Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум



жүктеу 0,97 Mb.
бет34/62
Дата16.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#42615
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы

ТАҚЫРЫБЫ: ІХ-ХІV ҒҒ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ГУМАНИСТІК НЕГІЗІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Мақсаты – Қазақстандағы педагогикалық ойлар дамуында ІХ-ХІV ғғ. ойшылдарының орнын көрсету
Мінез-құлықты тәрбиелеу мәселесінде Әл-Фараби ұстаздардың ролін оның жеке бас әдебіне үлкен мән береді. Шәкірттің аңғарымпаз ақыл иесі айтылғанның қажеттілігін түсініп мойындауы үшін оқытушының сапалық қасиеттері маңызды болса керек деген ой айтады.
Ғалымның “Музыканың үлкен кітабы” және т.б. еңбектерінде эстетикалық тәрбие, сондай-ақ музыканы қабылдау психологиясы мәселелерін жан-жақты қаралған. Әл-Фараби дидактика мәселелерімен де айналысқан. Өз еңбектерінде ол оқытудың көрнекілік, ғылымилық, жүйелілік, сабақтастық, ұғынықтылық секілді принциптеріне үлкен мән береді, “оқыту” ұғымының анықтамасын негіздеуге әрекет жасайды. Ол оқу-білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. “Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет”- дейді ұлы ұстаз.
Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік” атты шығармасы, бұл дидактикалық және этикалық жанрда жазылған шығарма. “Құтадғу білік” –түркі сөздері. Мұндағы “құтадғу” сөзі “құт”, “бақыт”, “құтты” деген мағынаны, екіншісі- “білік” яғни “білім”, “кітап” деген мағынаны білдіреді. Олай болса, “Құтадғу білікті” қазақша “құтты білік”, “білімді қуаттаушы кітап” немесе “ бақытқа жету ғылымы” деуге болады. Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолдарынан тұрады. Шығарма оқиғасына қатысатын төрт кейіпкер төрт қасиеттің (әділет, дәулет, парасат, қанағат) иесі болып табылады да, осы төртеудің арасындағы бақыт туралы сөздің жартысы диалогқа құрылған.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ


Сұрақтарға жауап беру


Мақсаты: ІХ-ХІV ҒҒ. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың гуманистік негіздері туралы білімдерін тереңдету
1.  Қазақстандағы педагогикалық ойлардың негізгі тарихи кезеңдерін сипаттаңдар.
2.  Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегі қандай педагогикалық көзқарастарды көресіңдер?
3.  Ежелгі түркі жазбаларындағы тағлым мәселелерінің мәнін көрсетіңіздер.
4.  Қорқыт-атаның (ІХғ.) педагогикалық-этикалық көзқарастарына баға беріңіздер.
5.  Әл-Фарабидің дидактикалық принциптерін және оның Қазақстандағы білім беру тарихы жүйесінде жүзеге асырылуын қарастырыңыздар.
6.  Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұнидің педагогикалық көзқарастарындағы гуманистік тәрбие идеяларын жинақтап және оның қазіргі заман педагогикасындағы маңызын ашыңыздар.
7.  “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” дегеннің мағынасын қалай түсінесіздер?
8.  “Құтты білік” дегенге қандай түсінік бересіздер?
9.  “Құтты біліктің” 29-30 тарауларында не жөнінде айтылады?
10. Ж.Баласұғұнитдің “Құтты білігіндегі” тәлім-тәрбиелік мәселелердің халық педагогикасымен сабақтастығын ашыңыздар.
11. Дастанның негізгі айтылатын мәселесі неде?
12. Құлқожа Ахмет Яссауидің шығармашылығындағы рухани-адамгершілік тәрбие мәселерінің өзектілігін неден көресіздер?
13. Қазақтың педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына исламның ықпалын ашыңыздар.


Әдістемелік нұсқау:
ІХ-ХІV ҒҒ. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың гуманистік негіздерін терең қарастырып түсіну үшін ойшылдардың еңбектерін оқып, оларға талдау жасау қажет.


Әдебиеттер: 1-3, 13, 17,25



жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау