқытудың әдісі:
А) абстракциялау
В) индукция
C) өлшеу
D) түсіндіру
E) дедукция
143 Ата-аналар комитетін сайлайды:
A) Мектеп директоры.
B) Сынып ата-аналары.
C) Сынып жетекшісі.
D) Оқушылар комитеті.
E) Педагогикалық кеңес.
144 Дискуссия:
A) Оқыту принципі
B) Оқыту зандары
C) Оқыту формасы
D) Оқыту заңдылығы
E) Оқыту әдісі
145 Оқыту процесін ұйымдастырудың формасы:
A) Сабақ
B) Жиналыс
C) Сынып сағаты
D) Олимпиада
E) Лекция
146 Сынып жетекші қызметіне жатады:
A) Педагогикалық кеңес мәжілісін өткізуге дайындау қызметі
B) Оқушыны теориялық және практикалық дайындау қызметі
C) Әкімшілік-шаруашылық қызмет
D) Тәрбиелік, ұйымдастыру қызметі
E) Мектептен тыс мекемелер жұмысын ұйымдастыру қызметі
147 Сабақ құрылымы тәуелді:
A) Оқыту құралдарынан.
B) Білім беру мазмұнынан.
C) Оқыту әдістерінен.
D) Сабақ түрінен.
E) Дидактикалық принциптерден.
148 Ата-аналар комитетін сайлайды:
A) Мектеп директоры.
B) Сынып ата-аналары.
C) Сынып жетекшісі.
D) Оқушылар комитеті.
E) Педагогикалық кеңес.
149 Оқыту принципі:
A) ережелер
B) ережелер, нормалар
C) дидактикалық процесті ұйымдастырудағы және өткізудегі нормативті талаптар, жетекші идеялар
D) дидактикалық заңдар
E) дидактикалық зандылықтар
150 Сабақ құрылымы тәуелді:
A) Оқыту құралдарынан.
B) Білім беру мазмұнынан.
C) Оқыту әдістерінен.
D) Сабақ түрінен.
E) Дидактикалық принциптерден.

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Байжанова З.Т. Жалпы педагогика - Алматы : ИД "Таймас", 2008. - 168 бет.

  2. Степанов Е.Н. Педагогу о воспитательной системе школы и класса. - М. : ТЦ Сфера, 2008. - 224 с.

  3. Харламов И.Ф. Педагогика. - М. : Юристъ, 1997. - 512 с.

  4. Педагогика / Ш. Х. Ќұрманалина. - Астана : Фолиант, 2007. - 656 бет.

  5. Подласый И.П. Педагогика. - М. : Высш. образование, 2009. - 540 с.

  6. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований. - М. : Академия, 2009. - 320 с.

  7. Педагогика / под ред. П. И. Пидкасистого. - М. : Педагогическое общество Росии, 2009. - 576 с.

  8. Психолого-педагогический словарь / под ред. В. А. Сластенина. - М. : Академия, 2009. - 224 с

  9. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. - М. : Юрайт-Издат. - [Б. м.] : Высш. образование, 2009. - 357 с.

  10. Сластенин В.А. Педагогика. - М. : Академия, 2008. - 576 с

  11. Степанов Е.Н. Педагогу о современных подходах и концепциях воспитания / Е. Н. Степанов, П.М.Пузина.- М.:ТЦ Сфера, 2008. - 224 с.

  12. Аубакирова Л. Р. Сұрақ және жауап түріндегі. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 2007. - 95 бет

  13. Бабаев С.Б. Жалпы педагогика [Электронный ресурс] : оқулық / С. Б. Бабаев Ж. К. Оѕалбек. - Алматы : Нұр-Пресс, 2005.

  14. Сейталиев Ќ. Педагогиканыѕ жалпы негіздері. - Алматы : Өлке, 2009. - 232 бет.

  15. Беспалько В.П. Природосообразная педагогика. - М. : Народное образование, 2008. - 512 с.

  16. Болдырев Н.И. Классный руководитель. - М. : Просвещение, 1978. - 271 с.

  17. Әбенбаев С. Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. - Алматы : Дарын, 2004. - 152 бет.

  18. Педагогика [Текст] : учеб. для пед. вузов / под ред. П. И. Пидкасистый. - М. : Пед. о-во России, 2008. - 576 с.

  19. Бабаев, С.Б. Жалпы педагогика- Алматы : Қаз. әдебиеті, 2008. - 228 б.

  20. Әбиев Ж. Ә. Педагогика - Алматы : Дарын, 2004. - 448 бет.

  21. Краевский В.В. Общие основы педагогики. - М. : Academia, 2003. - 256 с.

  22. Лихачев Б.Т. Педагогика. - М. : Прометей, 1996. - 528 с.

  23. Таубаева Ш.Т. Введение методологию и методику педагогического исследования. - [Туркистан] : Туран, 2007. - 190 с.

  24. Усманов И. Педагогика. - Алматы : Эверо, 2005. - 402 бет.

  25. Педагогика/ Ш. Х. Ќурманалина. - Астана : Фолиант, 2010.

  26. Новиков Д.А. Теория управления образовательными системами. - М. : Народное образование, 2009. - 452 с.

  27. Бордовская Н. В. Педагогика / Н. В. Бордовская, А. А. Реан. - СПб. : Питер, 2009. - 299 с.

  28. Коджаспирова Г.М. Педагогика - М. : Гардарики, 2009. - 527 с.

  29. Педагогика / под ред. Л. П. Крившенко. - М. : ПРОСПЕКТ, 2009.

  30. Классному руководителю / ред. М. И. Рожкова. - М. : ВЛАДОС, 1999. - 280 с.

  31. Әбенбаев С. Ш. Педагогика,. - Астана : Фолиант, 2009. - 336 бет.

  32. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии / ред. С. А. Смирнов. - М. : Академия, 2000. - 512 с.

  33. Педагогика / ред.: Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. - Алматы : Print-S, 2005. - 364 с.

  34. Сластенин В.А. Педагогика : инновационная деятельность. - М. : ИЧП "Издательство Магистр", 1997. - 224 с.

  35. Щуркова Н.Е. Программа воспитания школьника. - М. : Пед. о-во России, 1998. - 48 с.

  36. Рудакова И. А. Дидактика. - Ростов н/Д. : Феникс, 2005. - 256 с

  37. Мухина С. А. Нетрадиционные педагогические технологии. - Ростов н/Д. : Феникс, 2005. - 384 с.

  38. Ефремов О.Ю. Педагогика - СПб. : Питер Ком, 2010. - 352 с.

  39. Шаталов В.Ф. Путь поиска. - СПб. : Лань, 1996. - 64 с.

  40. Трайнев В.А. Новые информационные коммуникационные технологии в образовании - М. : Дашков и К, 2011. - 318 с

  41. Тәжібаева С.Е.. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру теориясы мен технологиясы. - Алматы : Білім, 2008. - 280 бет.

  42. Әлқожаева Н. Педагогикалық менеджмент. - Алматы : Қазақ университетi, 2009. - 68 бет.

  43. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / Е. С. Полат, М. Ю. Бухаркина, М. В. Моисеева, А. Е. Петров. - М. : Академия, 1999. - 224 с.

  44. Завалко Н.А. Индивидуализация процесса обучения в системе многоступенчатого образования. - Усть-Каменогорск : [Изд-во ВКГУ], 1998. - 250 с.

  45. Педагогическая система народного учителя Кумаша Нургалиева. - Алматы : Б.и., 1995. - 34 с.

  46. Бордовская Н.В. . - СПб.; М.; Харьков; Мн. : Питер, 2000. - 304 с.

  47. Бондаревская Е. В. Педагогика : личность в гуманистических теориях и системах воспитания - М.:Ростов н/Д. : ТЦ"Учитель", 1999. - 560 с.

  48. Левитес Д. Г. Практика обучения : Современные образовательные технологии. - М.: Ин-т практич. психологии, 1998. - 288 с.

  49. Жайтапова А. Ә. Әдіскер ќызыметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан. - Алматы : ББЖ КБАРИ, 2007. - 103 бет.

  50. Головнева Е.В. Теория и методика воспитания. - М. : Высш. шк., 2009. - 256 с.

  51. Голуб Б.А. Основы общей дидактики. - М. : ВЛАДОС, 1999. - 96 с.

  52. Конаржевский Ю. А. Анализ урока : методический материал. - М. : Педагогический поиск, 2000. - 336 с.

  53. Паньшина Т. В. Педагогический менеджмент и управление в современной школе. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2012. - 205 с.

  54. Гузеев В. В. Методы и организация формы обучения. - М. : Народное образование, 2001. - 128 с.

  55. Дьяченко В. К. Основы современной дидактики : учеб. для пед. вузов и ун-тов / В. К. Дьяченко, Г. М. Кусаинова ; ред. А. Сейтешева. - Алматы : ГЫЛЫМ, 1996. - 388 с.

  56. Сергеева В. П. Классный руководитель : планирование и организация работы от А до Я. - М.: Педагогическое общество России, 2001. - 256 с.

  57. Управление современной школой : практич. пособие / сост. С. В. Кульневич [и др.]. - М. : Учитель, 2005 - вып. 7 : Образовательный маркетинг в школе. - 192 с.

  58. Красноперов А. В. Теория и практика личностно-ориентированного обучения. - Усть-Каменогорск : [Изд-во ВКГУ], 2000. - 13 с.

  59. Загвязинский В.И. Методология и методы психолого-педагогического исследования : учеб. пособие для вузов. - М. : Академия, 2010. - 352 с.

  60. Акимова М.К. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. - М. : Знание, 1992. - 80 с.

  61. Селевко Г.К. Альтернативные педагогические технологии - М. : НИИ школьных технологий, 2005. - 224 с.

  62. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии : учеб. пособие для вузов. - М. : Народное образование, 1998. - 256 с.

  63. Вайндроф-Сысоева М.Е.,Кривошенко Л.П.Педагогика:Пособие для сдачи экзаменов.-Москва.:Юрайт-Издат,2005




жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау