Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
315
– сірә, фатима бинти Қайстың
492
басынан
өткенінен хабарың жоқ секілді ғой, – дейді.
сонда
хазірет айша мәруанға:
– фатиманың жағдайымен бұны салыстырма.
Оны қазір айтудың еш реті жоқ. Ол күні фатима
бинти Қайс қиын жағдайда болғандықтан, расулалла
оған иддасын басқа үйде толықтыруға рұқсат берген
болатын
493
, – деп жауап берді.
анамыз пайғамбарымыздың заманында жүзеге
асырылып келген кейбір үкімдердің ұмытылып бара
жатқанын естеріне салып, істің ақ-қарасын ажыратып
беретін. Бір күні ақиқ деген жерде қайтыс болған
сахаба сағд ибн Әбу Уаққасты мәдинаға алып келеді
де, мәйітті пайғамбар мешітіне әкелу туралы өзара
кеңесе бастайды. мәселенің
мән- жайына қаныққан
айша анамыз да солай болғанын жөн санады.
алайда, кейбір мұсылмандар бұған қарсылық таны-
тып, мәйітті мешітке кіргізудің дұрыс болмайтынын
айтады. сонда хазірет айша:
– апыр-ай, адамдар қалайша тез ұмытады
десеңші?! расулалла сухайл ибни Бәйдаға оқылған
жаназаны мешітте атқармап па еді? – дейді
494
.
492
фатима бинти Қайс – алғашқы мұхажырлардың бірі. Күйеуі Әбу
Хафс ибн мұғира одан ажыраған соң алла расулы күту мерзімін
абдуллаһ ибн Үммү мәктумның үйінде өткізуді айтқан. Ибнул
Әсир, Усудул ғаба 7\224
493
Бұхари, Талақ 39 (5015, 5017), мүслим, Талақ 52 (1481); Әбу Дәуіт,
Талақ 40 (2292)
494
мүслим, Жәнәиз 99 (973); ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\79 (24542,
24543); 6\169 (25396) Бәйһақи, сүнән 4\51 (6825)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
316
Тағы бірде сахабалар
пайғамбарымыздың қанша
рет ұмра жасағанын сөз етіп, өзара даурығады. Іле
абдулла ибн Омардан:
расулалла қанша рет ұмра жасады? – деп сұрайды.
сонда абдулла ибн Омар:
– Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) төрт рет ұмра жасаған болса, олардың бірін
Ережеп айында атқарды, – деген жауап берді. Бірақ
олар жауапқа қанағаттанбайды.
Хазірет Уруа айша
анамызға барып:
– Уа, мүминдердің анасы! Әбу абдуррахман
расулалланың төрт рет ұмра жасағанын, олардың бірі
Ережеп айында болған дейді, – дегенде, мынандай
жауап естиді:
– Әбу абдуррахманға алла рақым етсін! алайда
расулалла 4 рет ұмра қажылығын атқарғаныменен
Ережеп айында ұмра жасаған жоқ!
495
Бір күні екінті намазын оқып болған соң абдул-
ла ибни Зүбәйр қайтадан намазға тұрды. Бұл халифа
хазірет мұғауияға жат іс болып көрінді де абдулла
ибн аббастан Ибн Зүбәйр оқыған екі рәкат намазының
не екенін сұрады. сонда Ибн аббас «Бидғат! Оны
жасаған адам бидғатшы!» деп жауап берді. намазын
бітірген соң хазірет абдулла оларға:
– мен бидғат шығарған жоқпын!
мұндай
намаздың оқылуы дұрыс екенін маған нағашы әпкем
айша айтты! – дейді.
495
Бұхари, мәғази 41 (4007); мүслим, Хажж 219 (1255)