Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 261,39 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата20.11.2018
өлшемі261,39 Kb.
#21836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      тұрғылықты жерiн ауыстыруды;

 

      тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмысқа шарттар бойынша 



орналасуды;

 

      кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;



 

      ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ 

құрылтайшы) болуды;

 

      мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;



 

      зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс 

iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi 

iшiнде ұсынуға мiндеттi.

 

      16-бап. Жұмыссызды есептен шығару



 

      1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:

 

      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен бас тартқанда;



 

      2) дәлелсiз себептермен:

 

      халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде 



ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;

 

      шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу 



үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;

 

      халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға 



жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

 

      3) жұмыссыз осы Заңда көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру 



мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

 

      4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне 



енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

 

      5) 15-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;



 

      6) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

 

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) — 3) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған 



жұмыссыздар есептен шыққан күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты 

жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші адам ретінде қайтадан тiркеле алады.

 

   4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ 

      17-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары

 

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті 



атқарушы органдар елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік даму болжамдары 

негізінде:

 

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуді;



 

      2) еңбек делдалдығын;

 

      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын;



 

      4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуді;

 

      5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеуді 



көздейтін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 

шараларын әзірлейді.

 

      2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:



 

      1) кәсіптік оқытуға жіберуді;

 

      2) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді;



 

      3) жастар практикасына жіберуді;

 

      4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;



 

      5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді;

 

      


РҚАО-ның ескертпесі!

 

      6) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 



№ 482-V

 

Заңымен.



 

      6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;

 



      7) қоғамдық жұмыстарды қамтиды.

 

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға он алты жастан бастап 



«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 

Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі 

адамдардың құқығы бар.

 

      3. Әлеуметтік көмек:



 

      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын 

жұмыссыздарға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді;

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      2) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 



№ 482-V

 

Заңымен.



 

      2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 

көзделген шарттарда және мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді;

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      3) тармақша 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 



№ 482-V

 

Заңымен.



 

      3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып 

табылатын жұмыссыздарға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен медициналық көмек көрсетуді 

қамтиды.

 

      4. Жұмысқа орналастыруға арналған квоталар:



 

      1) еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер;

 

      2) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының 



қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы, білім беру ұйымдарының түлектері болып 

табылатын азаматтар;

 

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;



 

      4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін көзделеді.

 

      18-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау



 

      1. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бюджет қаражаты шегінде жеке адамның кәсіптік 

білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере 

отырып, жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, 

оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып 

оқушыларына мамандық таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда 

практикалық көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

 

      2. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:



 

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық бойынша жұмысқа 

орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;

 

      2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, 



кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек 

нарығындағы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби 

консультацияны;

 

      3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік 



талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

 

      3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 



әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы 

және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен 

қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты 

жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.

 

      4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткен 



адамдар туралы мәліметтерді еңбек нарығының біртұтас ақпараттық базасында орналастырады.

 

      19-бап. Кәсіптік оқыту



 


жүктеу 261,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау