66
иелену және оны пайдалану бойынша міндеттері қатаң айқындалған. Мысалы,
шаруа немесе фермер қожалығы:
1) өзiне берiлген жердi оның нысаналы мақсатына
сәйкес пайдалануға;
2) топырақ құнарлылығының төмендеуiне
жол бермеуге;
3) ауылшаруашылық өнiмiн өндiрудiң табиғат қорғау технологияларын
қолдануға және жер қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруға;
4) өз қызметiнiң нәтижесiнде экологиялық ахуалдың нашарлауына жол
бермеуге;
5) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асыру кезiнде сәулеттiк-
жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де
арнайы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа
алуға;
6) басқа жер пайдаланушылар мен жер учаскелерi меншiк иелерiнiң
құқығын бұзбауға;
7) сервитуттарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасында
белгiленген тәртiппен берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Шаруа немесе фермер қожалығының
субъективтік құрамының
ерекшелігі бір-бірімен туысқандық байланыстағы, сондай-ақ ондай
байланыста емес жеке тұлғалар оның қатысушылары болып табылатынында.
Шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнаманы талдау мынадай
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егер ауылшаруашылық өнімін өндіру,
сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі шаруашылықты ортақ
бірлескен меншік негізінде ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-ана, балалар,
асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туған және толық туған емес
ағайындар мен әпкелер, аталар, әжелер, немерелер) жасаса, онда олар құрып
жатқан дара кәсіпкерліктің нысаны отбасылық кәсіпкерлік болады. Бұл ретте
дара кәсіпкерліктің қаралып жатқан саласында бірлескен кәсіпкерліктің ерлі-
зайыптылар кәсіпкерлігі деген нысанына Заңда жол берілмейтінін айта кету
керек. Осындай кәсіпкерлікті отбасылық кәсіпкерліктің шеңбері қамтиды.
Егер фермер қожалығы бір-бірімен (немесе олардың біреуінің) туысқандық
байланысы жоқ азаматтардың арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың
негізінде ортақ үлестік меншік
негізінде құрылса, онда
қожалық жай серіктестік
нысанында құрылуы мүмкін.
Заңға сәйкес 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының iс-әрекетке
қабiлеттi азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады (1-
баптың 4-тармағы). Дара кәсіпкерліктің басқа түрлері мен нысандарына
қарағанда, көріп отырғанымыздай, Заңда эмансипация тәртібімен немесе некеге
тұруына байланысты толығымен әрекетке қабілетті деп танылған, бірақ
кәмелетке толмаған адамға осы қожалықтың басшысы болуына жол берілмейді.
Шаруашылықтың барлық қалған қатысушыларының жасына қатысты, қаралып
жатқан Заңда қандай да ерекше талаптар қойылмаған, тиісінше қолданыстағы
нормативтік талаптарға сәйкес 16 жасқа толған жеке тұлға осындай басшы бола
алады.
Жай серіктестік нысанындағы бірлескен дара кәсіпкерлік дара
кәсіпкерге жалғыз қол жеткізу мүмкін болмаған немесе қиын болған