Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
274
Ғылым мәселесінде де хазірет Омардың
ақылшысы айша анамыз болды. Бір қиындыққа
кезіккенде не өзі келіп, не жақындарының бірін
жіберіп анамыздан жөн сұрайтын.
Бұл тек халифа-
мен шектелмеді, сахабалар мен табиғиндер де айша
анамыздың біліміне жиі жүгінді. Әсіресе, хадис
ғылымына қатысты мәселе туындағанда бәрінің
жүгінетіні айша анамыз еді
439
.
Пайғамбарымыздың айтуынша, өзі өмір сүрген
кезең ең қайырлы кезең болатын.
Қазір енді екінші
кезеңге ойысты. Бұл ненің дұрыс екенін ашық
білдіретін кезең еді. Халифаның осыншалықты көңіл
ауларлық әрекеттері анамыздың туралықты айтуына
кедергі келтірген емес. Ешкімнің бет-жүзіне қарамай
қатені қате деп, адамдарға істің дұрысын көрсететін.
Бір күні хазірет Омар амр ибн Үмәямен кездесті.
сатып алған бір құшақ матасын халық жақтырмайтын
жаман әйелдерге садақа етіп бергенін естігенде қатты
ашуланды. Жасаған ісін айыптап, оларға берген
садақаның қабыл болмайтынын айтты. алайда,
хазірет амр да айтысып,
дұрыстығына өзі білетін
хадисті көлденең тартты.
Бұл сөзге хазірет Омар одан сайын ашула-
нып, амрдың айтқанын өтірік деп қабылдады.
араларындағы дау ұлғайған соң екеуі айша анамызға
барып жүгінді. сөзді хазірет амр бастады:
– ақиқатын айтыңызшы, расулалланың «Оларға
берген нәрселерің де сендер үшін садақа» дегенін
естіп пе едіңіз?
439
Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 2\375
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
275
анамыздың жауабы нақты болатын:
–
алла куә, иә, естідім!
Бұл жауап хазірет Омардың кешірім сұрауына
себеп болды. мұны естігенде өзін жазғырды. алла
расулынан естімегені әлі көп екенін біліп, өз-өзін
кінәлады
440
.
Хазірет Омар (р.а.) бір күні Әбу Хұрайраның
«Кімде-кім мәйіттің артынан жүрсе, сауабы бар»
деген хадисті риуаят еткенін естіп, растығын анықтау
үшін айша анамызға жолықты. анамыз:
– расулалладан
мұны мен де естігенмін, – деп
Әбу Хұрайраны растады. Тіпті, осыны естіп аб-
дулла ибн Омар секілді ғалымдар көбірек сауап алу
үшін мәйіттің артынан көбірек адымдап жүруге
тырысқан
441
.
сахабалар үшін істің ақиқаты маңызды еді. Кейде
ұятты тақырыптардың өзінде ақиқатты білу үшін
тартынбағанды жөн санайтын. Бір күні араларында
Зәйд ибн сабит сияқты сахабалар бар ансарлар мен
мұхажирлардың алдыңғы қатарлылары жиналып,
шахуат шықпаған
жақындасуда ғұсыл мәселесін
сөйлеседі. Хазірет Зәйд мұндай жағдайда ғұсыл керек
еместігін, әурет жерін жуғаннан кейін намаз дәретін
алудың жеткілікті болатынын айтады. алайда, бұл
пікірге өзгелері қосылмайды. мәселе халифа хазірет
Омарға жеткенде, қасында хазірет Әли және муаз ибн
Жәбәл сияқты сахабалар бар еді. Хазреті Омар Зәйд
ибн сәбитті де шақыртып:
440
Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 20
441
Бұхари, Жәнәиз 56 (1260); мүслим, Жәнәиз 56 (945)