ТАҚЫРЫБЫ: КЕҢЕСТІК МЕКТЕП ПЕН ПЕДАГОГИКА.
Мақсаты – Кеңестік мектептегі реформалары мен педагогикалық ойлар дамуындағы жаңа тенденциялармен таныстыру
Мектептің революциялық қайта құрылуы. Кеңес үкіметінің халықтық білім беру туралы алғашқы деректері. Кеңестік педагогиканың пайда болуы мен дамуы, оның өкілдерінің іс-әрекеті: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесі.
Кеңестік ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары (Ю.К.Бабанский, В.Е.Гмурман, М.А.Данилов, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, И.Я.Лернер, В.А.Сухомлинский, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина)
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы: сұхбат
1 Кеңес үкіметіндегі мектептің қайта құрылуы
2 Кеңес үкіметінің алғашқы білім туралы декреттері
3 Кеңестік педагогиканың пайда болуы мен дамуы. (Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко)
4 Кеңестік ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары. (Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, Л.В.Занков, В.А.Сухомлинский, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина)
Әдістемелік нұсқау:
3-4ші сұрақтарға дайындалу барысында әрбір отандық ғалымның қысқаша өмірбаяны, педагогикалық идеяларының мәні мен негізгі еңбектері бойынша баяндамалар жасау қажет.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тапсырма: Кеңестік кезеңдегі педагогтардың мұрасы туралы реферат дайындаңыз (А.С.Макренко, В.Сухомлинский, Н.Д.Крупская, П.П.Блонский, Пикеевич және т.б. туралы).
Мақсаты: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Кеңестік педагогикалық ойлардың дамуына үлес қосқан педагогтардың өмірімен таныстырып, білімдерін тереңдету.
Реферат әзірлеу бойынша әдістемелік нұсқау:
Реферат, мәселе бойынша екі немесе бірнеше кітаптарды рефераттаудың нәтижесінің көрінісінде жазылады.
Мақсаты: Зерттелетін проблема бойынша терең білім алу, студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Реферат құрылымы:
Алғашқы парақ
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Алғашқы парақта студент туралы мәлімет (курсы, мамандығы, тобы), тақырыбы т.б. мәліметтер болады. Мазмұынды студент өзінің зерттеу мәселесіне қарай дайындайды. Кіріспе бөлімде мәселенің өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттелу дәрежесі, зерттеу пәні мен нысанасы жазылады. Неігізгі бөлім бір немесе одан да көп бөлімдерден құралып жасалады. Әдебиет: әдебиет өзбетінше таңдалады. Қолданылған әдебиеттер тізімін рефератта қолдану ретіне байланысты тізімдеп, талаптарға сәйкес жазылады.
Әдебиеттер тізімін жасаудың үлгісі
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.
2. Щадрин Н. К вопросу о функционльных ценности в жизнедеятельности личности и воспитании // Ұлт тағлымы.- 2004.-№ 4
Көркемдеу ережелері:
Реферат мәтіні стандартты ақ қағаздың (А4 форматы) бір жақ бетіне компьютерде басылуы тиіс. Шрифт - 14 кегль, Негізгі бет өлшемдерін сақтау қажет (сол жағы -3 см., оң жағы – 1 см., асты, үсті – 2 см.).
Әдебиеттер: 1-3, 13, 17, 25
Достарыңызбен бөлісу: |