«Құқық» мамандықтары тобы бойынша оқу әдістемелік секциясының шешімі


Адамгершілікке қарсы қылмыстылықтың түсінігі



жүктеу 1,92 Mb.
бет3/9
Дата05.02.2018
өлшемі1,92 Mb.
#8502
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2 Адамгершілікке қарсы қылмыстылықтың түсінігі

Қоғамның адамгершілік бастаулары - қоғам мүшелерін, алдымен жас ұрпақты заңдық, моральдық, өнегелік тұрғыдан тәрбиелеудің тірегі ретінде танылады. Кез келген қоғамның, мемлекеттің тағдыр-талайы, ондағы адамдардың мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері, мұрат-мүддесі, халықтың адамгершілік ахуалының жай-күйіне байланысты. Қоғамдық адамгершілік қоғамда үстемдік етуші тәртіп, идеялар, әдет-ғұрыптар, салт-сана, қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен әділетсіздік, парыз бен ар-намыс жөніндегі түсініктер нормасына және ережесі жүйесіне орнығады.

Адамгершілікке қарсы қылмыстылық түсінігіне күні бүгінге дейін ортақ құқықтық айқындама жасалған жоқ. Әр қилы тарихи кезеңдегі әр халықтың өзіне тән әлеуметтік - экономикалық тұрмысы, шаруашылығы, тұрмыс салты, этномәдениеті, әдет-ғұрпы, жөн-жобалары, этнопсихологиясы, діни, қоғамдық санасы мен моралы, мемлекеттік заңдары мен мемлекеттілігінің қоғамдық-саяси құрылысы ерекшеліктеріне қарай адамгершілікке қарсы қылмыстардың сипаты және таралу көлемі әр түрлі болды.

Әрбір тарихи кезеңде қоғамдық сананың белгілі бір дәрежеде өзгеруіне орай, адамгершілікке қарсы қылмыстылықтың мәні мен түр-сипаты да өзгеріске ұшырап отырды. Оның түрлері қандай да бір қоғамда үстемдік еткен дін, мораль, идеология және заң талаптарына сай зерделеніп, я моральға жат құбылыс немесе қылмыстық іс-әрекет ретінде танылды. Осыған орай, адамгершілікке қарсы қылмыстылық түсінігіне түрлі анықтамалар берілді. Адамгершілікке қарсы қылмыстылықтың түсінігіне көне заманнан бері бүгінгі күнге дейін, әр елде әркелкі сипат берілді. Тіпті бір қоғамда қылмысты іске жатқызылған іс-әрекеттер өзге бір қоғамда тек бейморальдық қылық ретінде танылуы мүмкін.

Көптеген мемлекеттердің заңнамасында адамгершілікке қарсы қылмыстар жүйесі ХІХ ғасырда құрылды. Жүйе екі тұрғыдан қарастырылды. Бір елдерде адамгершілікке қол сұғушылыққа жыныс қатынастарына байланысты кез келген қылмыс түрі: зорлау, жезөкшелікке тарту, кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу т.б. жатқызылды. Екінші елдерде, мысалы, Бельгияда, қоғамдық адамгершілік кейбір нысандармен біріктіріле қарастырылып, дербес қорғалмады, ал Францияда отбасына қарсы қылмыстар құрамына енгізілді.

Ресейдегі жазалау жөніндегі ережелер бойынша, адамгершілікке қарсы қылмыстар қоғамдық жайлылық және қоғамдық орындардағы бекітілген тәртіп ережелеріне қарсы қылмыстардың бөлігі ретінде танылды да, кәмелетке толмағандарды азғыру, ашыналық, табиғи емес жыныстық қатынастар, ата-анасы немесе жұбайы тарапынан жеңгетайлық, қалыпты әдет-ғұрыпқа, сыпайылыққа кереғар шығармаларды дайындау, тарату, жариялау қоғамға қарсы қылмыстардың дербес түрі ретінде қарастырылды.

Қоғамдық адамгершілік Бельгияда жеке-дара емес, өзге кейбір обьектілермен бірге қарастырылса, Францияда отбасына қарсы қылмыстар құрамына жатқызылды.

Ресейде, 1903 жылғы Қылмыстық ережеде қоғамдық адамгершілікке қарсы қылмыстар өзге әрекеттер шеңберімен бірге байланыстырылды. Жеңгетайлық, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуі жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар құрамына жатқызылды. Қоғамдық адамгершілікке қарсы қылмыстарға есі ауысқандарға қатыгездікпен қарау, қайыршылыққа салыну немесе 17 жасқа толмаған адамдардың өнегесіз істермен айналысуы, сондай-ақ алкоголь тұтынумен байланысты және спиртті ішімдіктер ішуге, тыйым салынған қарта ойындарын ойнауға арналған көңіл көтеру мекемелерін ұйымдастыруға байланысты жекелеген әрекеттер енгізілді. Сол тәрізді жерленген немесе жерленбеген аруақтарды ұрлау немесе қорлау тәрізді дінге қарсы қылмыстар жатқызылды [16].

1922 жылғы және 1926 жылғы кеңестік Қылмыстық Кодекстерде қоғамдық адамгершілікті қылмыстық-құқықтық қорғаудың дербес нысаны ретінде қарастырудан мүлде бас тартылды. Сондай-ақ, «Есепке тіркелетін коллекцияларды және көне заман мен көркемөнер ескерткіштерін жасыру» басқару тәртібіне қарсы қылмыстар ретінде қарастырылды.

Тарихи-құқықтық талдау порнография түсінігі көне дәуірдегі қоғамда пайда болғанын және эротикалық туындылардан оның ара жігін ажыратуға талпыныс жасалғанын көрсетті. Аталған тарихи дәуірде жезөкшелік тәрізді порнография да қылмыстық қудалауға ұшырамаған.

Англияда, 1727 жылы әдепсіз туындылар (порнография) бойынша бірінші сот процесі жүргізілген. ХІХ ғасырда, өркениетті елдердің көпшілігінің заңнамасында порнографиялық материалдарды таратқаны үшін жауаптылық белгілеген қылмыстық-құқықтық нормалар бекітілген.

Порнографиялық материалдарды таратқаны үшін Ресейде, 1865 жылы алғашқы рет қылмыстық жауаптылық бекітілген. Дегенмен, революциядан бұрынғы ресейлік заңнамада аталған қылмыстың тек обьективтік жағының белгілері көрсетілген. Ал порнография түсінігі айқын анықталмаған.

Порнографияны таратуға 1910 жылғы Ұлттар Лигасы Келісімінде қылмыстық-құқықтық тыйым салу қарастырылған. Бірақ бұл құжат декларация түрінде болғандықтан, оған материалдық құқық нормасы енгізілмеген. 1910 жылғы Келісімде порнографиялық өнімдердің айналымын қысқарту жөніндегі жалпы нормалар көрсетіліп, ұсыныстар жазылған. Құжаттың қылмыстық құқық үшін жалғыз мәні онда порнографиялық сипаттағы материалдар мен заттардың жобалы тізімі жасалғандығында.

Келісімнің тиімділігі аз болуы себепті әлемдік қауымдастық 1923 жылы порнографиялық өнімдер айналымын болдырмау жөніндегі жаңа Конвенцияны қабылдады. Онда қарастырылып отырған іс үшін жауаптылықтың жалпы негіздері бұрынғыдан гөрі сараланып баяндалған. Алайда, 1923 жылғы Конвенция қандай да бір өзгерістер мен түзетулер енгізілместен 84 жыл бойы қолданыста жүр. Қылмыстық заңнама болса, бастапқы қалпында қалмай, қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де жағдайлардың өзгеруімен бірге дамытылып, жетілдіріліп тұрады. Конвенция қабылданғаннан бергі кезеңде көптеген елдерде сексуалдық революция болып өтті және жыныстық қатынасқа байланысты біршама ұғымдар қайта қаралды.

Ресейдің 1996 жылғы Қылмыстық Кодексінде қоғамдық адамгершілік қылмыстық-құқықтық дербес нысан ретінде қайта танылды. Қоғамдық адамгершілікке қол сұғушылық халықтың денсаулығына қарсы қылмыстармен байланыстырылып, адамгершілік түсінігі мәдениет саласы тәртібімен, өлгендер және жануарларға қатысты қылықтармен бірге қарастырылды [17].

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінің 10-тарауында халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстарға арнайы жауаптылық белгіленген және олар тікелей объектісіне байланысты екі түрлі топқа: халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінген.

Адамгершілікке қарсы қылмыстарға жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап), жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271-бап), сондай-ақ дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірту үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап); порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап); қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (274-бап); өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-бап); жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатқызылып, қылмыстық жауапкершілік жүктелген.

Жаңа Қылмыстық Кодекс бұрынғы кодекске қарағанда ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу жұмысы, шартты жаза, міндетті жұмыс, шын жүректен өкінуіне немесе талаптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) қолдануға кең жол ашылған. Мұндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.

Ағыбаев А.Н. адамгершілікке қарсы қылмыстарды төмендегідей жеке-жеке талдап көрсеткен.

Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап)

Жезөкшелікпен айналысуға тарту дегеніміз – бір адамның, я бірнеше адамның қандай да бір пайда табу мақсатында, түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, көбіне әйелдерді, кейде еркек адамдарды жыныстық қатынас жасауға ерікті немесе еріксіз түрде мәжбүрлеу.

Жезөкшелік дегеніміз - бұл әр түрлі адамдармен ақылы түрде әлденеше рет жыныстық қатынаста болу. Жезөкшеліктің мынандай негізгі белгілері бар: жыныстық қатынаста болу. Жыныстық қатынас әйел мен еркектің, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуалдық) арасында болуы мүмкін.

Әр түрлі адамдармен жыныстық қатынаста болу. Яғни бейберекет нәпсіқұмарлық қатынас жасау. Жыныстық қатынасты белгілі бір ақы алу үшін жасау.

Ақы төлеу ақшалай немесе басқа нысанда заттай, киім-кешек, косметикалық, парфюмериялық, асыл тастар, інжу-маржандар беру немесе басқадай қызмет көрсетулер арқылы жүзеге асырылады.

Жыныстық қатынас жасағанға дейін ақы төлеу жөнінде алдын ала келісімнің орын алуы.

Белгілі бір ақы алу үшін үнемі жыныстық қатынасқа түсу. Осыған орай ақы алып, бір рет жыныстық қатынаста болу жезөкшелікпен айналысу деп саналмайды. Жезөкшелік моральға жат құбылыс, онымен айналысатындардың бәрінің іс-әрекеті қылмыс қатарына жатпайды. Қылмыстық заңда Қылмыстық Кодекстің 270-бабының диспозициясында жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ғана жауаптылық көрсетілген.

Қылмыстың обьектісі – қоғамдық адамгершілік негіздері.

Жасы 18-ге толған әйел жынысты тұлға жәбірленуші болып табылады.

Қылмыстың обьективтік жағы жәбірленушіні күш қолдану немесе қолданумен қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін бүлдіру немесе жою арқылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тартудан тұрады.

Күш қолдану деп – соққы келтіруді, денені ауыртуды, денсаулыққа орташа ауырлықтағы дәрежеге дейін зиян келтіруді, яғни адам организміне күшпен жасалатын әсер туралы айтылады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру – Қылмыстық кодекстің 107-бабымен қоса жиынтық бойынша жауаптылық көздейді.

Жүйкеге күш қолдану әр түрлі қорқытуға, соның ішінде, осы қылмыстың құрамымен қамтылатын өлтіру туралы қорқытумен байланысты.

Өз мүдделеріне қысым жасаушылыққа жол бермеудің шарты ретінде басқа тұлғаның ықпалымен, әйелді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін кез келген жағдай, яғни қаражат, қызмет тәуелділігі тәуелді жағдай деп аталады.

Бопсалау, жезөкшелікпен айналысуға тартудың тәсілі ретінде, масқаралаушы сипаттағы мәліметтерді әйел үшін қадірлі үшінші тұлғаға жеткізу туралы қорқытудан тұрады. Сірә, бұған өзінің моральдық, адамгершілік нормалары бойынша масқаралаушы болып табылмағанымен, жәбірленушінің өз құпиясында сақтағысы келетін мәліметтерді (жеке басқа қатысты мәселелер, бала асырап алу құпиясы, тағы басқа) жариялау мен қорқытуды да жатқызу керек шығар. Бопсалау, жарияланушы мәліметтердің шындық немесе жалған болуына қарамастан, жезөкшелікке тартудың тәсілі ретінде орын алады. Қорқытуды іске асыру аталған қылмыстың құрамына енбейді, сондықтан жала жабушы жалған мәліметтер жарияланған жағдайда бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 129-бабымен жиынтығы бойынша бағалануы тиіс.

Әйелдің киімін, үйінің мүлкін, автомашинасын, т.б. пайдаға аспайтындай істен шығару оның мүлкін жою немесе бүлдіруді білдіреді.

Бұл қылмысты жасаудың тәсілі есептелетін алдау - әйелдің үшінші тұлғалармен ашыналық байланысқа баруының шын мақсаттарын жасырудан құралады.

Қылмысқа тарту басталған сәттен бұл қылмыс аяқталған болып саналады. Сөйте тұра, бір жолғы ақылы ашыналық байланысқа көндіру бұл қылмыстың құрамына кірмейді.

Бұл қылмысты жасау тәсілдері әйелдің өзіне ғана қатысты болуымен қатар, өмірі, абырой, денсаулығы, намысы, жеке мүлкі жәбірленуші үшін қадірлі болып табылатын оның жақындарына да қатысты орын алуы мүмкін.

Қазіргі кезде жезөкшелік кең таралып, притондар мен кездесу үйлері, жезөкшелерге тапсырыс қабылдайтын құрылымдар жүйесінен тұратын ұйымдасқан топ сипатталып отырғанын атап өту керек.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат әр түрлі болуы мүмкін, олардың қылмысты саралауға әсері жоқ.

Себептердің бағалау үшін маңызы жоқ, бірақ, әдетте, ол - пайдакүнемдік болып табылады.

Қылмыстың субъектісі әйел не еркек жынысты, 16 жасқа толған кез келген тұлға танылады. Қылмыстық кодекстің 270- бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: ұйымдасқан топ, сол сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны, не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабында берілген. Бұрын сотталған адамға Қылмыстық кодекстің 271-бабы бойынша сотталып, сотталғандықтан арылмаған не сондай атағы жойылмаған адамдар жатады.

Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271-бап)

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік болып табылады.

Қылмыстың заты - жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар.

Притондар деп - ақы алып жезөкшелікпен айналысуға адамдардың кез келген нысандағы жыныстық қатынасты жүзеге асыратын арнайы жабдықталған тұрғын жайлары немесе жабдықталмаған кез келген тұрғын үйге жатпайтын жайларды (автобус салоны, күзет үйлері, кеңсе бөлмелері, казинолар түнгі сауықтыру орындары т.с.с ) айтамыз.

Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық арқылы көрініс табады.

Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деп, оны құруға арналған кез келген іс әрекеттерді айтамыз. Оған тұрғын жайды табу оның иесімен шарт жасасу, осы жайларды жезөкшелікпен айналысуға жабдықтау (мебельдер қою, гигиеналық құралдар, жамылатын, басқадай қажетті киімдер), жезөкшелікпен айналысуға бейім клиенттерді табу, күзет және қауіпсіздік шараларын белгілеу жатады.

Притонды ұстау деп - тұрғын жайларды жезөкшелікпен айналысу үшін үнемі жалға бере отырып, сол үшін ақы алу, осы жайларды күтіп ұстауды, күзетуді, оған қажетті жабдықтарды қамтамасыз етіп отыруды жүзеге асыруды айтамыз. Жезөкшелікпен айналысуға пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау деп осындай тәсілмен жыныстық қатынастар жасауға бейім адамдарды іздестіріп, оны бір-бірімен кездестіруді, притонды ұйымдастырушы мен оны ұстаушыларға осындай клиенттерді тауып беріп, сол үшін тиісті ақы алушылықты айтамыз.

Жеңгетай еркек пен әйелдің секске қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың тезірек танысуларына ықпал жасайды.

Қылмыс обьективтік жақ көзделген әрекеттердің басталу сәтінен аяқталған болып есептеледі, яғни құрылымы бойынша формальдық құрамға ие.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғанын немесе ұстағанын, соған пайдакүнемдік мақсатпен жеңгетайлық жасағанын сезеді, біледі және сондай әрекеттер істеуді тілейді.

Жеңгетайлық үшін пайдакүнемдік мақсат – міндетті белгі болып табылады. Притондарды ұйымдастыру және ұстау бұл мақсатсыз да жасалуы мүмкін.

Қылмыс субъектісі 16 жасқа толған тұлға. Бағаланушы құрам дәл осы қылмысты ұйымдасқан топтың, сол сияқты, осы қылмыс үшін немесе жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін бұрын сотталған тұлғаның жасауымен ауырлай түседі.



Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап).

Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап) қылмысының заты – есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік заттар немесе басқа құралдар болып табылады. Есеңгірететін дәрілік заттардың тізімі немесе басқа құралдар арнаулы құқықтық нормамен белгіленген.

Заттар, олардың дәрілік құралдардың құрамдас бөлшектері болып табылатын дәрілік түрлері, адам денесінің ішінде немесе сыртында уақытша не ұзақ мерзім болу үшін арналған заттар немесе материалдар, сол сияқты, емдеу – сауықтырушы тағам өнімдері, тағамдық қоспалар, өнімдер, аурудан анықтау, алдын алу, емдеу мақсатында қолданылатын құралдар, қондырғылар дәрілік заттарға теңестіріледі.

Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объект - адамның денсаулығы.

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін орын ұсынудың бұл кеселге ұшырағандығын таба біліп, оларды дер кезінде емдеуді қиындататындығынан тұрады, «дәрілік құралдар» (дәрілік препараттар) - әр түрлі текті (өсімдік, мал, синтетика, минерал, биотехнология және т.б.), өзіне тән ерекше, фармакологиялық белсенділікке ие заттар немесе сол заттардың аурудың алдын алу, оны анықтап, емдеу үшін қолданылатын дәрілік түрлері.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда, есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік немесе басқа құралдармен заттарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ осы мақсаттары үшін үй- жай беру арқылы жүзеге асырылады.

Осындай есеңгірететін заттарды пайдалану үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстаудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 271-бабында берілген. Осы мақсаттарға үй-жай беруге ақы алып, үнемі осындай дәрілік немесе басқа құралдармен заттарды пайдаланып есеңгіреткісі келетіндерге үй-жайды жалға беретін әрекеттерге жатады. Орын тауып беру – көрсетілген мақсаттар үшін бір жолғы орын беру, яғни, бұл қылмыстың жүйелігі жоқ.

Қылмыс құрамы формальдық, ол осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген соң аяқталған деп табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам өзінің істеген іс-әрекетінің заңға қайшы екенін сезеді, бірақ соны жүзеге асыруды тілейді. Яғни, субьективті жақ тұлғаның обективті жақтың әрекеттерін орындау мақсатын, дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін екендігін түсініп – білетіндігімен сипатталады.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы. Есеңгірету үшін притон ұйымдастырған немесе ұстаған не осы мақсатттарға үй-жай берген 16 жасқа толған тұлғаны заң аталған қылмыстың субьектісі деп таниды.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді ұйымдасқан топ жасаса, қылмыстың ауырлататын түріне жатады (272-бабтың 2-тармағы).

Заң Қылмыстық кодекстің 264-бабында көзделген әрекеттен бұл қылмыстың айырмашылығын есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттардың қатарына кірмейтін құралдарды пайдаланудың организмге әсерінің медициналық қасиеттерінен көріп отыр.



Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап)

Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратуға халықаралық құқық нормасымен тыйым салынған. 1923 жылы “Порнографиялық бұйымдарды тарату және олармен сауда жасауға қарсы шаралар туралы” Женева Конвециясы қабылданған. Осы Конвенцияға қосылған барлық мемлекеттер өздерінің ұлттық Қылмыстық Кодексінде осы тектес іс-әрекетті қылмыс деп танып, жауаптылық белгілеген.

Порнографиялық материалдарды немесе заттарды таратудың қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер жасөспірімдердің дене бітімі немесе психикалық адамгершілік жағынан дұрыс дамып жетілуіне теріс әсер етеді, жыныстық қатынастар туралы оларға кереғар нанымдарды уағыздайды, мұндай материалдармен танысу арқылы олар әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерін, тағы басқадай түрде азғындау әрекеттерін жасауға әсер етуі мүмкін.

Қылмыстың заты - порнографиялық мазмұндағы заттар, альбомдар, кино және бейнефильмдер, баспа өнімдері, порнографиялық материалдар (фотосуреттер, открыткалар, ойын карталары т.б.).

Порнография - шектен шыққан әдепсіздіктер арқылы жыныстық қатынастардың көргенсіз, жүгенсіз түрлерін, астамшылығын бейнелейтін көрініс болып табылады. Порнографиялық материалдардың барлығы да - секске қатысты суреттерінде барып тұрған әдепсіздік пен арсыздықты білдіретін заттар.

Сондай-ақ порнографиялық материалдар:

а) мәдени, көркем және өзге де құндылықтарға жатпайды;

ә) сюжетсіз, тым қарабайыр болады;

б) әдетте, туындылар (кино және видео өнімдері) сценарийлерінің авторлары, режиссерлері және рөлдерді орындаушылардың аты-жөні көрсетілмейді;

в) жыныс мүшелері, жыныстық әрекеттер мен өзге де нәпсіқорлық әрекеттер ірі көлемде көрсетіледі.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, азаматтардың ары, адамгершілік қасиеттері.

Қылмыс объективтік жағынан порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сондай ақ порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино немесе бейне материалдарды, суреттерді немесе өзге заттарды заңсыз сату арқылы жүзеге асырылады.

Порнографиялық материалдарды немесе заттарды жасауға, осыған жататын шығармаларды, суреттерді, фотобейнелерді толық жасау немесе осындай затттарды монтаждап құрастырулар жатады. Порнографиялық мазмұндағы заттың немесе материалдың басқа тұлғаларға ауысуы немесе порнографиялық материалдың мағынасын олардың санасына жеткізу – таратуды білдіреді (көрсету, сыйлау, дауыстап оқу т.б.).

Бұл заттар мен материалдардың мақсаты - әсіресе кәмелетке толмағандардың жүйкесінің бұзылуына, жыныстық қатынасқа деген теріс, жағымсыз көзқарас тудыру болып табылады. Олар нәпсі мен эротика жайында теріс көзқарас қалыптастырып, нәпсіқұмарлықты бұзылған жолмен қанағаттандыру қажеттілігін туындатып, жеке бастың, әсіресе кәмелетке толмағандардың, адамгершілік тұрғыдан азуына, жыныстық қызметтің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осыған орай, оларды дайындап, жарнамалап, таратудың қоғамдық қауіптілігінің деңгейі жоғары.

Материалдар мен заттардың порнография қатарына жатқызылу мәселесі әр жақты жағдай бойынша өнер тұрғысынан сараптауды қажет етеді.

Тарату деп - порнографиялық материалдарды немесе заттарды басқа адамдарға сыйға беру, сату немесе кез келген басқа тәсілмен оларды басқа адамдарға беруді айтамыз.

Жарнамалау деп - порнографиялық заттарды, материалдарды басқаларға көрсету, олар туралы шектен тыс көптеген адамдарға ақпарат беруді атаймыз.

Сату деп - осы көрсетілген заттарды басқаларға ақы алып, беруді атаймыз. Көрсетілген әрекеттердің барлығы заңсыз болады, яғни құзыретті органдардың тиісті рұқсатынсыз жасалады. Сатуды, заң, таратудың бір түрі ретінде, айыптының әрекеттерінің нақты себебіне қарай қарастырылып отырған қылмысты жасаудың бөлек тәсіліне жатқызады. Заң көрсетілген материалдарды немесе заттарды осы үшін қатаң түрде белгіленген жерлерде ғана рұқсат етілген сатуды, таратуды, жарнамалауды ескере отырып, жасаушы әрекеттерінің заңсыз сипаты үшін ғана жауаптылық туралы сөз қозғайды.

Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген (273-баптың 1-ші тармағы) әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Адам порнографиялық заттарды заңсыз дайындайтынын, тарататынын, жарнамалайтынын және сататынын сезеді, біледі және оларды жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған тұлға.



Қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (274-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік. Қылмыстың заты - қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындылар. Оларға баспа басылымдары, кино немесе бейне материалдары, сондай ақ қатыгездікпен күш қолдануды насихаттайтын кез келген жазбаша бағдарлама көздері (кітаптар, мақалалар, бейне таспалар, слайдылар) жатады. Бұлардың арқасында бұған дейін адамгершілік нормаларға байланысты ардақталып келген рухани құндылықтар жойылып, адамның онымен қатар өмір сүріп келе жатқан ең маңыздды игіліктері – оның өмірі мен денсаулығына деген немқұрайдылық үстемдік алады. Аталған шығармалардың сипатын анықтау туралы мәселені шешу – сарапшылардың еншісіне тиеді, яғни өнер тұрғысынан сарапталуы тиіс.

Қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттаудың түпкі мақсаты басқаға аяусыз күш қолдануды, барлық адам төзгісіз әрекеттерді істеуді асқақтатуды, опасыз сезімдерді қоздыру болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы бірнеше әрекеттерді істеуден тұрады:

1) қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын шығармаларды дайындау. Бұған осы заттарды жасау, көбейту әрекеттері жатады;

2) көрсетілген заттарды тарату. Бұған осы шығармаларды тұрақты немесе уақытша пайдалануға, танысуға бір немесе бірнеше адамға беру жатады;

3) жарнамалау. Осы көрсетілген заттарды баспасөз құралдары арқылы немесе басқа тәсілдермен көпшілікке көрсетіп, насихаттау;

4) көрсету, яғни кино немесе бейне материалдарды, слайдыларды, фотографияларды, суреттерді басқаларға көрсету;

5) сату. Көрсетілген заттарды, материалдарды тиісінше ақы алып басқаларға өткізу әрекеттері.

Аталған қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл әрекеттер субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын материалдар мен заттарды заңсыз дайындайтынын, тарататынын, жарнамалайтынын, көрсететінін, сондай ақ осы материалдарды заңсыз сататынын түсінеді, біледі және соған ниеті бар. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға.



жүктеу 1,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау