ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Оған ҚазАПП басқармасы қоштау
жауабын береді. Әрине, бұлардың
негізінде әдеби мұраны маркстік-
лениндік зерттеу принциптеріне сай
тексеру мен партияның ғы лыми-
зерттеу жұмыстары туралы саясаты
жатқаны айтпаса да түсінікті. Бұл
әдебиеттің таптығын қатты даңға-
залаған «тұрпайы социоло гизмді»
жақ таушыларға тежеу салғандай ба-
ғытта болды да зерттеу жұмысы жан-
дана түсті.
Мәдениет, өнер, әдебиет сала-
сындағы зерттеу жұмыстарын бір
арнаға салып басшылық жасап оты-
ратын ғылыми орталықтың қа жет-
тілігі қатты сезілді. Осының әсе-
рі нен 1933 жылы қазақ халқының
ұлт тық мәдениетін зерттейтін ғы-
лыми-зерттеу институты ашылды.
Институт әдеби мұраны зерттеу, иге-
ру жұмыстарында бірталай нәтижеге
жетті. Әсіресе, Қазақстанның бар лық
облыстарына ғылыми фольклор лық
экспедициялар шығарып, жинаған ма-
териалдарды сұрыптап, нұсқала рын
салыстыра отырып мақалалар жазу-
да, әдеби талқылаулар ұйымдастыру-
да және алғы сөз жазып, жеке кітап
етіп шығаруда университеттің қазақ
әдебиеті кафедрасы мен институт
бірлесе жұмыс жүргізді. Осының
нә тижесінде Ұлы Отан соғысына
де йінгі дәуірде ауыз әдебиетінің әр
түрлі жанрларына арналған жинақ-
тар басылып, еңбекші халықтың ру-
хани қазынасына жарады. Мысалы,
С. Сейфуллин «Қазақтың ескі әдеби
нұсқалары» (1931), «Батырлар жы-
рын» (1933) құрастырып шығарды.
Сол секілді ұлт мәдениеті институты
шығарған «Қазақ совет фольклоры»
(1935), «Қазақтың мақал-мәтелдері»
(1935), «Мысалдар» (1936), «Ал-
дар Көсе» (1936), «Сексен өтірік»
(1937), «Қазақ ертегілері» (1939),
«Батырлар» (1939), «Жұмбақтар»
(1940) т.б. жинақтар жарық көрді.
Осы жинақтардың негізінде мектеп-
тер мен оқу орындарында хресто-
матиялар дайындалды. 1936 жылы
Мәскеуде өткен қазақ өнері мен
мәдениетінің он күндігінің өтуіне
байланысты М. Тарковскийдің ауда-
руымен «Қобыланды батыр» жыры
(1937), Л. Макеевтің құрастыруымен
«Қазақ ертегілері» (1940), сол сияқты
«Қазақ антологиясы» (1940), «Қазақ
ақындарының өлеңдері» (1937) т.б.
жинақтар орыс тілінде шықты. Сол
сияқты «Қазақтың ХІХ ғасырдағы
қазақ көтерілісі туралы жырлар»
(1936), Ж. Жабаевтың «Өлеңдері
мен поэмалары» (1937, 1938), т.б.
халық шығармашылығы мен кеңес
дәуіріндегі фольклор үлгілері орыс
тіліне аударылып басылды. Қазақ
фольклористикасы мен әдебиеті-
нің тарихын зерттеу ісіне белсене
араласқан С. Сейфуллин, М. Әуезов,
Қ. Жұбанов, С. Мұқанов, Е. Ысма-
йылов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев,
Т. Нұртазин, М. Ғабдуллин, Ә. Мар-
ғұ лан сынды ғұламалар әдебиеттану
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
124
Достарыңызбен бөлісу: |