II.Медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін халықаралық шолулар Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің ұқсас деңгейімен туғаннан бастап күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы бөлігінде қалып отырғанын дәлелдейді. Туғаннан бастап күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы 2017 жылы 72,4 жасты құрады – бұл шамамен ЭЫДҰ-ға қатысушы мемлекеттер бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің деңгейі Балтия елдерінде, сондай-ақ шамамен сондай деңгей байқалатын туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай жоғары Қазақстандағыдай халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің деңгейі Орталық Еуропа елдерінде де сегіз жылға аз. Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі өте төмен және Қазақстанмен салыстырғанда туғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы барынша жоғары елдер де бар.
Бұл денсаулық сақтауға шығыстарды одан әрі ұлғайту туралы мәселеден басқа ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ие болатын Қазақстан үшін шешуші мәні бар екенін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Кодексінің іске асырылуы елдің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену үшін салаға қағидатты жаңа өзара қарым-қатынасты енгізуге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалау жүйенің бар кемшіліктерін көрсетті, оны шешпей республика азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту қиын болады.
Әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену жөніндегі мақсаттарға жету жүйеден қысқа мерзімдерде әлемдік және отандық экономикадағы кез келген ауытқулар кезінде қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, медициналық көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін жеке және халықаралық тәжірибенің негізінде денсаулық сақтаудың жаңа, ұзақ мерзімді моделін құруға өз күшін салуды қажет етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, Кодекс жобасының жаңа редакциясы қол жеткізілген табыстарды бекіту мен дамытуға және денсаулық сақтау мәселелеріндегі бар проблемаларды шешуге бағытталатын болады, сондай-ақ 2050 жылға дейін саланы жоспарлы және ілгерілемелі дамыту үшін негіз болады.
Медициналық көрсетілетін қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін негіз болып табылады.
Медициналық көрсетілетін қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізудің мақсаты барлық адамдарды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жәнеденсаулық сақтау жүйесінің мықты жүйелерін қалыптастыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру, негізгі дәрілік заттарға қолжетімділікті және жақсы даярланған денсаулық сақтау қызметкерлерінің жеткілікті әлеуетін қамтамасыз ету жолымен олардың төлеміне байланысты қаржылық ауыртпалықты төмендету болып табылады.
Жалпыға бірдей қамту үкіметтердің барлық өз азаматтарының әл-ауқатын жақсарту ісін ұстанушылық өлшемшарттары болып табылады. Бұл ретте, елдер тек ел халқының деңгейінде ғана емес, сондай-ақ олардың табысын, жынысын, жасын, тұратын жерін, көшіп-қону мәртебесін және этникалық шығу тегін ескере отырып, әртүрлі топтардың деңгейінде де прогресті бақылауы тиіс.
Медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтермен жалпыға бірдей қамту үшін мыналар қажет:
АИТВ-ға, туберкулезге, безгекке, инфекциялық емес ауруларға және ана мен бала денсаулығын мынадай жолменсақтауғақатысты қызметтерді қосатын, адамдардың негізгі медициналық-санитариялық қажеттілігін қанағаттандыратын мықты, тиімді, жақсы басқарылатын денсаулық сақтау жүйесі:
адамдарға денсаулықты сақтауға және аурулардың профилактикасына қатысты ақпараттар мен шұғыл ұсынымдарды ұсыну;
денсаулықтың бұзылуын ерте анықтау;
ауруларды емдеу үшін әлеует құру;
оңалту үшін пациенттерге жәрдемдесу.
Соңғы он жылда туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығы қарқынды өсті, алайда жағдайды жақсарту үшін елеулі әлеует сақталуда. Прогреске қарамастан Қазақстанда туғаннан бастап орташа өмір сүру ұзақтығыЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен барынша төмен. Атап айтқанда, ол жан басына шаққандағы ІЖӨ немесе жан басына шаққандағы денсаулық сақтауға арналған шығыстардың ұқсас деңгейімен ЭЫДҰ елдерінен әлі де арта қалуда.
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы ірі гендердік алшақтықтың бірімен сипатталады – ЭЫДҰ елдеріндегі өмір сүру ұзақтығындағы орташа гендерлік алшақтықтан екі есе жоғары.
Соңғы екі он жылдықтың ішінде нәресте мен ана өлімі тиісінше төрт және алты есе қысқарды, бұл Қазақстанға Мыңжылдық декларацияның тиісті мақсаттарына (МДМ) қол жеткізуге және ЭЫДҰ орташа көрсеткішіне жақындауына мүмкіндік берді. Инфекциялық және паразиттік аурулардан болатын өлімнің төмен деңгейі белгіленді, бірақ туберкулез алаңдатушылық туғызып отыр.
Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі елеулі табыстар мен соңғы екі онжылдықта қабылданған өткен реформалардың жетістіктеріне қарамастан елдегі денсаулық сақтау жүйесі созылмалы аурулардың өспелі ауыртпалығында қалды және құрылымды жүйелік өзгертуді қажет етеді.
Бәрінен бұрын, қанайналым жүйесі ауруларынан және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) секілді төменгі тыныс алу жолдарының ауруларынан болатын өлімнің жоғары көрсеткіштері белгіленді. Обырдан өмірсүрушілік деңгейі де төмен және обыр өлімнің үшінші жетекші себебі болып табылады.
Халық денсаулығының ағымдағы жағдайын және аурулардың болжамдалған өсуін ескере отырып, Кодекстің жобасымен медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі енгізілетін болады. Осы моделдің шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде оның толықтығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияланған медициналық көмекті ұсыну қағидалары, тәртібі мен стандарттары іске асырылатын болады.
Қазіргі таңдағы бар жекеленген медициналық көрсетілетін қызметтер халыққа тиімді және кешенді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Соған байланысты, денсаулық сақтау жүйесінің болашақ архитектурасының барынша нақты көрінісін құру қажет. Оларды қауымдардың деңгейінде қызметтердің қолжетімділігін теңестіру және шектелген ресурстарды жүйенің барынша жоғары деңгейлеріне шоғырландыру үшін жіктелмеген жөн.
Осылайша, медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесін көздейтін халықаралық тәжірибеге сәйкес медициналық көмекті ұйымдастыруға жаға тәсіл регламенттелетін болады.
Үш деңгейлі медициналық көмекті көрсету (алғашқы, қайталама, үшінші) барлық деңгейлердегі пациенттердің ағымын басқаруға, сондай-ақ стационарларға кез келген бейіндегі пациенттерді қабылдауға дайын болуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл ауруларды емдеудің, оңалту мен толық емдеудің қарқындылығының дәрежесі бойынша төсек қорынсаралауды жүргізу арқылы пациенттердің ағымын оңтайландыра отырып, госпиталдық режімді жақсартуға және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық қызметтеріне қол жеткізу бөлігінде халықтың сенімін ақтау мүмкіндігін беретін емдеу мен технологияның жаңа әдістерін енгізуге үшінші деңгейдің жауаптылығын күшейтуге көмектеседі.
Медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесін енгізумен медициналық көмек көрсетудің түрлерін, нысандарын, шарттарын айқындауға тәсілдер заңнамамен қайта қаралатын болады.
Сырқаттанушылық пен өлімнің дамуындағы созылмалы инфекциялық емес аурулардың жетекші рөлі осындай аурулары бар науқастарды қадағалап-қараудағы тәсілдерді өзгертуді және созылмалы ауруларды басқару жүйесін құруды қажет етеді. Соған байланысты «созылмалы ауруларды басқару» деген ұғым заңнамамен айқындалатын болады, сондай-ақ «әлеуметтік мәні бар аурулар және айналасына қауіп төндіретін аурулар» деген анықтамаға тәсілдер қайта қаралатын болады.
«Шұғыл медициналықкөмек», «парамедиктер» деген ұғымдар, сондай-ақ «медициналық алғашқы көмек» деген анықтамалар мен парамедиктердің медициналық алғашқы көмек көрсету тәртібі заңнамамен бекітілетін болады.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында созылмалы ауруларды ерте диагностикалауға скринингтік зерттеулер енгізілді, алайда скринингтік зерттеулер ұғымы заңнамамен қайта қаралған жоқ. Соған байланысты «скринингтік зерттеулер» деген ұғымды және оларды жүргізу тәртібінің анықтамасын заңнамамен бекіту қажеттілігі бар.
Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы қазіргі таңда көп жағдайда ЭЫДҰ барынша табысты елдерінің құрылымына теңеседі. Жалпы реформалар дұрыс бағытта келеді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейінде оларды толық емес және тиімсіз іске асыру орын алып отыр. Оларды тиімді жүзеге асыру ісіндегі нақты прогресті бағалауға жеткіліксіз көңіл бөлінеді.
Бұл саланы қайта ұйымдастыру бойынша қызметті күшейту және барынша тиімді үйлестіру қажет. Таяу жылдары денсаулық сақтау жүйесі халық денсаулығы жай-күйінің көрсеткіштерін жақсартуға және тиімділікті көбейтуге нақты ден қоюмен барынша заманауи тетіктерге жүйелі бағдарлануы тиіс. Барлық азаматтарға тиімді, сапалы медициналық-санитариялық көмек көрсету және созылмалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейін төмендету мақсатында денсаулық сақтау жүйесіндегі стратегиялық басымдықтарды орналастыруды жақсарту қажет, атап айтқанда:
- созылмалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге назар аудару. Болашақ реформалардың басты мақсаты медициналық іс-шараларға бейімделген аурулардың деңгейін жеңу болуы тиіс. Созылмалы, инфекциялық емес ауруларды емдеуге, бақылау мен мақсатты профилактикаға басымдықты назар аударылуы тиіс;
- МСАК-тың пайдасына медициналық қызметтер көрсету саласындағы теңгерімді қалпына келтіру бойынша күшті екі есе арттыру.
МСАК деңгейінде қызметтер көрсету жүйесін нығайту және басқару жүйесін жетілдіру халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы басымдықты бағыт болып қалуы тиіс.
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көптеген жағдайда созылмалы ауруды тиімді және экономикалық ұтымды емдеуге немесе профилактиканы МСАК деңгейінде жүргізуге болатынын дәлелдейді.
Осылайша, ауруханалық қызметтерді одан әрі оңтайландыру және МСАК-ты дамыту жүйенің тиімділігін арттыру үшін нақты мүмкіндіктерді ұсынуы мүмкін.
Қайталама көмек көрсету тәртібін жетілдіру және курортологияны, медициналық оңалтуды жетілдіру, сондай-ақ медициналық қызметтерді және тарифтік саясатты қаржыландыру тетіктерін өзгерту қажет.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі ведомстволарының медицина қызметтерінің және т.б. жұмысы бойынша мәселелерді жетілдіруді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |