И. В. Савельев жалпы физика курсы I том Алматы 2004


§ 76. Параметрлік резонанс



жүктеу 28,35 Mb.
Pdf просмотр
бет166/251
Дата25.05.2022
өлшемі28,35 Mb.
#38762
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   251
§ 76. Параметрлік резонанс
Өткен параграфта қарастырылған жағдайда сырттан 
түсірілген мәжбүр етуші күш системаныц те'пе-теңдік 
қалпынан ауытқуын тікелей тудырып еді.
Алайда системаны қатты теңселтетін 
сыртқы әсердің баска да түрі болады 
екен. Бұл эсер кезінде системаның кейбір 
параметр! тербеліспен үйлесе өзгереді, 
сондыктан құбылыстың өзі параметрлік 
резонанс деп аталады. Мысал үшін, қа- 
рапайым маятник — жіпке ілінген шарик- 
ті алайык. Егер маятниктің / ұзындығын, 
маятник шеткі калпына келгенде кыс- 
\
картып, периодты түрде өзгертіп отыр- 
\
сақ, онда маятник катты теңселеді. Ма-‘ 
г
ятнпк энергиясының артуы, бұл жағдай- 
да, жіпке эсер ететін күш атқаратын 
жұмыс есебінен болады. Маятниктін тер- 
белісі кезіндегі жіптіц керілуі тұрақты болмайды; жыл- 
дамдык нольге айналатын шеткі калыптарында ол аз, ал 
маятник жылдамдығы ең үлкен (максималь) мәніне 
жететін ортаңғы қалпында көп болады. Сондыктан маят­
ник ұзарған кездегі сырткы күштің теріс жұмысы, маят- 
никті қыскарткан кездсгі оң жұмыстан шама жағынан 
аз болады. Осының нәтижесінде сырткы күштіц период 
ішіндегі жұмысы нольден үлкен болады.
1 9 1 - с у p e r .
261


X Т А Р А У
ТОЛҚЫНДАР
§ 77. Толқындардың серпімді ортада таралуы
Егер серпімді (қатты, сұйық немесе газ тәрізді) Ьр- 
таның әйтеуір бір жерінде оның бөлшектерініц тербелі- 
сін қоздырсақ, онда бөлшектер арасындагы өз ара эсер 
салдарынан бұл тербеліс осы ортадағы бөлшектердің бі- 
рінен-біріне кейбір 
v
жылдамдықпен тарайды. Тербеліс- 
тің кеңістікте таралу процесі толқын деп аталады.
Толқын тарайтын ортаның бөлшектері толқынмен 
ілесін кетпейді, олар өзінін тегіе-теңдік калпының ма- 
ңында ғана тербеледі. Толқын таралатын багытпсн са- 
лыстырғандағы бөлшектер тербелісінің бағытына бай- 
ланысты қума және көлденең толқындар болын бөлінеді. 
Қума толқында ортаның бөлшектері толқынның таралу 
бағыты бойынша тербеледі. Қөлденең толқында орта- 
нын, бөлшектері толқынның таралу бағытына перпенди­
куляр бағытта тербеледі. Мсхапикалық көлденен тол- 
қындар ығысу кедергісі бар ортада ғана пайда бола ала- 
ды. Сондықтан сұйық және газ тәріздес. ортада тек қума 
толқын ғана пайда болуы мүмкін. Қатты ортада қума 
толқын да, көлдснең толқын да пайда болуы мүмкін.
192-суретте ортада көлденең толқын тараған ксздегі 
бөлшектердің қозғалысы келтірілген. /, 
2

3
және т. б. 
нөмірлермен бір-бірінен 1/4иГ-ға тең қашықтықга, яғни 
толқын бөлшектер ширек период жасағаида жүріп өткен 
қашықтықта түрған бөліпектер белғіленген. ('хомада 
нольдік уақыт ретінде алынған уақыт кезсціпде, то.чкын 
ось бойымен солдаи оцға қарай тарай отырып, / бол- 
шсгіне жетті. Соның салдарыпан басқа бөлшектерді өзі
2 f 2


мен ілсстіре отырып, бұл бөлшек тепе-теңдік қалыптан 
жогары карай ыгыса бастайды. Ширек период өткен соң
1
бөлшсгі шеткі жоғарғы қалпына жетеді; дәл осы кездс
2
бөлшегі тспе-тендік қалыптаи ығыса бастайды. Тағы 
да шпрек период өткенде біріпші бөлшск, жоғарыдан 
төмен қарайғы бағытта қозғала отырып, тепе-теңдік қа- 
лыптан өтеді. Екінші бөлшек шеткі жоғарғы қалыпқа 
жетеді, ал үшінші бөлшск тепе-тсцдік калыптан жоғары 
қарай ығыса бастайды. 
Т
шамасыпа тец уақыт мезстінде 
бірінші бөлшск тербелістін толық циклін бітіп, бастапқы 
кезсңдегідей қозғалыс күйінде болады. Бұл 
Т
уақыт ме- 
зетіндегі толқын, 
vT
жолын жүріп, 5 бөлшегіне жетеді.
H-t---------- ------------------
v T
— • ---------------------
192-сурет.
193-суретте ортада қума толқын таралған кездегі 
бөлшектердіц қозғалысы көрсетілген. Көлденең толқын- 
дағы бөлшектердің касиетіне байланысты барлық тұ&ы- 
рымдарды, жоғары және төмен ығысуларды оң және сол 
ығыселармен алмастыра отырып, берілген 
жағдайға 
көшіруғе болады. 193-суретке карағанда орта арқылы 
кума толқып өткенде, толқынның таралу бағыты бойын- 
ша 
'і'
жылдамдықпен қозғалатын, бөлшектердін алма-ке- 
зек ауысып отыратын тығыздалуы мен снреуі (бөлшек- 
тсрдің тығыздалуы сурстте пунктирмен белгілепген) пай- 
да болады.
Ылги толқын бар болып тұрған уақыттың ішінде ор- 
таныц бөлшектері өзінің тепе-тецдік қалпының маңында
263


тербеліс жасайды, әрі 192 және 193-суреттерде көрсе- 
тілгендегідей әр түрлі бөлшектер фазасы бойынша ығы- 
са тербеледі. Бір-бірінен 
vT
1 қашықтықта тұрған бөл- 
шектер бірдей фазада (фазаға 2л-ді косу ешқандай эсер 
етпейді) тербеледі, Бірдей тербелетін (бірдей фазада) 
ең жақын орналасқан бөлшектердің арасы т о л қ ы н
193-сурет.
ұ з ы п д ы ғ ы 
X
деғі аталады (толқынныц таралу бағы- 
ты бойымен есептелетін 
х
қашықтығының функциясы
ретінде 
қарастырыла- 
тын, бөлшектіц тепе- 
теңдік қалыптан 
I
ығы- 
суы кескінделген 194- 
суретті қараңыз). Тол- 
қын ұзындығы толкын- 
ның 
период 
ішіиде 
таралатын 
қашыкты- 
ғына тең болатындығы
(77.1)
Осы қатыстағы 
Т
шамасын 1/v [(62.9) өрнегін қараңыз]; 
v — тербеліс жиілігі І/v арқылы алмастырып, төмемдегі- 
ні аламыз:
Xv = v.
(77.2)
Соңғы қатысты төмендегі байлам арқылы да ал\та
1 Қарастырылатын бөлшектердің тепе-тецдік калпы бір-бірінон 
vT
шамасыпда қалып отыратындығы сскеріледі.
аиқын:
X = vT
264


болады. Бір секунд ішінде толқын көзі, әрбір тербеліс 
кезінде бір «жал» және бір «сай» туғыза отырып, v тер- 
беліс жасайды. Толқын көзі v-інші т.ербеліс жасаған 
кезсңде, бірінші «жал» v жол жүріп үлгереді. Сондықтан 
толқынның «жалы» мен «сайы» 
v
қашықтығында орна- 
ласуы ксрек.
Шындығында .v осі бойынша орналасқан бөлшекхер 
(192- және 193-суреттерде кескінделгендей) ғана емес, 
кейбір көлем ішіндегі бөлшектер жиыны да тербеледі. 
Тербеліс көзінен тарай отырып, толқынды процесс кеціс- 
тіктің жаңа бөліктерін қамти береді. Уақыт мёзетінде 
тербеліс келіп жеткен нүктелердің геометриялық орны 
толқын фронты (немесе толқындық фронт) деп аталады. 
Толқын фронты кеңістіктің толқындық процесс қамты- 
ган аймағын тербеліс әлі пайда болмаған аймағынан бө- 
ліп тұрған бет болып саналады.
Бірдей фазада тербелетін нүктелердің геометриялык 
орпы толқындық бет деп аталады. Толқындық бстті 
ксңістіктің толқындық процесс қамтитын кез келген нүк- 
тесі арқылы жүргізуге болады. Демек, уақыттың әрбір 
кезсцінде толқын фронты біреу ғана болғанымен, тол- 
қындық беттердің шексіз көп жиыны болады. Толқындық 
беттер қозғалыссыз қалып отырады (олар бірдей фаза­
да тербелетін бөлшектердің орныкты қалпы арқылы өте- 
ді). Талқын фронты үнемі орын ауыстырып отырады.
Толқындық бет кез келген формада болуы мүмкін. 
Қарапайым жағдайда олар жазықтық немесе сфера фор- 
масында болады. Осыған орай толқын д'а бұл жағдайда- 
жазық немесе сфералық деп аталады. Жазық толқында 
толқындық беттер бір-біріне параллель жазықтықтар, ал 
сфералық толқында — концентрлік сфералар түрінде бо­
лады.

жүктеу 28,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   251




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау