1. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады
және бюджет қаражаты шегінде және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың
қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің
жоғары
сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын
жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар
басым құқықты пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында
тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт
жасалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан
жұмыссыздар, олардың есебінен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта
тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі
мүмкін.
5. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар
зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға
жатпайды.
6. Осы Заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық
жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасы қолданылады.
23-бап. Кәсiпкерлiк бастамашылыққа жәрдемдесу
1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен
қамтығандарға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік
қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы оларға мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
2. Жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан мемлекеттік қолдау
шараларын алу үшін:
1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдардың;
2) мүгедектердің, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы
еңбек міндеттемелерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе)
басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;
3) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін елу жастан асқан адамдардың;
4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың басым құқығы бар.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен микрокредит алған адам арасында әлеуметтік
келісімшарт жасалады.
24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде
қоныс аударуға жәрдемдесу
1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты
жерге:
1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді
мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына;
2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс
аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы
шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына
жәрдемдеседі.
2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін мынадай санаттағы:
1) жұмыс іздеген адамдардың;
2) жұмыссыздардың;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің жаңа
тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.
3. Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында жаңа
тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi
балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын
оралмандар;
3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға
қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің
экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар
басым құқықты пайдаланады.
4. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде ерікті қоныс
аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
жағдайларды
қоспағанда, адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуына,
соған байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидиялар беруді;
2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын
үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік
оқытуды;
4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы ерікті түрде жаңа тұрғылықты жерге қоныс
аударатын адаммен және жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушімен әлеуметтік келісімшарт
жасайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
25-бап 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016
№ 482-V
Заңымен.
25-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындарын ұйымдастыру
1. Арнайы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен
қамтылуын оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге сақтау үшін
құрылады.
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруды жұмыс беруші
халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырады.
26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік
төлемдерді ұйымдастыру
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын,
белгiленген тәртiппен жұмыссыздар деп танылған адамдар
жұмысынан айырылған жағдайда
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.
2. Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің