Күні: 30.12.2014 ж
Сынып: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің
үзінділерімен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды графикалық обьектілермен жұмыс істеуге
үйрету.Үзінділерді белгілеу, олармен әртүрі әрекеттер орындау
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау және зейін,дік қабілетін
дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелелігі :Жан –жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикум элементерінің көмегімен демострациялау,
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі баяндау
Сабақтың типі: тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,сабақ өткізудегі мультимедиялық презинтация, электронды оқулық Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. графикалық редактор дегеніміз не?
2. қандай тәсілдермен файлды ашуға болады?
3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосамыз?
4. Paint графикалық редакторы терезе бөліктерін ата.
5. Суретсалу әдістері қалай орындалады?
6. Дұрыс фигураны қалай саламыз?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі.Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді.
Белгілеу батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.
Кез келген аймақты бөліп алу үшін батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алаға мүкіндік береді.
Үзінділермен орындалатын әрекеттер
Алмасу буферіне қиып алау.
Алмасу буферіне көшіру.
Басқа жерге апару
Басқа жерге көшіру
Сурет бойынша көбейту
Пішіні мен өлшемін өзгерту
Масштабын өзгерту, қисайту.
Төңкеру және бұру
Түсін өзгерту.
Жою
Үзіндіні көшіру мен жылжыту.
Үзіндіні белгілейміз
Правка –копировать немесе вырезать командасының бірін орындаймыз.
Правка – вставить командасын орындаймыз
Үзінділерді өшіру (жою)
Үзіндіні белгілеу.
Правка -очистить командасы немесе Delite пернесін басамыз.
Үзінділерді бейнелеу немесе бұру әрекеттері
Үзіндіні белгілейміз
Рисунок менюіндегі отрезать/ повернуть командасын орындаймыз.
Бұл командалар арқылы осьтеріне қатысты 90,180,270 градусқа бұруға болады.
Үзіндіні еңкейту, созу әрекеттері.
Үзіндіні белгілеу.
Рисунок менюіндегі Растянуть/ Наклонить командасын орындаймыз.
IV. Тақырыпты бекіту:
А деңгейі
Paint-те жаңа құжат құрыңдар.
Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар (90 сурет).
Жұмысты «Электровоз» файлында сақтаңдар.
В деңгейі
Paint-те жаңа құжат құрыңдар.
Сурет салуға арналған рамка дайындаңдар:
Paint-ті тағы да іске қосып, ойыншық файлын ашыңдар.
Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
Рамканы ойыншық құжатына кірістіріндер.
Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.
V. Қорытындылау:
1. Paint графикалық редакторы терезе бөліктерін ата.
2. Суретсалу әдістері қалай орындалады?
3. Дұрыс фигураны қалай саламыз?
4. суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.
VI . Үй тапсырмасын беру:
Оқулықтан §16 оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру, тест тапсырмасын орындау.
VII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |