Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет92/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
284
кезең. аумақтың кеңейгеніне қарамастан белгілі 
бір тайпа-рулардың алға шығуы басқалардың 
қызғанышын тудырып, қарсы әрекеттеріне түрткі 
болды. абдуллаһ ибн сәбә сияқты арандатушылар 
бұл жағдайды үлкен мүмкіндік деп білді. Халифалық 
хазірет Әлиге тән екенін айтып, пайғамбарымыздың 
билікті хазірет Әлиге қалдырғаны туралы сөз тарат-
ты. Ислам әскерінің грек жерінен африкаға дейінгі 
кең аймаққа тарағанын да мүмкіндік деп санап, 
халықты жинап, бір-біріне арандатып, ашық түрде 
бас көтеруге шақырды. Орталық ретінде өздеріне 
мысырды таңдады.
Осындай шиеленіс басқа өлкелерде де орын алып, 
қарапайым халықтың ішінде алаңдаушылық тудыр-
ды. Басраның сыйлы адамдарының бірі мухарик ибн 
сүмама түрлі дақпырт естігенде қандай әрекет жаса-
рын білмей, алаңдап:
– айша анамызға бар, одан Осман ибн аффан 
туралы пікірін сұра, өйткені біздің бұл жердегілер ол 
кісі туралы әрнені айтып жүр, – деп қарындасы Үммү 
гүлсім бинти сүмаманы қолына хат ұстатып жолға 
салды. Үммү гүлсім қолындағы хатын апарып:
– шешей, мені жіберген кісі сәлемі мен құрметін 
жолдады және Осман ибн аффан туралы пікіріңізді 
сұрады, – деді.
– Османға лағынет айтқандарға алла да лағынет 
айтады, – деп бастады сөзін хазірет айша (р.а.). 
Жарасының аузын Үммү гүлсім келіп тырнағандай 
еді. Оған хазірет Османға алла расулының 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалай қарағанын 
біртіндеп түсіндірді. сосын хазірет Осман туралы 


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
285
алып-қашпа сөз таратқандардың түбі оңбайтынын 
ескертті
451
.
Бір күні әртүрлі аймақтардан «Қажылыққа ба-
рамыз» деп мыңдаған кісінің Хижазға бет алғанын 
естіді. сырттай қарағандай жақсы әрекет болып 
көрінгенмен халифалыққа талас тудыруға келе 
жатқаны белгілі еді. мәселені дұрыс түсінген хазірет 
Осман келе жатқандарды райынан қайтару үшін әуелі 
хазірет Әлиді тағайындады. Хазірет Әли барып олар-
мен ұзақ сөйлесті. Бұлар бұзықтықта шектен шығып, 
хазірет Әлиді көкке көтеретіндер еді. Бұл істерінің 
дұрыс еместігін байыппен түсіндірді. алғашқыда 
тынышталғандай болған топ кейіннен қайтадан кері 
қайтып келіп, халифаны қоршауға алды. 
Бауыры мұхаммед ибн Әби Бәкір де соларға 
қосылғандықтан, айша анамыз ренжулі еді. Қате 
жолда екенін қанша айтса да бауырына сөзін тыңдата 
алмады. Тіпті, бас көтерушілердің арасынан шығарып 
алу үшін бірге қажылыққа баруды да ұсынды. Бірақ 
оң жауап болмады. 
алла расулының халифасы қоршауға алынып, 
мәселе әбден ушықты. Тіпті, Үммү Хабиба анамыз 
халифаға су апарғаны үшін топтың арасынан зорға 
құтылып шықты
452
. Бұл жағдай дәл үш аптаға созыл-
ды. 
451
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\261 (26290), Бұхари, әл-Әдәбул муф-
рад 1\288 (828), Табарани, әл-мұғғжамул әбсад 4\117 (3758). Екі 
жақты риуаят біріктіріліп берілген. Бұл риуаяттардың бірінде «алла 
расулы біреуі қайтыс болғаннан кейін екінші қызына үйлендірген» 
деген сөз бар.
452
Табари, Тарих 2\672


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
286
мәдинаның аспанын осылай қара бұлт басқан 
кезеңде қажылық маусымы келіп, айша анамыз мек-
кеге жолға шықты. Бұл күндері мәдинадан шықпауы 
келісім үшін маңызды екенін айтқандарға Үммү 
Хабиба анамыз тап болған жайтты ескертіп:
– мен мәдинада қалсам, олармен айтысып 
қаламын. сосын Үммү Хабибаның басына туған 
жағдай менің де басыма туады
453
, – деп жауап берген.
сөйтіп қажылық парызын атқарып, мәдинаға 
қайтқанда ащы хабарды естіді. Үшінші халифа хазірет 
Осман шейіт етілген еді. Ең әуелі хазірет Османды 
сынап-мінегендерді:
– Бұл оқиғалардың себебі – ақ-қарасын тара-
зыламастан халифаның жасаған барлық ісіне қарсы 
шығуларың, – деп кінәлады.
Өйткені, олар хазірет Османды сынаймыз деп 
біраз артық сөз айтқан еді. Хазірет Осман ол кезде 
бүлікшілердің басшыларының біразын қасына алуға 
тырысқан. негізінде бұл қоғамды басуға бағытталған 
әрекет болатын, белгілі міндеттер тапсырып теріс 
ойлағандарды қасына тартқысы келген. сол күні 
мұны түсіне алмағандар халифаны қателік жіберді 
деп кінәлады.
айша анамыз Талха, Зүбәйрмен кездескен кезде 
олардың да мәдинадағы жағдайдан қашып, мекке-
ге келгенін білді. Өйткені, көше толы адамдардың 
не істейтіні белгісіз болатын. Олардың ақиқат 
пен әділдіктен алыстағанын естіді. «Хужурат» 
сүресіндегі 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау