ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
туралы көзқарасының да ықпалынан
таза болды. Д. Қамзабекұлының айту-
ына қарағанда, сол кезде әдебиет сын-
шысы ретінде танылған Ә. Байділ дин
ҰХҚ архивінде сақталған «Алаш-
ордашылар мен оңшыл коммунис-
термен күресімнің нақты айғақта-
ры» аталған жазбасында бұл жинақ
пен энциклопедия «ұлтшыл, алаш-
шыл» атанған ақын-жазушыларға
мызғымастан ескерткіш соқты» деп
айыпталған. Бұлар ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің ғасыр басынан
бері келе жатқан таза ғылыми кес-
кін-келбетін сақтап, қате теория-
лар мен жаңа заман идеология сына
беріле қоймай жазылған еңбектер
еді. Өйткені «ұлтшыл-алаш орда-
шы ларды» әшкерелеу басталған
1930 жылдың басынан бастап бұл
сипаттағы мақалалар сиреп кетті,
енді туа бастаған қазақ әдебиеттану
ғылымында маркстік-лениндік әдіс-
нама толық үстемдік алып кетті.
Осы мақалалар көтерген жаңа
бастаманы «тұрпайы социологизм-
ге» қарсы бағытта жазып, қазақ әде-
биеттану ғылымындағы ғылыми-
зерттеу принциптерін меңгеріп қал-
ғанын дәлелдейтін, классикалық
мұ раға лениндік қағидаларға сай
баға беруді насихаттаған бірталай
мақалалар жалғастыра түсті. Тари-
хи шындық тұрғысынан келсек,
маркстік-лениндік әдіснама негізін-
де жазылған алғашқы зерттеулердің
қазақ әдебиеттану ғылымының туу
процесінде өзіндік мәні де бол-
ды. Олар ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірді қате теориялар мен концеп-
циялар жетегінде кетіп, ұзақ уақытқа
қателесуден сақтап қалды. Сондықтан
1920 жылдардың орта шенінен бас-
тап жазылған зерттеулерді сөз еткен
уақытта оларды «бірыңғай ағым тео-
риясы» ықпалындағы, «тұрпайы со-
циологизм» көзқарасындағы, маркс-
тік-лениндік әдіснама негізіндегі
жә не таза ғылыми-зерттеулер деп
төртке бөлеміз. Бұлардың алғашқы
үшеуін анықтау қиын болмағанмен,
соңғысын тап басып тану, әрине
күрделі болмақ. Өйткені алғашқыда
маркстік-лениндік ілімнің догмалық
қағидалары мен жаңа заман идея-
ларына ашық қарсы шығып мо-
йындамағандар бар да, кейінірек
зор лықшыл идеологияға жасар еш
шарасы болмай, ұлттық әдебиеттану
ғылымы мен сынын дамыту жолын-
да оны бет перде ретінде ұстай оты-
рып ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізгендер бар.
С. Мұқановтың және басқа да
«тұрпайы социологизмді» жақтау-
шылардың пікірлеріне қарсы дәлелді
де дәйекті ой айтқан Қ. Кемеңгер-
ұлы «Көркем әдебиет туралы» атты
мақаласында өнердегі дәстүр мен
тарихи сабақтастық туралы Луна-
чарский пікірін негізге ала отырып,
қазақ әдебиетінің үлгі алар арнасы
өткен дәуірдің классикалық мұрасы
мен орыс әдебиеті деген қорытынды
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
161
Достарыңызбен бөлісу: |