және
талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ететін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамы;
кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруды және кадрларды кәсіптік даярлауға
мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілікті
арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын
мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны және азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері
жөніндегі ведомстволық статистикалық есептілікті жинауды ұйымдастыру бойынша қызметтер
көрсетуді жүзеге асырады.
2) әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған бағдарламалық-
аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік
органдардың
басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыруды қоса
алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдауды;
3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының
талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласындағы
ақпараттық және консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыруды:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді
және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;
4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
№ 482-V
Заңымен.
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота
шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды
тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
6) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын
есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер
үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
7) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
9) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу;
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы
үшін елді мекендерді айқындау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға
жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру
арқылы қамтамасыз етеді.
10-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:
1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің
еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары,
сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие
мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы
әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға
қатысады;
3) осы Заңның 17-бабына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты
жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларын ұйымдастырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
№ 482-V
Заңымен.
4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі
жұмысты ұйымдастырады;
5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық
бөлімшелерінен,
білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру
қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа
орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты
кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп
шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;
6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы
үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға
енгізеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;
9) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың
мониторингін жүзеге асырады.
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты
еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-
ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша
шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
3) өтініш білдірген адамдарды осы Заңның 13, 14-баптарына сәйкес жұмыс іздеуші
және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты
есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және
оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда
жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге