2) егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, жұмысынан
айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға;
3) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
атаулы әлеуметтік көмек алуға;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуға құқығы бар.
2. Жұмыссыздар:
1) осы Заңның талаптарын сақтауға;
2) осы Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын
және мерзiмдерiн сақтауға;
3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс
күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге жүгінуге;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмысқа шарттар бойынша орналасуды
;
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ
құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу
тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынуға
мiндеттi.
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы
4)
2-тармағының
тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен бас тартқанда;
2) дәлелсiз себептермен:
халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде
ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;
шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш
жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;
халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;
3) жұмыссыз осы Заңда көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн
дәлелсiз себептермен бұзғанда;
4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген
сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
5) 15-баптың
4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
2-тармағының
6) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
2. Осы баптың
1) — 3) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар
1-тармағының
есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту
орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2017
Заңымен (алғашқы ресми
№ 80-VI
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
17-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары
1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы
органдар елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік даму болжамдары негізінде:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуді;
2) еңбек делдалдығын;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын;
4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуді;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеуді
көздейтін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
шараларын әзірлейді.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
1) кәсіптік оқытуға жіберуді;
2) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді;
3) жастар практикасына жіберуді;
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
7) қоғамдық жұмыстарды қамтиды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға он алты жастан бастап "
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-
бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі адамдардың құқығы бар.
3. Әлеуметтік көмек:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыссыздарға
жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
2) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген шарттарда және мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
Заңымен.
№ 482-V
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын
жұмыссыздарға "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
4. Жұмысқа орналастыруға арналған квоталар:
Достарыңызбен бөлісу: |