«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


I. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту



жүктеу 182,51 Kb.
бет2/26
Дата18.05.2022
өлшемі182,51 Kb.
#38625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Денсаулық туралы кодекс

I. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығы денсаулық сақтау жүйесінен барлығы 10%-ға тәуелді және жеке адамның денсаулығының жай-күйі көп жағдайда адамның ақпараттық төңірегінің барлық өспелі күшінің әсерімен қалыптасатын оның өмір салтына, таңдау құқығына, әлеуметтік статусының деңгейіне және сол немесе өзге өмір салтын қалыптастыру бойынша мүмкіндіктердің қолжетімділігіне қарай айқын болады.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшының Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі заманғы денсаулық сақтауқымбат тұратын стационарлық емге емес көбінесе аурулардың профилактикасына бағдарлануына бағытталуына негізгі акцент жасалды.

Халықаралық тәжірибе бізге қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы, әсіресе, тек халық денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосып қоймай, сонымен бірге ел экономикасын дамытуға да үлес қосатын инфекциялық емес аурулардың профилактикасы бойынша да шұғыл шараларды қабылдау үшін негізделген экономикалық аргументтерді көрсетеді.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда негізгі инфекциялық емес аурулар ауыртпалығының қанайналым жүйесі ауруларының 5,4%-ға, онкологиялық аурулардың 2,1%-ға, қант диабетінің 20%-ға, тыныс алу ағзалары ауруларының 10%-ға өсу үрдісі байқалады.Бұл созылмалы аурулар бүкіл әлем бойынша өлімнің негізгі себептері болып табылады.Соңғы жылдары олардан өлім инфекциялық және паразиттік аурулармен салыстырғанда жоғары. Қазақстанда өлімнің 67% жағдайы созылмалы инфекциялық емес аурулардан болады.

Созылмалы инфекциялық емес аурулар әлемде алдын алуға болатын сырқаттанушылық пен мүгедектіктің негізгі себептері болып табылады. Бұл сын тегеуіріндер Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсерін тигізеді және мінез-құлықтық қауіп факторлары және күрделі демографиялық жағдайдың кеңінен таралушылығы сияқты негізгі факторларға байланысты.

Соңғы 15 жылдың ішінде өлім себептерінің талдауы денсаулық көрсеткішін одан әрі жақсарту тек қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және қоғамда Денсаулыққа табынуды орнату жағдайында ғана мүмкін болады.

ЭЫДҰ елдерімен денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердегі айырмашылықты жою қажет.

Сондай-ақ халық денсаулығына негізгі детерминанттардың елеулі теріс әсері сақталуда: қоршаған орта факторлары (су, экология), мінез-құлық факторлары (дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, зиянды әдеттер), өмір сүру ортасыныңқауіптілігі (жоғары жарақаттанушылық).

Жаһандық сын тегеуіріндердің бірі халықтың белсенді көшіп-қонуы және белгілі бір өңірлер үшін тән емес инфекциялық аурулардың пайда болуы, Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (бұдан әрі ХМСҚ-2005) енгізудің арқасында салдарынан аулақ болуға немесе азайтуға болатынжаңа, бұрын белгісіз инфекциялардың (Эбол қызбасы, тұмаудың жоғары патогендік түрлері, коронавирустық инфекция және басқалар) туындауыболып табылады.Қазақстан ХМСҚ енгізілген және қолданылуы тиіс196 қатысушы елдің қатарына енеді.

Бұл жағдайда Кодекс жобасының жаңа редакциясының шеңберінде бүкіл әлеуметтік әріптестердің күші: осы сын тегеуіріндерді жеңілдету және денсаулық сақтау жүйесінің жоғары тиімді және қаржылық тұрақты жүйесін құру үшін мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтың өзі жұмылдырылатын болады.

Сектораралық өзара іс-қимыл аурулардың туындау қаупінің факторларын төмендетуге және халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен (ДДҰ, БҰҰ, ЮНИСЕФ, оның ішінде оған қазақстандық мамандарды ілгерілету және секондирлеу мақсатында) тығыз ынтымақтастыққа бағытталатын болады.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі негізгі ұйым болып табылатын Ұлттық және өңірлік үйлестіру орталықтарының рөлдері мен функциялары күшейтіліп, заң бойынша бекітілетін болады.

Кодексте Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаттарды, азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Денсаулық сақтау министрлігінің рөлі күшейтілетін болады.

Кодексте сондай-ақ АИТВ, туберкулез, психикалық аурулар мен басқа да аурулар секілді айналасына қауіп төндіретін әлеуметтік-мәні бар аурулардың профилактикасы бойынша шаралар көрсетілетін болады.

Тек сектораралық деңгейде ғана шешілетін қоршаған ортаның ластану деңгейі, қалалар мен елді мекендердің қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайы, олардың абаттандыру, жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралардың жеткіліксіздігі жоғары күйінде қалуда.

Соңғы жылдары халықтың денсаулығының әлеуметтік тәуелді және кәсіби байланысты проблемалары (бейімделмейтін синдромдар, шарша және қатты шаршау, стрестік аурулар) күшеюде.

Қоғамдық денсаулық мақсатына қол жеткізу сектораралық өзара іс-қимылсыз мүмкін емес.

Соған байланысты, Кодекстің жаңа редакциясында экономиканың әрбір секторының қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешудегі міндеттері айқындалған.

Денсаулық сақтаудың барлық бағыттары үшін денсаулық мәдениетін қалыптастыру, денсаулықтың беделін арттыру, денсаулық құндылығын өмірге төзімді, белсенді ұзақ өмір факторы ретіндегі сананы арттыру негізгі проблема болып табылады.

Кез келген жаста барлығы үшін саламатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ету мен аман-саулыққа жәрдемдесу де 2015 жылы ББҰ Саммитінде қабылданған және шектелген ресурстарды оңтайлы пайдалану мен экологиялық-табиғи, қуатты-, және материалдық-сақтаушы технологияларды пайдалануға, әлеуметтік және мәдени жүйелердің тұрақтылығын сақтауға, биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған
2030 жылға дейін Тұрақты даму тұжырымдамасы мақсаттарының бірі болып табылады.

Денсаулықты нығайтуға бизнесті ынталандыру және көтермелеу, жеке инвестицияларды тарту тетіктерін дайындау фитенс-орталықтардың, спорт секцияларының, бассейндердің, дұрыс тамақтану бойынша қызметтердің, белсенді демалыс пен ішкі туризмнің, сондай-ақ ІТ өнімдердің және цифрлық шешімдердің, денсаулықты нығайту мониторингі бойынша ұсыныстардың санын ұлғайтуға және көпшілікке танытуға ықпал ететін болады.

Халықаралық тәжірибе әрбір азаматтың жақындары мен айналасы үшін жауапкершілігін дәлелдейді. Қалыптастыру үшін мектеп жасынан бастап елдің бүкіл азаматын алғашқы шұғыл көмек көрсету, дефибрилляторларды пайдалану дағдыларына оқыту қажет.

Заңнамаменмыналарды көздеу қажет:

мектеп жасынан бастап елдің бүкіл азаматын алғашқы шұғыл көмек көрсету дағдыларына оқыту;

қоғамдық орындарда міндетті түрде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде алғашқы шұғыл көмектің шұғыл кардиореанимациясын көрсету үшін қажетті медициналық жабдықты (дефибрилляторларды) міндетті орналастыру;

адамдардың көп жиналатын жерлерінде медициналық пункттер құру;

қоғамдық орталықтар (ойын-сауық орталықтары, супермеркеттер, вокзалдар, әуежайлар, метро мен басқалар) қызметкерлерінің алғашқы көмек көрсету дағдыларын міндетті түрде білуі;

парамедиктердің (төтенше жағдайлар, құқық қорғау органдары қызметтері қызметкерлерінің, жүргізушілер мен басқалардың) алғашқы көмек көрсету жүйесін құру.

ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, инфекциялық емес аурулардың профилактикасына тәсілдер өзгереді.

Теңестірілген, дұрыс тамақтануға, алиментарлық-тәуелді инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығын, дененің артық салмағын және семіздікті азайтуға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мінез-құлықтық қауіп факторларының профилактикасына бағытталған кешенді интеграцияланған шараларды қолдану қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтауды құру шеңберінде оның қызметі медициналық көмек көрсетудің бастапқы деңгейімен, тиісті ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және бағдарламалармен тығыз түрде интеграцияланатын болады. Бұл медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграциялық моделін дамыту үшін негіз құрады.

ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, инфекциялық емес аурулардың профилактикасына тәсілдер өзгереді.

Теңестірілген, дұрыс тамақтануға, алиментарлық-тәуелді инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығын, дененің артық салмағын және семіздікті азайтуға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мінез-құлықтық қауіп факторларының профилактикасына бағытталған кешенді интеграцияланған шараларды қолдану қажет.

Саламатты өмірді жақсартуға және темекі шегу, алкогольді тұтыну, құнарсыз және ұтымсыз тамақтану және дене белсенділігінің жоқтығы секілді денсаулық үшін мінез-құлықтық қауіпті төмендетуге бағытталған қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы стратегияның кең спектрі іске асырылатын болады.

Дұрыс емес мінез-құлықты ұстау немесе профилактикасы үшін денсаулық сақтау саласында қосымша жүйелі бастамалар талап етіледі. Оларға мыналар жатады: алкогольдік немесе темекі өнімдерін, фасфудты жарнамалауға тыйым салу, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды қолдау заңдары, тамақтану мәдениетін жетілдіруді және тамақ өнімдерін таңбалауды жетілдіруді қолдайтын салық заңнамасы.

Осыған байланысты, Кодекстің темекі шегумен күрес жөніндегі шаралар бөлігіндегі жаңа норма 2006 жылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған Темекі шегумен күрес жөніндегі Негіздемелік конвенцияға сәйкес келтірілетін болады.

Мысалы, темекіге қарсы саясаттың барынша қатаң және бәрін қамтушы кешенді пайдаланатын ЭЫДҰ елдері шегу көрсеткіштерін төмендетуде барынша сәтті деп танылды, бұл ретте темекі шегушілердің үлесі темекі шегуге қатысты кемінде кешенді стратегиясы бар елдермен салыстырғанда жылына 15%-ға азайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің негізі мақсаттарының бірі тамақты ұтымды етудің және саламатты өмір салтын ынталандырудың, санитариялық, репродукциялық және дене шынықтырудың, дұрыс тамақтануды насихаттаудың негізінде өз денсаулығына жауаптылықты арттыру болады.

Бұл Кодекске, оның ішінде денсаулықтың жай-күйі және денсаулыққа әсер етуші факторлар туралы ақпаратқа азаматтардың құқықтары мен міндеттерін енгізумен, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға (вакцинациялау, профилактикалық медициналық қарап-тексеру, скринингтертер, емдеудің тағайындалған режімін сақтау, ауруларды өз бетінше бақылау және басқалар) бағытталған профилактикалық іс-шараларға қатысудан және орындаудан бас тартқан жағдайдаазаматтардың өз денсаулығына ортақ жауаптылығын күшейту бойынша нормаларды енгізумен, дәрігердің тағайындауларын орындау, жедел көмек шақырулары, салдарынан аурулардың дамуына немесе өршуіне және аурулардың асқынуларына әкелетін ауруларды басқару бағдарламаларына қатысу қамтамасыз етілетін болады.

Халықтың денсаулық мәдениетін дамытудың және қоғамда сақталған денсаулыққа тұтынушылық қатынастың төмен деңгейі, сақтау мен нығайту бөлігіндегі жеке жауапкершіліктің жоқтығы, төмен гигиеналық дағдылар халықтың арасында, оның ішінде жеке адамға қатысты ақпараттық-түсіндіру және білім беру жұмыстарын күшейтуді қажет етеді, бұл да Кодексте көрініс табады.

Саламатты өмір салтын мәдениетін қалыптастыруға және пациентті жеке денсаулығын сақтау және нығайту үшін тартуға көмек көрсетілетін болады.

Адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін көлік, білім беру және қалалық жоспарлауды қоса алғанда барлық сектордың шешуші рөлін тану талап етіледі.

Азаматтардың денсаулығын тиімді нығайту үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) және бизнес-қоғамдастықтар тартылатын болады.

Қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың экономикалық орындылығы дәрі-дәрмексіз технологияларды артықшылықпен қолдануға және дәрілерді қабылдауға шектеулерге, оларды халықтың басым көпшілігі үшін аз қолжетімді ететін жоғары бағаларға негізделген сауықтыру іс-шараларының әдіснамаларымен айқындалады.

Жұмыс берушіде жұмыскердің денсаулығына еңбектің нәтижелілігі мен сапасын арттырудың экономикалық тетігі ретінде қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетті. Емдеуге және денсаулық сақтау стандарттарының бұзылуына жауаптылықты төмендету жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздеуі тиіс:

- жұмыскердің кәсіби денсаулығына стандарттар (бірінші кезекте, аса зиянды жағдайы бар мамандықтар үшін, қауіпті мамандықтар үшін);

- жалданған жұмыскердің жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасын реттейтін еңбек жағдайына, еңбек құралына, тұратын ортасына стандарттар, нормативтер;

- меншіктің кез келген түрі үшін жұмыс беруші мен жұмыскердің денсаулығынан айырылған, алынған зақымы, ауруы, оның ішінде экологияға байланысты жағдайда құқықтық өзара іс-қимылы;

- зиянды және қауіпті мамандықтарда жұмыс істейтін адамдарды іріктеу, оларды қорғаудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, өмірмен қамтамасыз ету, құтқарудың нормативтік деңгейі.

Осылайша, жұмыс беруші мен жалданған жұмысшы тең дәрежеде денсаулыққа, бұл ретте, жұмыс беруші – көбіне қоғамдық денсаулыққа, ал жалданған жұмысшы – жеке денсаулығына жауапты болады.

Науқас емес дені сау адам қалпына келтіру және профилактикалық медицинаның субъектісі болады.

Заңнамаменқызметкерлердің арасында денсаулық сақтауды нығайту және аурулардың профилактикасы, салауатты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ өз қаражатын әлеуметтік жағдайларды және саламатты өмір салтына ықпал ететін қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағыттаған инвесторларды ынталандыру мен көтермелеу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасауды көздеу қажет.

Халықаралық тәжірибе әрбір азаматтың жақындары мен айналасы үшін жауапкершілігін дәлелдейді. Қалыптастыру үшін мектеп жасынан бастап елдің бүкіл азаматтарын алғашқы шұғыл көмек көрсету, дефибрилляторларды пайдалану дағдыларына оқыту қажет.

Заңнамаменмыналарды көздеу қажет:

мектеп жасынан бастап елдің бүкіл азаматтарын алғашқы шұғыл көмек көрсету дағдыларына оқыту;

қоғамдық орындарда міндетті түрде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде алғашқы шұғыл көмектің шұғыл кардиореанимациясын көрсету үшін қажетті медициналық жабдықты (дефибрилляторларды) міндетті орналастыру;

адамдардың көп жиналатын жерлерінде медициналық пункттер құру;

қоғамдық орталықтар (ойын-сауық орталықтары, супермеркеттер, вокзалдар, әуежайлар, метро мен басқалар) қызметкерлерінің алғашқы көмек көрсету дағдыларын міндетті түрде білуі;

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, халықты гигиеналық оқыту, саламатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділігін арттыру, халық денсаулығын сақтауға қоғамдық бірлестіктер мен басқа коммерциялық емес ұйымдардың қатысуы бөлімдері көзделген, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті, меншік нысандарына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің есептілік-есепке алу құжаттарын қалыптастыруға, жүргізуге жауапкершілігі көзделеді.

Еріктілік заманауи Қазақстанның жаңа тренді болады. Ол қатысушыларда оң өмірлік құндылықты және өз елі үшін жауаптылықты қалыптастырады, мемлекет пен қоғамның арасындағы сенімділікті арттырады, қатыстылық сезімін туындатады. Егер денсаулық сақтау туралы айтатын болса, онда еріктілер саланы барынша ашық, халыққа жақын етеді. Соған байланысты, Кодексте еріктілердің медицинадағы маңыздылығын ашатын нормалар, міндеттер көзделетін болады.

Бірыңғай статистикалық есептілікті және бірыңғай электрондық ақпараттық жүйені қалыптастыру мақсатында заңнамамен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде нысандар бойынша ақпаратты беруге барлық медициналық ұйымның міндеттілігі мен жауаптылығын бекіту, сондай-ақ статистикалық талдау мен болжамдау әдістерін енгізуді көздеу қажет.

Жалпы Кодекстің жаңа редакциясы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының және азаматтардың өздерінің күштерін біріктіруді көздейтін, мыналарға бағытталған іс-шаралар кешенін одан әрі әзірлеу үшін негіз болады:

мезгілсіз қайтыс болуды, халықтың сырқаттанушылығын,мүгедектігін төмендету, орташа өмір сүру ұзақтығы мен сапасын ұлғайту, елдегі демографиялық жағдайды жақсарту;

- белсенді еңбек, әлеуметтік және жеке өмірін сүру, сондай-ақ физикалық және интеллектуалдық әлеуетті анықтау;

- денсаулық резервтерін сүйемелдеудің және денсаулықты сақтау технологияларының есебінен сырқаттанушылықты және жарақаттанушылықты, мезгілсіз және алдын алуға болатын өлімді, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті адамдар мен балалардың арасында қысқарту арқылы халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту;

- денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы бойынша бар, жаңа сауықтыру іс-шараларын әзірлеу, жетілдіру және оның көлемін ұлғайту;

- адамдардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және нығайту;

- адамның белсенді еңбекке қабілетті кезеңінде денсаулығын бағалау мен түзетуге жеке тәсіл;

- диагностиканың қазіргі заманғы әдістерін және кешенді сауықтыру технологияларын денсаулық сақтау практикасына енгізу арқылы денсаулығын қалпына келтіру мерзімдерін қысқарту;

- кәсіби денсаулықты, кәсіби ұзақ өмір сүруді қалыптастыру және сақтау арқылы еңбек әлеуетін дамыту мен сақтау;

- салауатты өмір салтын уәждеу, ынталандыру мен көтермелеу;

- халықтың өмір сапасын арттыру, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайын жақсарту мәселелеріндегі ведомствоаралық және сектораралық тәсілдерді қамтамасыз ету.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің қағидаттары мыналар болады:

- азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне, олардың табыс деңгейі мен тұратын жеріне қарамастан халықтың денсаулығының жай-күйін бағалау және сауықтыру бойынша іс-шараларға қолжетімділік;

- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сауықтыру және профилактикалық шаралардың басымдығы;

- адамның бүкіл өмірі ішіндегі сауықтыру іс-шараларының үздіксіздігі;

- адамның өз денсаулығына және өзінің жақындарының денсаулығына жауаптылығы;

- адамның физикалық, психикалық, рухани жай-күйінің ішкі үйлесімділігін, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік ортамен үйлесімділігін іске асыру;

- организмнің резервтік мүмкіндіктерін сандық бағалауға және оларды адамның денсаулық әлеуетін түзетуіне бағыттылық;

- адамның саламатты денсаулығын сақтаудың кешенді бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асыру бойынша барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарының, ұйымдар мен азаматтардың іс-қимылдарын шоғырландыру;

- жалпы ел халқының жалпы қажеттілігінде әртүрлі өңірлер халқының өзіне тән ерекшелігін, жекелеген әлеуметтік, кәсіби және жас тобын да ескере отырып, сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға көп деңгейлі тәсіл;

- аумақтық және ведомстволық аражіктеріне қарамастан бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің біртұтастығы;

- денсаулықты сақтау мен нығайту жүйесінің медициналық-профилактикалық, сауықтыру және экономикалық тиімділігінің біртұтастығы.

Профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары халықтың барлық деңгейіне бағытталатын және жас-жыныстық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескеретін болады:

Балалардың денсаулығын сақтау: жаңа туған нәрестелер, кіші жастағы балалар мен мектеп жасындағы балалар, бұл оларға барынша саламатты өмірдің басын қамтамасыз етеді. Балалардағы туа біткен аномалиялардың даму қаупінің төрттен бір бөлігі генетикалық ауытқулармен және орта жағдайына байланысты, аналардың алкогольді және есірткілерді шектен тыс тұтынуы маңызды фактор болып отыр.

Бірге жасқа толмаған балалар өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жекелеген жағдайлар мен туа біткен аномалиялар болып табылады.

1 жастан асқан балалардың арасында - тыныс алу ағзаларының аурулары, оның ішінде пневмония, сыртқы себептер. Сыртқы себептерден өлім көп жағдайларда отбасының әлеуметтік статусына, ата-аналардың өмір сүру салтына байланысты. Одан басқа, өмір салтынан жаңа туған нәрестенің АИТВ жұқтыру және есірткіге тәуелділік қаупі де байланысты болады.

Туғаннан кейінгі кезеңде және 7 жасқа дейін әрбір балаға барынша қолайлы өмірлік статусты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар басымдықты болады және баланың денсаулығын қолдаумен және нығайтумен сүйемелденетін болады: емшек сүтімен қоректендіру, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, мектепке дайындау, зиянды сыртқы факторларды жою.

Заңнамаменмектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау мәселелерімен айналысатын МСАК ұйымдарында Балалар денсаулығын сақтау орталықтарын құра отырып, «мектеп медицинасы» ұғымын енгізу қажет.

Ата-аналардың балаларды вакцинациялаудан бас тартуының жиілеген жағдайлары инфекциялық аурулардың індетінің дамуына әкелуі мүмкін.

Соған байланысты, заңнамамен балаларды профилактикалық вакциналау міндеттілігін бекіту және ата-аналардың вакцинациялаудан бас тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Мысалы, Италияда вакцинациялаудан бас тартқан жағдайда айыппұл екі мың еуродан жеті мың еуроға дейін құрайды. Оның мөлшері пациентті, егер ол ауырса немесе біреуге жұқтырса емдеуге кететін шығынға байланысты. Италиялық мектепке дейінгі мекемелерде вакцинациялау міндетті. Ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартқан жағдайда егілмеген балаларды ұйымдастырылған ұжымға (балабақшалар мен мектептер) қабылдаудан бас тартуды, жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында заңнамаменбекіту қажет.

Жастардың денсаулығын сақтау. Жастар барынша дені сау және қоғамдағы өзінің міндеттерін орындауға дайын болуы тиіс. Тамақтану, дене шынықтыру, темекі шегу, өмір салты, сексуалдық мінез-құлық қалыптасқанда жасөспірім шақ ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Және үлкен жаста созылмалы аурулар қаупі факторлары пайда болады. Алкоголь мен есірткіні, құқық бұзушылықты, қаламаған жүктілікті қамтитын мінез-құлық қауіп факторларының рөлі артады.

Жасөспірімдердің ата-аналарының және олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін медициналық ұйымға жүгіну мүмкіндігін заңмен бекіту қажет.

Әйелдердің ұрпақты болу денсаулығы мен болашақ балалардың денсаулығы ерекше назарға ие, жетістіктерге жету үшін мыналар қажет: отбасын жоспарлау дағдылары, қаламаған жүктілікті болдырмау, ана болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар мүгедектігінің профилактикасы.

18-20 жас кезеңінде әлеуметтік мәні бар аурулардың, оның ішінде жүрек-тамырлық, қант диабеті және туберкулез, обыр секілді аурулардың туындау қаупін анықтау және емдеу жөніндегі мақсатты іс-шаралар өткізілетін болады: обыралды ошақтарын емдеумен қатар скрининг арқылы В гепатитіне қарсы, жатыр мойны обырына қарсы иммундау арқылыбауыр обырының профилактикасы.

Сондай-ақ психикалық денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету және жастардың арасында білім беру, еңбек және отбасын қорғау секторларын тарта отырып, суицидтердің алдын алу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Жұмысқа қабілетті халықтың денсаулығын сақтау және нығайту.

Жазатайым жағдайлардан және зорлық актілерінің, уланулар мен жарақаттанушылықтың, негізгі инфекциялық емес аурулардың (қанайналым жүйелерінің аурулары, тыныс алу ағзаларының аурулары, асқорыту ағзаларының аурулары) нәтижесінде жарақаттардың, мүгедектік пен өлімнің санын елеулі және тұрақты қысқарту. Дәл осы шақта дамыған елдердің халқының өліміндегі айырмашылық бар.

40-59 жаста организмдегі елеулі эндокриндік өзгерістерді диагностикалау мен түзету жүргізіледі, сондай-ақ тірек-қозғалыс жүйесінің (остепатия мектептерін ашу), қанның ми циркуляциясының, тыныс алу жүйелерінің бұзылуларын және онкологиялық аурулардың пайда болуын қаупін ерте анықтауға, диагностикалау мен емдеуге бағытталған іс-шаралар қосылады.

Егде жаста денсаулықты сақтау және қорғау.

60 жастан асқан егде жастағы адамдар өз денсаулығына қатысты олардағы бар әлеуетті толығымен іске асыруы және қоғамдағы белсенді әлеуметтік рөлді орындауға мүмкіндігі болуы тиіс.

Егде жастағы адамдар үшін мүгедектіктен еркін, тәуелсіздікті сақтауға, өзін-өзі құрметтеуге және қоғамдағы өзінің орнын сақтауға мүмкіндік беретін денсаулық жағдайында өмір сүру мерзімін ұлғайтуды ұсыну ерекше мәнге ие.

60 жастан бастап 70 жасқа дейінгі егде жастағы бірінші кезеңде сақталған кәсіби еңбекке қабілеттілігі, құзыреттілігі және интеллектуалдық әлеуеті бар адамдар үшін шаралар оларды қолдауға бағытталатын болады, атап айтқанда – денсаулығын жақсартуға, еңбекті қайта ұйымдастыруға және егде жұмыскерлердің қажеттілігін ескере отырып, еңбек жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жұмыс орнының бейімделуін қамтамасыз етугебағытталуы тиіс.

Медициналық іс-шаралар үлкен жастағы бүкіл ауруларды диагностикалау мен емдеуге бағытталатын болады.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың басқа негізгі міндеті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылаудың тиімділігін арттыру, аса қауіпті инфекциялардың, туберкулездің, АИТВ/ЖИТС-тің таралушылығына қарсы іс-қимыл және оны төмендету бойынша одан арғы шаралар.

Денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі тамақ өнімінің қауіпсіздігін, салауатты және тиімді тамақтануды қамтамасыз ету болып табылады.

Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тәсілдер Алиментариус Кодексінің стандарттарында, Еуропа Одағының директиваларында, 2013-2020 жылдарға арналған ИЕА профилактикасы және олармен күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарында, Еуразиялық экономикалық комиссияның ережелері мен нормаларында, сондай-ақ ұлттық іс-қимыл жоспарларында көрсетілген.

Сонымен қатар, тамақ өнімінің қауіпсіздігі, техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дәйектілігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумағындағы қауіпсіз өнімнің (тауарлардың) өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру қажет.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жататын сәйкес келмейтін өнім (тауарлар) санының төмендеу үрдісіне қарамастан, еліміздің нарығында өткізілетін, техникалық регламенттер мен гигиеналық нормативтер талаптарына жауап бермейтін өнімнің (тауарлардың) негізгі үлесі импорттық өнімге тиесілі және елімізге шартты шығару режимімен әкелінеді.

Мысалы, 2017 жылы өнім қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін әкелінген балалар ойыншықтары және балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің көлемі 48%-дан асты.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өнім сәйкестігін бағалау рәсімінен өтуден жалтару фактілерінің себептері әкелінетін тауардың құнына сәйкес келмейтін әкімшілік айыппұлдар мөлшерінің төмен болуы болып табылады.

Камералдық бақылау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар шартты шығару режимінде кедендік тазартудан өту кезінде өнімнің (тауардың) қозғалысын және ішкі нарыққа түсу кезінде оны өткізу сатысында бақылауға, осылайша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды әкелуді және өткізуді шектеуге мүмкіндік береді.

Қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін камералдық бақылау шеңберінде еліміздің барлық өңірлері үшін ақпараттық жүйелерді енгізу, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру және құжаттарсыз, сәйкестікті растаусыз айналымдағы сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау үшін қолданыстағы нормаларды жетілдіру көзделеді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері талаптарына сәйкессіздікті анықтаудың пәрменді тетігі өнімді (тауарларды) өткізу сатысында оны іріктеп алу және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында өткізілетін зертханалық сараптаманы жүргізу болып табылады.

Сонымен қатар объектіге шығуды тіркеудің қолданыстағы рәсімі (жүргізуді бастаудан кем дегенде бір тәулік бұрын оған алда болатын өнімді іріктеп алудың жүргізілуі туралы хабардар ету) сауда желісінде сәйкестікті растаудан (бағалаудан) өтпеген ықтимал қауіпті өнімді өткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ таңбалау талаптары бұзылуының анықталу фактілері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу мүмкіндігінің болмауы еліміздің тұтынушылық нарығында таңбалауында жарамдылық мерзімдері және сақтау шарттары, өнімнің құрамы туралы дұрыс ақпарат, оның тағамдық және энергетикалық құндылығы, тыйым салынған тағамдық қоспалар, консерванттар, майдың массалық үлесі, генетикалық түрлендірілген объектілер, ДНҚ және басқалары көрсетілмеген тамақ өнімінің болуына ықпал етеді. Адамның осындай өнімді тұтынуы кейіннен пайда болатын салдарларға, аллергиялық реакцияларға, семіздікке, қант диабетіне және басқа да инфекциялық емес ауруларға алып келуі мүмкін.

Осыған байланысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүргізілетін ұлттық заңнама нормаларын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру болжануда.

Тамақ өнімдерінің, оның құрамдасы ретінде қауіпсіздігі саласындағы Халықаралық тәсілдер Алиментариус Кодексінің стандарттарында, ЕО директиваларында, 2013-2020 жылдарға арналған ИЕА профилактикасы және олармен күрес жөніндегі іс-қимылдың Жаһандық жоспарында, 2015-2020 жылдарға арналған тамақ өнімдері мен тамақтану саласындағы ДДҰ іс-қимыл жоспарында көрсетілген.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік сауда ұйымдарының талаптарын іске асыру үшін техникалық реттеу саласында ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының талаптарын іске асыруға нормалар көзделген. Бұл нормалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жосықты бәсекелестік, Қазақстан Республикасының аумағында қауіпсіз өнімдердің айналымы үшін жағдай жасау мақсатында техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау рәсімдерінің шынайылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін жетілдіру үшін қажет.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын сәйкес емес өнімдердің санын төмендету үрдісіне қармастан елдің нарығында сатылатын жалпы сәйкес емес өнімдердің (тауарлардың) негізгі үлесі импорттық өнімдерге тиесілі және елге шартты шығару режімімен енгізіледі, қолданыстағы өнімдерді (тауарларды) анықтау тетігі болып бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нысандағы өткізілетін өнімдердің қауіпсіздігінің мониторингі табылады.

Объектіге шығуды тіркеу рәсімдерін қиындату (өткізуге дейін кемінде бір тәулік бұрын оны алда тұрған өнімді іріктеу жүргізу туралы хабарлау қажет) елдің нарығында сәйкестік бағалауынан өтпеген әлеуетті қауіпті өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. 2017 жылы елге әкелініп, сатылған өнімнің қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін тек ойыншықтардың көлемі 48 % құрады.

Сонымен бірге, барлық техникалық регламенттерді қабылдаудың мақсаты адам өмірін және (немесе) денсаулығын қорғау және тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-қимылдардың алдын алу болып табылады. Таңбалау талаптарын бұзу фактілері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы елдің тұтынушылық нарығында таңбалауында жарамдылық мерзімдері мен сақтау жағдайлары көрсетілмеген, өндіруші өнімнің құрамын, оның тамақ және энергиялық құндылығын, тыйым салынған қоспалардың құрамын, консерванттарды, майдың массалық үлесін, ГМО, ДНК және тағы басқаларын дұрыс көрсетпеген тамақ өнімдерінің болуына ықпал етеді. Адам мұндай өнімдерді тұтынғаннан кейін жекелеген салдарымен ауруларға, аллергиялық реакцияларға, семіруге, қант диабетіне және басқа да инфекциялық емес ауруларға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес  ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін.Алайда, камералдық бақылау нәтижесі көрсеткендей жоғары экономикалық қызметтің қатысушылары жоғарыда көрсетілген талаптарды ылғи да сақтай бермейді.

Камералдық бақылау ЕАЭО пен ҚР актілерімен белгіленген, оны сату сатысында шартты шығару және ішкі тұтынуға шығару режімінде тауарды кедендік тазартуды өткен кезде тауарды бақылауға мүмкіндік береді (ел аумағындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды әкелуді және сатуды шектеуге мүмкіндік береді).

Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларының өнімнің сәйкестік бағалауынан өтуінен жалтару фактілерінің себебі болып әкелінетін тауардың құнына сәйкес келмейтін көп емес әкімшілік айыппұлдар табылады.

Қазақстан Республикасына тауарларды заңсыз әкелінуінің болуы азаматтардың өмірі мен денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді. Сонымен, камералдық бақылау шеңберінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиімділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтетін нормалдарды, сондай-ақ сәйкес емес өнімдер анықталған жағдайда шаралар қабылдау үшін бар нормаларды жетілдіру көзделеді.

Тиісті деңгейде медициналық көмектің сапасы қамтамасыз етілмейді.

Сапаны арттыру бойынша шаралар барлық деңгейлерде жүзеге асырылуы тиіс, ал олардың халық денсаулығының тиімділігі мен сапасына әсері жақсы бақылануы тиіс.

Ақпараттық жүйелердің жетілдірілмеуі медициналық деректерді қорытындылауға және пациенттерге медициналық көмек көрсетуді үздіксіз үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.


жүктеу 182,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау