ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Орда дәуіріндегі әдеби мұралар-
дың ғылыми тұрғыда тексерілуіне
жол ашты. Мысалы, осы 1970 жыл-
дардың басынан-ақ фарабитану
ілімінің ірге тасының қалануы дә-
лел болады. Әл-Фирабидің түркі
жұртына, оның ішінде қазақ халқына
қатысын тұңғыш танытқан А. Ма-
шановтың «Әл-Фараби» (1970),
А. Көбесовтің «Әл-Фараби» (1971),
Н. Төрекұловтың «Әл-Фарабидің
әдеби мұрасы» (1975), М. Бура-
баевтың «Аль-Фараби и разные нау-
ки и культуры стран Востока» (1975)
және тағы да басқа зерттеулер мен
мақалалар жарық көрді. Фарабитану
саласында ғылыми іс-шаралар өткізу
жұмыстары шұғыл қолға алынды.
1973 жылы Алматыдағы Азия, Аф-
рика елдері жазушыларының V кон-
ференциясы ұлы ғалымға арналса,
1975 жылы ЮНЕСКО көлемінде
өткізілген «әл-Фараби және шығыс
елдері әдебиеті мен мәдениетінің
дамуы» атты конференция әлемнің
«екінші Ұстазы» атанған «Шығыс
Аристотелінің» даңқын әлемге паш
етті.
Бұл саладағы зерттеу жұмыстары
күрделене және жүйелене бастады.
Орта ғасырлардағы жазба мұралар
мен жәдігерлер жеке жинақ болып
жарыққа шығуына байланысты ғы-
лыми тұрғыда жан-жақты зерделеу
жұмыстары жүргізілді. Түркі дү-
ние
сінің әлемдік өркениетке қосқан
әдеби-мәдени және ғылыми табыс-
тары тарихи тұрғыдан саралана
бас тады. Әл-Хорезми, Әбу әли ибн
Сина, Әбу Райхан Бируни секілді
ғалымдар мен «Шығыс жұлдыздары»
аталған ақындар шығармашылығы
кеңінен насихаттала бастады. Мәсе-
ле – ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің осындай келелі мәселелерді
зерттеуге толық дайындықта бо-
луында. Маркстік-лениндік әдіснама-
ның, оның «тұрпайы социологизм-
ге» сүйенген әдебиеттің таптығы
қағидасының құрсауынан аз да болса
еркіндік алған ұлттық әдебиеттану
бар мүмкіншілігінше өткен кезең-
деріндегі қателіктерін, тіпті кейде
ақылға симайтын жаңсақтықтарын
нақты түзете бастады.
Бұл А. Игүнекидің «Құдатғу бі-
лік», М. Қашқаридің «Дивани лұғат
ат-түрік», С. Бақырғанидің «Ақи-
қат сыйы» секілді еңбектерінің төл
әдебиетімізге қарым-қатынасы мәсе-
лесін шешіп берді.
Жоғарғы оқу орындарында жеке
пән ретiнде жүргiзiлiп, оқу бағдар-
ламалары түзiлдi, оқулықтар жа-
зылды. Бұл iске маркстік-лениндік
әдіснама мен кеңестік идеология
шырмауында көбіне-көп тартын шақ-
таумен келген Ғылым академия сы-
ның ғалымдары да араласа баста-
ды. Олар «ХV-ХVIII ғасырлардағы
қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дә-
уiрдегi қазақ әдебиетi» (1983) де-
ген жинақтар шығарды. Бұл Б. Кен-
жебаевтың «Әдебиет белестерi»
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
373
Достарыңызбен бөлісу: |