Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум


«ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ



жүктеу 0,97 Mb.
бет32/62
Дата16.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#42615
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы

«ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ


ТАҚЫРЫБЫ: ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ: ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ.


Мақсаты – педагогика тарихының мақсат-міндеттерімен, қызметтерімен таныстыру
Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуын зерттейтін ғылым ретінде.
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту.
Педагогика тарихы пәні - ғылымдар саласындағы зертеудің негізгі бағыттарын анықтай отыра, қоғам құбылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, қоғамның экономикалық саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді.
Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.
Осыған байланысты қазіргі кездегі педагогика тарихы ғылымының басты міндетінің бірі – дүние жүзіндегі ең бірінші мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1. Педагогика тарихының мақсаты мен міндетіне сипаттама беріңіз.
2. Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысын сызба түрінде көрсетіңіз.
3. Педагогика тарихы пәнінің пайда болуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.
4. Педагогика тарихы пәнінің зерттеу обьектісіне сипаттама беріңіз.
Тапсырма мақсаты: Педагогика тарихы пәнініңі маңызы мен мәні және мазмұны, басқа пәндермен байланысы, әдіснамалық негіздері туралы білімдерін жүйелеу.
Әдістемелік нұсқау:
Дәріс мазмұнымен, берілген әдебиеттермен танысып жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Әдебиеттер: 1-3


ТАҚЫРЫБЫ: ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАР.
Мақсаты – Ежелгі және ортағасырлық педагогикалық ойлардың педагогика ғылымы дамуына қосқан үлесі мн әсерін көрсету
Ежелгі Шығыс адамзат баласының өркениеті мен мәдениетінің бесік бастауы болып табылады. Алғаш рет Шығыс елдерінде тәрбие, білім беру мәселелері көтеріліп, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Ежелгі Шығыс елдері Қытай, Үндістан, Египет, Ассирия, Вавилонда ең алғашқы мектептер ашылып, тәрбие ісі ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады. Ежелгі Римде педагогикалық идеялар философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты.
Таяу Шығыс пен Орта Азия жерлерінде педагогикалық ойлар VІІ- VІІІ ғасырларда арабтардың жаулап алуына байланысты исламның ықпалымен дамыды. Құранда жазылған рухани құндылқтар білім беру мен тәрбие діни және адамгершілік принциптерін анықтады (Иран, Сирия, Египет, Солтүстік Африка).
ХІV- ХVІІ ғ. Басы Еуропада қайта өрлеу дәуірінің гуманистік идеяларымен сабақтаса өтті. Еуропалық өркениет адамды негізігі құндылық деп тагып, дене және рухани қасиеттері дамыған тұлға идеалды тұлғаға айналады деді. Педагогикалық ойлардың қарқынды дамуына ХV ғ. кітап басып шығарудың пайда болуы да ықпал етті.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы: Сұхбат

  1. Шығыстың ежелгі мемлекеттеріндегі педагогикалық ойлардың қалыптасуы және тәрбие (Қытай, Египет, Үндістан).

  2. Антикалық дәуірдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ойлар (Рим, Греция)

  3. Ортағасырлардағы Шығыстағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар.

  4. Византиядағы ағарту және педагогикалық ойлар.

  5. Қайта өрлеу кезеңіндегі тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар.

Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
Ежелгі және ортағасырлық дәуірлердегі педагогикалық ойларға біртұтастай сипаттама бер.
Жаңа түсініктерді сөздікке жазып алыңыз.


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ


1.Төменде берілген кестені толтырыңыз
Мақсаты: ежелгі және орта ғасырлардағы педагогикалық ойлар мен мектеп ісінің қалыптасуы мен дамуы тарихы туралы білімдерін жүйелеу

Кесте1. Ежелгі мемлекеттердегі білім беру мекемелеріне сипаттама



Ел атауы

Мектеп атауы

Мұғалімі

Оқытылатын пәндер

Қытай




Үндістан




Греция




Рим




Тапсырма №2 Төменде берілген кестені толтырыңыз

Ойшылдарыдың
аты- жөні

Еңбектері

Маңызы мен мазмұны

Конфуций



Демокрит



Аристотель



Сократ



Платон



Демосфен



Цицерон



Плутарх



2. Сұрақтарға жауап беріңіз





  1. Ежелгі Шығыс және ежелгі Батыс елдерінің білім беру ісін салыстырыңыз, ұқсатықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.

  2. Ежелгі Шығыс және Батыс ойшылдарының педагогикалық ой- пікірлерін сипаттаңыз.

  3. Орта ғасырлық Шығыс елдерінде неліктен білім және ғылым ісі Батыс елдеріне қарағанда ілгері дамыды, себептерін анықтаңыз?

  4. Орта ғасырлық ойшылдар педагогикалық ойдың дамуына қандай үлес қосты?

  5. Қайта өрлеу кезеңінің негізгі педагогикалық идеяларын сипаттаңыз



Әдістемелік нұсқау:
Дәріс мазмұнымен, берілген әдебиеттермен танысып жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.


Әдебиет: 1-3, 13, 17,25

жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау