ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • ӨЗГЕРІС ҮСТІНДЕГІ ӘЛЕМ • ЖАҺАНДАНУ
5
Малкольм Маклин 1950 жылдары заманауи теңіз тасымалы контейнерін құрастырып шықты. Оның стандартты
көлемі оны ашпай-ақ, кемеден жүк машинасына ауыстыруға мүмкіндік берді.
Бұл қарапайым идея тауар
тасымалын жылдамдатты, бұрын жүк тікелей кеме трюмына салынып, керекті жеріне жеткен кезде айлақта
қайта алынатын. Бүгінде контейнерлердің
штрих-кодтары бар, оларды электронды түрде бақылап отыруға
болады. Алайда, заманауи контейнерлердің енгізілуі портты қалаларда ірі көлемдегі жұмыссыздық туғызды,
себебі жүкті тиеуге аз адам ғана қажет болып қалды.
Маерск тәрізді ірі теңіз тасымал жүйелері Қытайдан Еуропа мен Америка нарығына тауар тасымалдау үшін ірі
кемелер құрастыра бастады. 2011 жылы Маерск ұзындығы 400 м және 18 000 контейнер тасымалдай алатын
кемеге тапсырыс берді.
С8. Теңіз тасымалының контейнерлері әлемді қалай өзгертті?
Қосымша сұрақтар
С9. Мұхиттар әлемді қалай байланыстырады?
Мұхит жолдары маңызды рөл атқарады, себебі олар әлемді түрлі жолдармен байланыстырады, олардың
кейбірінің орны ерекше. Су бетінде жүретін
кемелер тәрізді, мұхит түбіндегі су асты кабельдері телефон
сигналдарын жеткізеді және соңғы кездегі мәдени жаһанданудың бір белгісі болып табылатын интернетке
шығуға мүмкіндік береді.
• Жаһанданудың біз ішетін асқа қандай әсері бар?
Супермаркеттердің көпшілігінен біздің қалауымызға сай әлемнің
түкпір-түкпірінде жасалған өнімдердің үлкен
ассортиментін көруге
болады. Кейбір супермаркеттерде сатып алу жағдайы жоғары
және олардың географиялық тұрғыдан кең екені байқалынады, бұл
олардың “дәл уақытында” және мүмкіндігінше жаңа тауарларды
алып келетіндігіне кепілдік береді. Тамақтың түр-түріне
деген
барлық уақытта туындайтын сұраныс “маусымдық” тауарлар
түсінігін жоғалтты. Қазір біз барлық затты жыл бойы сатып
ала аламыз және супермаркеттер экологиялық салдарларға
қарамастан барлық сұранысты қамтамасыз етуге тырысуда.
Біздің
сұранысымыздағы тауарлардың экологиялық салдарларына
ауыл шаруашылығында орнықты емес әдістерді қолдану, жоғары
сұранысты қамтамасыз ету үшін
аса жоғары мөлшерде өнім салу,
және тасымалдау кезінде көміртегі диоксидінің көп мөлшерде
шығарылуы жатады.
Тұтынушыларға қолжетімді тауарлардың ассортименті супермаркет
сатып алушыларының таңдауына қарай қалыптасқан. Мәселен,
мұны Әділетті сауда өнімдері көп сұраныстың әсерінен қолжетімді
болуынан байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: