6. Мектептегі оқу жұмысының кейбір түрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Кітап оқу гигиенасы. Бастауыш сыныптардағы оқу сабақтарына ерекше көңіл бөледі, өйткені бастауыш сыныптағы оқуды педагогикалық тұрғыдан дұрыс оқыту қалған барлық пәндерді ойдағыдай меңгеруге септігін тигізеді. Осыған орай мектеп оқушыларының қалыпты көру өткірлігін сақтау үшін көру анализаторының қажу заңдылықтарын зерттеудің маңызы зор. Жалпы кітап көзден 35-40 см қашықтықта 15-30 градус бұрыш жасай орналасуы тиіс, бұл мүсіннің бұзылуынан сақтандырады.
Мектеп оқушысының сыныпта үздіксіз кітап оқу ұзақтығы 10 минуттан, ал оқу залында ол35-45 минуттан аспауы тиіс. Бұдан соң көз, ал дауыстап оқуда дауыс аппараты тынығуы үшін үзіліс жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |