Хазірет айша


«Егер мүминдерден екі топ бір-бірімен



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет93/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   152
Айша

«Егер мүминдерден екі топ бір-бірімен 
453
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\187


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
287
қақтығысса, жарастырыңдар. Осыған қарамастан 
бірі екіншісіне шабуылдаса, осы шабуылдаған 
тараппен Алланың бұйрығына қайтқанға дейін 
сендер де соғысыңдар. Қайтқан жағдайда арала-
рын түзетіңдер, әрдайым әділ болыңдар. Өйткені, 
Алла әділ әрекет жасағандарды жақсы көреді. 
мүминдер бір-бірімен бауыр. Ендеше, қақтығысқан 
бауырларыңның арасын жарастырыңдар! Аллаға 
қарсы келуден сақтаныңдар, сонда мейіріміне 
бөленесіңдер»
(Хужурат, 49\9, 10) деген аятты оқып:
– Қазір адамдар осы аятты ұстануға өте мұқтаж, 
– деген сөздеріне қанықты
454
.
ардақты анамыз терең ойланып, қақтығыстың 
арасына барғанша меккеге қайтқанды жөн санады. 
Қағбаға бет алды. Ешкімге ештеңе дегісі де, ешкімнен 
ештеңе естігісі де келмеді. Әуелі Қағбаның есігіне, 
сосын тікелей Һижры Исмаилге келіп, сол жерде 
отырып, мұсылман үмбеті тап болған жағдайларды 
ойлап қамықты, жылады. 
айша анамыздың осы жерде екенін естіген бір кісі 
қасына келіп, енді не істейміз деп ақыл сұрады. Әне-
міне дегенше айналасына көп адам жиналып қалды. 
Бәрі аузына қарап не айтатынын күтіп тұр. айша:
– Уа, халайық! Халифа Осман қатты қысым 
көрді. Кінәлаушылардың айтқаны рас болса да ол 
шаң-топырақтан арылған алтын немесе суы жақсылап 
сығылған киім секілді тап-таза күйге келіп, бақиға 
таза күйінде аттанды, – деді
455
.
454
мәлик, муатта сияр 1002; Хаким, мүстадрак 2\168 (2664); Бәйһақи, 
сүнән 8\172 (16484)
455
Табари, Тарих 3\6


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
288
Кешегі қателіктерді тізбелеудің енді пайдасы жоқ 
шығар, дегенмен болашақта сол қателіктерге жол 
бермеу үшін өткеннен сабақ алу керек. 
Көңілі қатты жабырқады. Болған істі қабылдауға 
қиналды. Әлі осы күйден арыла алмай жүрген 
күндерінде:
– Халифаның шейіт етілуі туралы не ойлайсың? 
– деп сұраған Әштәр ән-нәхаиге:
– алла 
сақтасын! 
Басшымыздың 
қаны 
төгілгенін қалай жеңіл қабылдамақпын? Бұған қалай 
қайғырмаймын? – деп жауап берген
456

Күндер зулап өтіп жатты. Енді алға қадам басып, 
көшедегі тәртіпсіздіктерді басу үшін жаңа халифаны 
тезірек тағайындау керек. анамыздың халифа болар 
деген кісісі хазірет Әли еді. Өзіне келгендерге де соны 
айтатын
457

Хазірет Османнан кейінгі жағдайды қалыпқа 
келтіру оңайға соқпады. Қайткенде де дұрыс шешім 
қабылдау керек. алайда, ол кездегі орта бұған жол 
берді ме? расулалла кезеңіндегі тазалық күн өткен 
сайын жоғалып бара жатты. Оның орнын басқан қою 
қара түтін үлкен қиындықтардың хабаршысы екені 
күмәнсіз еді. Өмірдің астаң-кестеңін шығарған бүлік 
туындап, қоғамды жайлады. Бұл бүліктің қай жерде 
тоқтайтыны, кімдерді жалмайтыны белгісіз болатын. 
Өйткені, мұндай аласапыран шақта әлдекімдер жасы-
рын араға кіріп, ең адал сахабалардың өзін қателікке 
456
Ибн сағд, Табақат 8\485
457
Хазірет Әли мен анамыздың арасында болғандар және олардың 
басқалар туралы пайымы еңбектің соңғы бөлімінде «Хазірет Әли 
және айша анамыз» деген тақырыпта беріледі.


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
289
бағыттағысы келері анық. Бірнеше жыл бұрын 
пайғамбарымыздың айтқаны секілді жаңа кезеңге 
қадам басқалы тұр. сондықтан анамыз да бүлік 
басылғанға дейін келмей қоя тұруды ойлады. 
ақылын тыңдамай бауырының да бүлікшілерге 
барып қосылуы айша анамыз үшін жығылғанға 
жұдырық болып тиді. сондықтан қателігіне ашынып, 
бүлікті қоздырғандармен бірге оны да аллаға тапсыр-
ды. 
Қасиетті кісінің қаны қасиетті аймақта төгілді. 
Өздеріне тыйым салынған істі харам айларда жасады. 
анамыз осыншама жамандық жасаған бүлікшілердің 
хазірет Османның бір саусағына да татымайтынын 
ашық айтты
458


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау