Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 271,81 Kb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата10.03.2018
өлшемі271,81 Kb.
#12095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      1) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары 

мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде халықты 

жұмыспен қамту орталығына жiберуге;

      2) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің 

тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің 

экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен 

көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан 

босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары

бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң 

саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату 

басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге

;

      3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуы не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің 



тоқтатылуы, адам санының немесе жұмыскерлер штатының қысқартылуы, жұмыс берушінің экономикалық 

жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін 

қызметтер көлемінің төмендеуі кезіндегі бас тартқан жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің 

қатысуымен жасалған әлеуметтік келісімшарт негізінде кәсіптік оқытудан кейін оны жұмысқа 

қабылдаудан бас тартқан жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқытуға төлеуге, 

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының қатысушыларына стипендиялар төлеуге және 

материалдық көмекке арналған шығыстарын өтеуге;

      4) жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы себебiн көрсете отырып, жұмысқа қабылдау немесе 

жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы дер кезiнде (жұмысқа орналастыру үшін жiберген күннен 

бастап бес жұмыс күнi iшiнде) халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлауға;

      5) алған мамандығы мен біліктілігін көрсете отырып, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан

және өндiрiсішілiк оқытудан өткендердің саны туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;

      6) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуы не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің 

тоқтатылуы, адам санының немесе жұмыскерлер штатының қысқартылуы, жұмыс берушінің экономикалық 

жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін 

қызметтер көлемінің төмендеуі жағдайларын қоспағанда, осы Заңның 27-бабы 

 көзделген

1-тармағында

, белгiленген квотаны орындауға;

      7) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратта еңбек саласындағы 

кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;

      8) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қолданысының тоқтатылуына байланысты, тартылған 

шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етуге;

      9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес 

әлеуметтік аударымдар жүргізуге;




      10) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде 

жұмысқа тартылған шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдағаны туралы және (

немесе) олармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      3. Жұмыс берушінің:

      1) оған тікелей өтініш білдірген адамдарды халықты жұмыспен қамту орталықтарының 

жолдамасы бар адамдармен бірдей шарттарда жұмысқа қабылдауға;

      2) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін ақпарат 

алуға;

      3) халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыруға 



іріктеу және жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға;

      4) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша 

сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      5) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 

 Заңымен.

№ 482-V

      5) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға;



      6) экономиканың салалары бойынша кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруға және 

айқындауға қатысуға құқығы бар.



29-бап. Кәсіптік одақтардың халықты жұмыспен қамту саласына қатысуы

      1. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан және оның салдарларынан 

қорғауға кәсіптік одақтар мен олардың бірлестіктерінің қатысуы осы Заңмен, "Кәсіптік одақтар 

туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, ұжымдық 

шарттармен және келісімдермен айқындалады.

      2. Кәсіптік одақтар:

      1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

      2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге 

қатысуға құқығы бар.

      3. Кәсiптік одақтардың мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілер мен олардың 

бірлестіктеріне халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру туралы ұсыныс беруге құқығы бар.

6-тарау. ЕҢБЕК ДЕЛДАЛДЫҒЫ



30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету

      Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және басқа да жүгінген адамдарға осы Заңның 

 сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту агенттіктері 



11

31-баптарына

еңбек делдалдығын көрсетеді.

31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi

      1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң:

      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты 

жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша өтiнiш жасаған адамдарға консультация 

беруге;

      2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек делдалдығы бойынша 



қызметтер көрсетуге;

      3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы 

мәлiметтер қалыптастыруға;

      4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, 

оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

      5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн 

жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

      6) өтiнiш жасаған адамдар кейiн жұмысқа орналастырылатын кәсiптiк даярлау мен қайта 

даярлауды ұйымдастыруға;

      7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырылатын жағдайда, оларды әкетуге рұқсат құжаттарын

ресiмдеуге;

      8) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 

жіберген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша конкурстарға қатысуға;

      9) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін ақпарат 

алуға;

      10) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту мәселелерi бойынша 



мемлекеттiк органдармен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара 

iс-қимыл жасауға құқығы бар.

      2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:



жүктеу 271,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау