Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 271,81 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата10.03.2018
өлшемі271,81 Kb.
#12095
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Халықты жұмыспен қамту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 

 қараңыз.

39-баптан

      Қолданушылар назарына!

      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      ПРЕС-РЕЛИЗ

      Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық 

қатынастарды реттейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы 

оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс

орны;

      2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 



Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге 

адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, 

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды 

тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы 

келісім;


      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      4) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      5) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, 

халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін 

автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну 

мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;



      6) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, 

оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың 

еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған 

қызметi;


      7) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша 

әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы 

төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

      8) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы 

құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ 

жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту

немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

      9) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары 

оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері 

алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын

еңбек қызметінің түрі;

      10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында 

белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды 

тұлға;


      11) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      12) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып 

табылмаған адамдар;

      13) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша 

еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң 

қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      14) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде 

оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      15) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге 

бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі 

жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, 

сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан 

әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;



      17) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін

жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты 

еңбек қызметі;

      18) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, 

ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың 

орындалуы көрсетілетін құжат;

      19) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек 

етуге дайын адамдар;

      20) жұмыссыздық – жұмыс күшінің бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын

әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

      21) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту 

туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;

      22) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер – өздеріне әлеуметтік 

аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, 

жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге 

асыратын төлемдер;

      23) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, 

қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп 

түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара 

байланысқан іс-шаралар кешені;

      24) кәсіптік оқыту – осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде 

жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер 

ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, 

қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;

      25) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан 

және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада 

басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе 

азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне 

еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен 

уақытша ауыстыру;

      26) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң 

алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын 

қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

      27) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 

қатысушысы – асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, 




жүктеу 271,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау