Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 261,39 Kb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата20.11.2018
өлшемі261,39 Kb.
#21836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

орналастыруға іріктеу және жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға;

 

      4) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға, 



уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      5) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 



№ 482-V

 

Заңымен.



 

      5) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға субсидия 

алуға;

 

      6) экономиканың салалары бойынша кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруға 



және айқындауға қатысуға құқығы бар.

 

      29-бап. Кәсіптік одақтардың халықты жұмыспен қамту



 

               саласына қатысуы

 

      1. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан және оның 



салдарларынан қорғауға кәсіптік одақтар мен олардың бірлестіктерінің қатысуы осы Заңмен, 

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, өзге де нормативтік-

құқықтық актілермен, ұжымдық шарттармен және келісімдермен айқындалады.

 

      2. Кәсіптік одақтар:



 

      1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

 

      2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді 



әзірлеуге қатысуға құқығы бар.

 

      3. Кәсiптік одақтардың мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілер мен олардың 



бірлестіктеріне халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру туралы ұсыныс беруге құқығы 

бар.


 

   6-тарау. ЕҢБЕК ДЕЛДАЛДЫҒЫ 

      30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету

 

      Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және басқа да жүгінген адамдарға осы 



Заңның 11, 31-баптарына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту 

агенттіктері еңбек делдалдығын көрсетеді.

 

      31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi



 

      1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң:

 

      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының 



халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша өтiнiш жасаған адамдарға 

консультация беруге;

 

      2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және еңбек делдалдығы бойынша 



қызметтер көрсетуге;

 

      3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар 



туралы мәлiметтер қалыптастыруға;

 

      4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере 



отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

 

      5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру 



үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

 

      6) өтiнiш жасаған адамдар кейiн жұмысқа орналастырылатын кәсiптiк даярлау мен 



қайта даярлауды ұйымдастыруға;

 

      7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырылатын жағдайда, оларды әкетуге рұқсат 



құжаттарын ресiмдеуге;

 

      8) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 



шараларына жіберген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша конкурстарға 

қатысуға;

 

      9) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан еңбек нарығының жай-күйі туралы тегін 



ақпарат алуға;

 

      10) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту мәселелерi бойынша 




мемлекеттiк органдармен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, жұмыс берушiлермен өзара 

iс-қимыл жасауға құқығы бар.

 

      2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:



 

      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

 

      2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;



 

      3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта 

пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;

 

      4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы 



шарттар жасасуға;

 

      5) еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны 



туралы кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын 

ақпарат беруге;

 

      6) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасын қалыптастыруға қатысуға 



мiндеттi.

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      3-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 



№ 482-V

 Заңымен.

 

      3. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті 



жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерi жүзеге асырады.

 

      Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң 



банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн 

жұмыскердiң өз елiне оралуына жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгі кепiлдiк берген кезде 

ғана жүзеге асырылады.

 

      Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету кезінде жұмыс берушілердің 



банктерге кепілді жарна енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің 

заңнамасымен реттеледі.

 

   7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ 

ЕҢБЕГІН ҚОЛДАНУ 

      


РҚАО-ның ескертпесі!

 

      32-бап 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 



№ 482-V

 Заңымен.

 

      32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота



 

      Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан 

Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 

квота белгiлейдi.

 

      2. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс 



күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:

 

      1) дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев 



Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;

 

      2) мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі 



белгiлеген тәртіппен расталған құжаттары бар;

 

      3) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық 



басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан 

Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ, аталған заңды тұлғалар (не 

олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала 

құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік 

көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде 

инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі 

мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ 

инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда 

айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санына сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс 

істейтін;

 

      4) «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес 




жүктеу 261,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау