Ынталандыру, сезімді ояту
Ізденістерді ұйымдастырушы
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау
|
Шаттық шеңбері
Біз қазақтың баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.
-Балалар,мен сендерді бүгін әдептілік әлемін шарлауға шақырамын.Бізге ол үшін ұшатын кілем көмектеседі.Кәне,бәріміз ұйымдасып,ұшқыш кілемді өз қолымызбен жасап алайық.
Ал, енді көзімізді жұмып осы кілеммен ұшайық.Ол бізді қайда алып келер екен?Көздерін ашады,алдарында әдемі сандық тұрады.
-Ой қандай әдемі сандық?
Сыртында жазуы бар екен:
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»
-Балалар,біздер де білімдіміз,солай ма? Көптеген мақал-мәтелдер білеміз
Сандық ашылады.Ішінен диск шығады,онда «Ғажайып әлем» деп жазылған.
-Балалар,кәне,бәріміз тамашалайық.(дискетаны қосу).Экранда кітап парақшалары көрінеді. «Мен жәй кітап емеспін,электронды кітаппын»Бұл кітапта сендердің ертегідегі достарың мен олардың басынан кешкен оқиғалары баяндалған.
Кәне, кітабымыздың бірінші бетін ашайық.Онда ненің суретін көріп отырсыңдар?
-Жапырағы жайқалған орманда аңдар өмір сүріпті (аю,қоян,түлкі).Олар өте тынымсыз,жан-жағының бәрін шашып,саңырауқұлақтарды құлатып,гүлдерді жұлып,шөптерді басып тастапты.Бір күні қызық оқиға болыпты.Әдептілік еліне ұшып бара жатқан Ханшайымның қол шатыры сынып қалып,орманға қонуға тура келіпті.
-Балалар,сендер де бақылап отырсыңдар ма?Сендер қалай ойлайсыңдар?Осы қылықтары дұрыс па?
-Осы көрініске байланысты кім қандай тыйым сөз айтады?
Ал,қандай нақыл сөздер білесіңдер?
-Ал,балалар,сендер бір-біріңмен татусыңдар ма?
Енді кітабымыздың 2 - бетін ашайық.Мұнда кімнің суретін көріп отырсыңдар?
Осы кезде баса көктеп Шығайбай кіріп келеді.
-Ой,мен қайда кіріп кеттім?
-Байеке,сіз балабақшаға келдіңіз.
-Балалар,осылай жасауға бола ма?
-Байеке,көрдіңіз бе?Біздің балалар әдепті.Сізді де әдептілікке үйретеді.Сіз тыңдап отырыңыз.Балалар жаман-жақсы әдеттерді ажыратып айтсын.
-Әдепті қылық көрсетсе,қол шапалақтаймыз,әдепсіз қылық көрсетсе,көзімізді басамыз.
1-көрініс.Ата келе жатыр еді,бір бала алдынан шығып оны қағып өтті.
2-көрініс.
Ата келе жатыр,алдынан қыз бала шығып амандасты.
3-көрініс.
Автобусқа ата кіреді,бала орын бермей отыра береді.
4-көрініс.
Атаны жетелеп,жолдан өткізіп жіберді.
-Бәрекелді,енді кім жаңылтпаш айтады?
-Байеке,риза болдыңыз ба,біздің балаларға?
-Ой бәрекелді,шетінен ақылды,әдепті балалар екенсіңдер.
-Мен баймын.Қарным тоқ,көйлегім көп.Бірақ мен әдепті,сыпайы болуды білмейді екенмін.Енді мен түсіндім.
«Қарны тоқтық,жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын»
Деген мақал осындайдан шыққан екен ғой.(Бай кетеді).
-Сергіту сәті.
-Кітабымыздың келесі бетін ашайық.
-Кімнің суретін көріп отырсыңдар?
-Ол ертегіде қандай кейіпкер болып көрінеді?
-Ой,міне өзі де келе жатыр.
Алдар:
-Мен Алдармын,Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұртта жоқ,
Мен алдайтын жұртта жоқ.
-Балалар,сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер.Ал мен де сендер туралы білгім келеді.
-Ендеше,Алдар Көсе біздің балалар сізбен айтысқылары келіп отыр.
-Ал,айтыссақ,айтысайық.
Алдар Көсе:
-Амансың ба,ұлдарым,
есенсің бе қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Шаршап келдім алыстан,
Керемет бір айтысып,
Келіп тұр-ау демалғым.
-Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Келген жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
-Кел,балалар күлейік,
Күліп өмір сүрейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
-Көңіл өсіп кеңейсін
Орта толып көбейсін
Ортақ ойы,арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын,көрейін тапқырлықтарыңызды.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды
Өзіне жаратпайды қарағанды.
(Күн)
Мынадай бір асыл бар,
Басы жоқ,тек шашы бар.
Болса ондай бұйымның
Ластанбайды киімің
(Киім щеткасы)
Айғайы жоқ,айтары көп,
Айтқанынан қайтары жоқ.
(Кітап)
-Бәрекелді,тапқыр екенсіңдер.
Ал енді мен домбырамды өзіммен айтысқан балаға сыйға бергім келіп отыр.
Тәрбиеші: -қазақ халқы қонақ жай болған.
Үйге келген қонақты құр ауыз шығармаған.
Біз де Алдар Көсеге сыйлық жасап берейік.
-Міне,қандай әдемі шапан болып шықты.Бірақ бұл Алдар Көсеге кішкентай.Оны үлкен шапанға айналдыру үшін сиқырлы сөз айтайық.
Тәрбиеші сандықтан әдемі шапанды алып көрсетеді.Оны Алдар Көсеге жабады.
Алдар Көсе балаларға рахмет айтып,қоштасып шығып кетеді.Тәрбиеші сабақты қорытындылап,балаларды мадақтайды.
|
Балалар ұжымдасып ұшқыш кілем жасайды.
Балалар мақал- мәтелдер айтады.
«Бірлік болмай,
Тірлік болмас».
«Ақыл азбайды,
Білім тозбайды».
«Әдептілік ар ұят,
Адамдықтың белгісі».
-Орманның суретін көріп отырмыз.
Балалар көрініс көрсетеді.
Ханшайым:
-Менің қолшатырыма не болды?Мынау әдепсіздер орманыма? Саңырауқұлақ жұлынған,гүлдер шашылған,мұнда әдепсіз аңдар тұратын болды ғой.Осылай жалғаса берсе ормандағы ағаштар,гүлдер құрып кетеді ғой.
-Жоқ,дұрыс емес.
Балалар айтады:
«Көк шөпті таптама»
«Гүлді жұлма»
«Жас өскінді сындырма»
Балалар:
«Жақынға әдеттену- әдептілік»,
«Жаманға әдеттену-тәртіпсіздік»
«Үлкенді сыйлау-кішілік».
«Үлгі мінез-кісілік»
-Ия,татумыз.
-Байдың суретін көріп отырмыз.
-Жоқ.Әуелі есікті қағу керек.Кіргесін амандасу керек.
Балалар қолымен көзін жабады.
Балалар қол шапалақтайды.
Балалар қолымен көзін жабады.
Балалар қол шапалақтайды.
Балалар жаңылтпаш айтады:
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалын мала, сілке
Суға сақалын мала, сілке.
Көк тырна,
Көп тырна,
Тыраулап тек
Көп тұрма.
Бұл ауылда шөп үйілген үй көп пе?
Шөп үйілмеген үй көп пе?
Меніңше,шөп үйілген үй көп.
-Алдар Көсенің суретін көріп отырмыз.
-Ақылды,ақкөңіл, тапқыр,мейірімді.
-Балалар атынан мен айтысайын.
Бала:
-Білгір қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Тобымызға келіп отырған
Алдар Көсеге қарашы.
-Ата баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
Айтыс десе тіл қышып
Қарсылас іздей бастаймыз.
-Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды-ақ
Жұмбақ,тақпақ, мақалды
Айтып берер тақылдап.
-Біздің топтың ұл қыздары
Тату тәтті ойнайды,
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлайды.
Балалар жұмбақтардың шешуін айтады.
Балалар оюмен шапанды әшекелейді.
Балалар сиқырлы сөз айтады:
-Балалар сау болыңыз.
|