ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ну ғылымына қосылған үлкен үлес
қана емес, әдеби-тарихын зерттеу
бағытындағы ой-пікірдің ғылыми си-
патын көтере түскен еңбек деп баға-
лау керек.
Қорыта келгенде, М. Әуезовтің
«Әдебиет тарихы» оқулығы мен
Х. Досмұхамедовтің «Қазақтың ха-
лық әдебиеті» атты қысқаша очеркі
1920 жылдардағы әдеби-теория лық,
әдеби-тарихи талдау жасай тексе ру
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірді жаңа белеске көтерді. Бұл
еңбектер жаңа туып, дами бастаған
қазақ әдебиеттану ғылымының ал-
дына екі бірдей міндетті шешу про-
блемасын қойды. Оның біріншісі –
осы еңбектерде классификациялаған
фольклорлық жанрлар мен түрлерді
әр сала бойынша тереңдете зерттеу
болса, екіншісі – сөз болған ақын-
жыраулар шығармашылығы ғылыми
тұрғыдан зерттеп бағалау арқылы
қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге
бөліп тексеру міндеті. Бұл салада
іздену жолындағы жұмыстардың ғы-
лыми сипаттағы мақалаларда қалай
жүзеге асқанын жоғарыда айтқан
болатынбыз. Сөз орайы келгенде
айта кететін бір мәселе, бұл екі ең-
бек те жоғары оқу орындарының
оқу жүйесінен тұрақты орын алған
оқулық дәрежесіне жете алмады.
М. Әуе зовтің еңбегі баспадан шық-
пай жатып таралмай қалса, Х. Дос-
мұхамедов кітабының да тағдыры
ұзаққа бармады. 1928 жылы ашылған
университеттің (қазіргі Абай атын-
дағы университет) проректоры, про-
фессоры болған Х. Досмұхамедов те
қазақ зиялыларының басына 1929-
1930 жылдары төнген нәубеттің ке-
сірінен қуғынға ұшырып,еңбектері
жат идеядағы жұмыстар деп таныл-
ды. Бұдан шығатын қорытынды: 1930
жылдарға дейін жоғары оқу орын-
дары мен педтехникумдер қазақ әде-
биеті пәнінен қажетті оқулық тармен
қамтамасыз етілмей қалған.
Бұлар 1920 жылдардағы фоль-
клортану саласындағы әдеби-тео-
риялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір ді бір жүйеге түсірген, фольклор-
лық мұраны классификациялау, әр
жанрын тереңдете зерттеу пробле-
масын тұңғыш рет көтерген ғы-
лыми еңбектері еді. Сол себептен де
қазақ әдебиеттану ғылымының туу
процесіндегі тарихи маңызы мен
алатын орны ерекше екені анық.
1920 жылдардағы ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікірдің фольклортану
саласындағы осындай ізденістері
оты зыншы жылдары жалғаса түсті.
Бұл кезеңде ғылыми-зерттеу жұмыс-
тарында маркстік-лениндік әдісна-
ма өз үстемдігін құрғандықтан ұлт-
тық әдеби-тарихи, әдеби-теориялық
ой-пікір оған бейімделе бастады.
Өйткені, «ұлтшыл-алашшыл» атан-
ған «бірыңғай ағым теориясын» жақ-
таушылардың 1929-1930 жылдары
атылғаны атылып, қалғаны сотталып
кетіп еді. Олардың ішінде маркстік-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
122
Достарыңызбен бөлісу: |