2014 жылы Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру туралы АҚПАРАТ
Мемлекеттік жастар саясатының қойған мақсаттарын атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктердің күштерімен ауданның бекітілген іс-шаралар жоспары, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін жүзеге асыру жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережесін жүзеге асыру бойынша Шемонаиха ауданында іс-шаралар жоспары құрылды.
Жастармен жұмыс істеудегі басты мақсат – өз ойын білдіруге жағдай жасау, өзіндік сана-сезімнің жоғарылауы мен жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, жастардың күрделі мәселелерін шешу.
Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру үшін 2014 жылы 14 418,0 мың теңге және Жастар орталығына 11 995,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, сонымен қатар үкіметтік емес жастар ұйымдарымен жүзеге асырылатын жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған жобаға 3 323,0 мың теңге (ҚҚС есепке алғанда) бөлінді.
Келісім шарттар жасалды:
- «Эко Грин» ЖҚБ, «Туристік-эколого-өлкетану жұмыстарын насихаттауға бағытталған шекаралық қарым-қатынастар меморандумы аясындағы, жастардың белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шаралары мен аудандық іс-шаралары» жобасын жүзеге асырды, 1071,0 мың теңге;
- «Жастар үлгісі» ЖҚБ, «Жастар саясаты дамуының барысын 2050-ге дейінгі Қазақстанның дамуының стратегиялық бағыттарының қозғалысын ақпараттық қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырды , 639 мың теңге;
- «Аудандық жастар мен балаларға арналған ұйымдардың Шемонаихалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, 2 жобаны жүзеге асырды:
1) «Патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті ұлғайтуға, қоғамдық беделді қалыптастыру мен жастардың әлеуметтік оптимизміне бағытталған жастарға арналған іс-шараларды ұйымдастыру», 1071,0 мың теңге;
2) Көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу мен шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту бойынша белсенді жастар мектебі, 185 мың теңге мөлшерінде.
Барлық жастар іс-шаралары жоғарыда көрсетілген қоғамдық бірлестіктермен, жастар орталығымен, сонымен қатар ішкі саясат бөлімімен, мәдениет және тіл дамыту , білім бөлімімен, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламамен бірге жүзеге асырылады.
Ауданда Шемонаиха ауданы әкімшілігінің жастар істері Кеңесі құрылып, өз жұмысын атқаруда. Бекітілген жоспар бойынша 2014 жылы Кеңестің 4 отырысы болды. Шемонаиха ауданының әкім А.Тоқтаровтың қатысуымен 14 ақпан күні аудандық әкімшіліктің отырыс залында жастар саясатының мәселелері бойынша Кеңес отырысы болды. Ауылдық округтерде жастар саясатын жүзеге асыру сұрақтарын шешу аймақтық әкімшілік мамандарын қызметтік орындарға бекіту негізгі қорытындысы болды.
22 мамыр күні Кеңестің отырысы Шемонаиха колледжінде өтті, ол «дөңгелек үстелден» басталды, ауыл округтерінің әкімшілігінің жастармен жұмыс істеу мамандары шақырылды, ішкі саясат бөлімінің, Жастар орталығының және қоғамдық жастар бірлестігінің өкілдері қатысты. Қатысушылар бірлесе отырып ауыл жастарының мәселелерімен олардың шешу жолдары туралы талқылады. Осы мереке Шемонаиха ауданындағы жастар саясатын жүзеге асырушы белсенді қызметкерлерін алғыс хаттармен, естелік сыйлықтар сыйлаумен аяқталды.
30 қыркүйек күні аудандық Достық үйінде Шемонаиха ауданы әкімі жанындағы жастар істері бойынша аудандық Кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Кеңестің мүшелеріне Шемонаиха ауданының әкімі, Кеңестің өкілі А.Тоқтаров сөз сөйледі. Отырыста сонымен қатар Шемонаиха ауданы әкімінің әлеуметтік және қоғамдық-саяси сұрақтар бойынша орынбасары, Кеңес өкілінің орынбасары О.Булавкина, аудандық ардагерлер Кеңесінің өкілі С.Лычагина, қоғамдық Кеңестің өкілі Ю.Сторожилов, Кеңес мүшелері, ауылдық округ әкім аппаратының жастармен жұмыс істеу мамандары, ішкі саясат бөлімінің, Жастар орталығының және қоғамдық жастар бірлестігінің өкілдері қатысты. Жастар ұйымдарына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру аясының кеңеюі, қаржыландырудың альтернативті қорларын қарату; жастардың құқықтары мен қызығушылықтарына әсер ететін мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді жолдары; әлеуметтік маңызды жобалар мен аймақтық бағдарламалар аясында жұмысқа тұру мен қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге мемлекеттің қабылдайтын шешімдері туралы. Ауданда өткізілетін маңызды іс-шараларды ақпарат етілуіне ерекше ықылас қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |