Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет66/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

136 
 
Өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  құқықтық  қамтамасыз  ету  белгілі  бір 
жүйе түрінде белгілі бір тәсілдер арқылы жүзеге асырылады, ол жүйені:  
- азаматтық-құқықтық шарттың талаптары
-  тауарлар,  жұмыстар  және  қызметтердің  сапасы  мен  қауіпсіздігінің 
техникалық регламенттері және стандарттары;  
- тауардың, жұмыстар мен қызметтердің кемшіліктерімен келтірілген зиян 
мен  тиіссіз  сапа  үшін  кәсіпкерлік  қатынастарға  қатысушылардың  заңды 
жауапкершілігі құрайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


137 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Жаңғыртуға қарай бағытталған Қазақстанның нарықтық және бәсекелестік 
экономикасында  нақты  кәсіпкер  тауар  шығарып,  оны  соңғы  тұтынушыға 
жеткізетін  болғандықтан,  оның  басты  әрекет  етуші  тұлғасы  және  өзегі  болып 
табылады.  Осыған  байланысты,  мемлекеттік  институттар  мен  азаматтық  және 
кәсіпкерлік  құқықтың  алдында  ерекше  міндет  тұр  –  азаматтарды  дара 
кәсіпкерлікке  ынталандыру  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  дара  кәсіпкердің 
анық құқықтық мәртебесін айқындау, ол өзіне тек оның құқылығын, құқықтары 
мен  сапалы  әрі  қауіпсіз  өнімді  (тауарды,  жұмыстар  мен  қызметтерді)  шығару 
бойынша  міндеттерін  қамтып  қана  қоймай,  оның  заңды  мүдделерінің 
қорғалуына тиімді мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.    
Қойылған  мақсат  пен  белгіленген  міндеттер  (қорғауға  шығарылған 
ережелерден  басқа)  шеңберінде  осы  зерттеу  жұмысында  мынадай 
қорытындылар мен тұжырымдар айқындалды.   
Заңды  тұлға  құрмастан  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыратын  азаматтың 
азаматтық-құқықтық  мәртебесі  –  дербес  құқықтық  категория,  ол  екіжақты 
сипаттағы  көрініс  табады,  себебі,  бір  жағынан,  кәдімгі  (кәсіпкер  ретінде 
тіркелмеген)  толық  әрекет  қабілетті  азаматтардың  азаматтық  құқықтық 
мәртебесін,  ал  екінші  жағынан,  сонымен  қатар  азаматтың  дара  кәсіпкерлікпен 
шұғылдануына байланысты ерекше мәртебесімен сипатталады. Сонымен, дара 
кәсіпкердің  азаматтық-құқықтық  мәртебесінің  мазмұны  кәдімгі  азаматтың 
азаматтық  құқықтық  мәртебесінің  мазмұнынан  едәуір  кең  көлемді  болып 
табылады.  Дара  кәсіпкер  –  бұл  әр  кез  кәсіпкер  ретінде  тиісті  тіркеуден  өткен 
кәсіпкер азамат.  
Дара  кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесінің  негізгі  белгілерінің  бірі  –  ол 
тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге  сұранымды қанағаттандыру арқылы таза 
табыс  табу,  бұл  белгі  Азаматтық  кодексінің  10-бабында  қамтылған.  Алайда 
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  1-тармағының  мазмұнында  және  ҚР 
Кәсіпкерлік кодексінің жобасында тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды 
қанағаттандыру  арқылы  таза  табыс  табу  тәсілі  туралы  сипаттамалар 
бекітілмеген. Мұндай тәсіл Азаматтық кодексінде белгіленген индивидтер мен 
қоғамның  сұраныстарын  қанағаттандыру  сияқты  кәсіпкерліктің  қоғамға 
пайдалы  негізгі  функцияларының  бірін  жоққа  шығарады.  Сондықтан  Жеке 
кәсіпкерлік туралы Заңның 1-тармағына және Кәсіпкерлік кодексінің жобасына 
тиісті толықтырулар енгізу арқылы осы олқылықты жою қажет деп санаймыз.  
Дара  кәсіпкердің  азаматтық  құқықтық  мәртебесінің  тағы  бір  белгісі  –  ол 
кәсіпкерлік  қызметті  таза  табыс  алуға  мақсат  етілуі,  бұл  туралы  Азаматтық 
кодексінде  кәсіпкерлік  «таза»  табыс  табуға  бағытталған  қызмет  деп 
көрсетілген.  Ал  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заң  мәтінінде  «табыс  (кіріс)» 
терминіне  қатысты  «таза»  термині  қолданылмайды.  Іс  жүзінде  экономикалық 
тұрғыдан  «таза  табыс  (кіріс)»  және  «табыс»  әр  түрлі  экономикалық  санаттар 
болып  табылады.  Кәсіпкер  үшін  жай  табыс  (кіріс)  емес,  оның  тапқан  табысы 
мен  толық  шығындары  арасындағы  айырмашылық  болып  табылатын  пайда 
санатына сәйкес келетін таза табысы (кіріс)  маңызды. Олай болмаса, кәсіпкер 


138 
 
үшін  оның  қызметінің  мәні  жоқ  болғаны.  Сондықтан  да  Жеке  кәсіпкерлік 
туралы  Заңда  «табыс  (кіріс)»  терминінің  орнына  «таза  табыс  (кіріс)»  немесе 
«пайда» 
терминдері 
қолданылуы 
тиіс. 
Өкінішке 
орай, 
Қазақстан 
Республикасының  Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасында  (2-бап)  кәсіпкерліктің 
және дара кәсіпкердің ұғымдарын бекітуде жоғарыда аталған кемшілік тағы да 
орын  алған  екен,  атап  айтқанда  «таза  табыс  (кіріс)»,  «пайда»  терминдерінің 
орнына «табыс» деп енгізілген.  
Дара  кәсіпкерлердің  азаматтық  құқықтық  мәртебесінің  тағы  бір  сипаты  – 
ол мемлекеттік тіркелудің және сол тіркеуден шығудың жеңілдетілген тәсілдері 
бекітілуі, мемлекет тарапынан әртүрлі қолдау шаралары заң жүзінде бекітілуі. 
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан дара кәсіпкерлердің осындай 
құқықтарын  бұзушылықтар  да  орын  алатындығы  туралы  диссертация 
мазмұнында бірталай фактілер келтірілген. 
Инвестициялық  қызмет  кәсіпкерлік  мәртебеге  бірде  ие  бола  алады,  бірде 
бола  алмайды.  Акционерлік  қоғамдардың  акцияларын  ұстаушылар  немесе 
ЖШС құрылтайшылары туралы сөз қозғалған жағдайларда, оларды кәсіпкерлер 
деп тануға экономикалық және құқықтық негіз жоқ: инвестициялаудың бұл түрі 
қызмет  емес,  кәсіпкерлік  саласына  капитал  салу  бойынша  бір  жолғы  әрекет 
болып табылады деген пікірлерді қолдаймыз.
 
АК-нің  22-1-бабы  кәмелетке  толмаған  азаматтың  толық  әрекетке 
қабілеттілігін  жариялау  шартымен  оның  еңбек  қызметін  және  кәсіпкерлік 
қызметпен  айналысуын  белгілейді.  Біздің  пікіріміз  бойынша,  осы  және  басқа 
нормалардың құрылымы мүлдем мінсіз деп айтуға келмейді. Атап айтқанда, ҚР 
АК-нің  бірде  бір  нормасы  кәмелетке  толмаған  адамның  қай  жастан  бастап 
кәсіпкерлік  қызметпен  айналысуға  болатынын  тікелей  белгілемейді,  бұл  өз 
кезегінде  осы  ережені  түсінуде  кейбір  қиындықтарға  әкеп  соқтырады, 
азаматтық және кәсіпкерлік құқық теориясында маңызды пікірталас тудырады. 
Осыған байланысты, заң түрінде: а) 16 жасты кәмелетке толмаған дара кәсіпкер 
мәртебесінде кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын жас етіп нақты белгілеу; 
ә)  кәмелекетке  толмағандардың  эмансипациясын оның  кәсіпкерлік  қызметпен, 
оның  ішінде  дара  кәсіпкер  ретінде  айналысуына  тәуелді  етпеу;  б)  заңды 
өкілдерінің  келісімімен  14  жастан  бастап  кәмелетке  толмағандардың  табыс 
табуға  бағытталған  дербес  іс-әрекеттер  (операциялар)  жасауға  құқығын  анық 
әрі нақты бекіту мақсатқа сай болып көрінеді.   
Жеке  кәсіпкерлік  туралы  Заңның  27-бабында  дара  кәсіпкер  ретінде 
мемлекеттік  тіркеу  үшін  қажетті  бірқатар  талаптар  белгіленген.  Сондықтан, 
дара  кәсіпкер  ретінде  азаматтарды  мемлекеттік  тіркеу  өз  бетімен  тіркелу 
сипатында  жасалатындығы  туралы  бірмәнді  айтуға  болмайды.  Дара  кәсіпкер 
ретінде  азаматтарды  мемлекеттік  тіркеудің  осы  нысанын  белгілеу  үшін  «өз 
бетімен тіркелу-рұқсат алу сипаты» санаты көбірек сәйкес келеді. Дара кәсіпкер 
лицензиялауға  жататын  қызметті  жүзеге  асыратын  болса,  оның  осы  қызметті 
жүзеге асыруы үшін лицензиясы міндетті түрде болуға тиіс. Және дара кәсіпкер 
ретінде  азаматты коммерциялық өкілі арқылы  мемлекеттік  тіркеуге  заңда  жол 
берілмейді.     


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау