|
Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбжOkulik XX kazak adebietІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
бағдардың басталуына сай зерт-
телу нысанасына нақты түскені
оған айқын дәлел. Сонымен қатар,
оны осы кездегі сын, рецензиялық
мақалалардағы көркем шығарманың
ішкі құрылысына қарай талдау
жасауға деген қадамдардың аяқ алы-
сынан да көруге болады. Бұл қазақ
әдебиетінде әдеби жанрлардың да-
му жолын тексеруде деген ізденіс-
тердің басталуына, жанр табиғатын
теориялық тұрғыда танып білу жо-
лындағы алғашқы барлаулар жасала
бастауына әкелді.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
дің осы кезеңдегі екінші жетістігі
оқулықтар, ғылыми мақалалар жә-
не зерттеу еңбектердегі тексеріле
бастаған ақын-жазушылардың қа-
зақ әдебиеті тарихындағы ала-
тын орындарының дұрыс жөне
әділ бағалануы еді. Оған біз қате
қау лы лардың қағидаға айналған
тұжырымдары өз күшін жойғаннан
кейін ғана көз жеткіздік. Көптеген
дарындардың әдеби мұрасын зерт-
теудегі осы маңызды бастаманы
тек соңғы он жыл ішінде ғана жал-
ғастыруға мүмкіндік туды. Оған
дейін қазақ әдебиеттану ғылы-
мының 1940 жылдарда-ақ қол жет-
кізген осы табысы бұрмалана түсін-
діріліп келді. Ол «Қазақ әдебиеті
тарихының» ІІІ томында: «Алайда
соғыс кезінде жазылған оқулықтар
мен зерттеу еңбектерде идеялық қа-
теліктер жіберілді. Өткен дәуірдегі
ақындардың бәрін бірдей халық
ақыны, ағартушы-демократ етіп
көр сетпек болған көзқарастар, яғни
«бірыңғай ағым» теориясы бұл
тұстағы қазақ әдебиетшілерінің ең-
бектерінен орын алды. Сондықтан
әдебиет тарихын зерттеуде орын
тепкен қате-кемшіліктер мен шала-
ғайлықтар мезгілінде және соғыстан
кейінгі дәуірде партияның идеоло-
гия мәселелері жөніндегі қаулыла-
рында сыналып көрсетілді», – деп
бағаланды [27, 160]. Бұл – негізсіз
және тым артық айтылған пайым-
дау. Себебі, осы 40-жылдардағы
оқу құралдары мен зерттеулерді қа-
растырғанда, классик деп тану үш
ұлы ағартушы-ойшылымыздан бас-
қа тек Сұлтанмахмұтқа байланысты
айтылған екен. Ал бұл шындықтың ау-
лынан алыс жатқан жоқ. Оның өзінде
де ақынның Қазан төңкерісін бірден
түсінбей «адасушылыққа» ұшыра-
уын таптық көзқарасқа сай түсінді-
ре кету де назардан тыс қалмаған.
Зерттеушілер бұлардан басқа ақын-
жазушылар мұрасын сөз еткенде,
қоғамдық және дүниетанушылық
көзқарастарын ашуға айрықша кө-
ңіл аударуы маркстік-лениндік әдіс-
нама талаптарынан табылуға деген
амалсыздықтан еді. Бұл жерде біз
коммунистік идеялар мен таптық
көзқарасқа біржола берілгендік се-
німді жоққа шығарайын деп отыр-
ған жоқпыз. Тым өріс алып кете
қой мағанмен ол да болғаны жалған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
295
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|