14.Көру анализаторлары және оның функциялық бөлімдері.
Көру анализаторы -жұп түзінді. Көз анализатордың шеткі бөлімі болып табылады. Одан шығатын көру нерві өткізгіш бөлім болып саналады. Көз алмасының 3 қабықшасы болады, олар көз ұясына орналасады. Оны сыртынан белокты қабықша немесе склера қаптап тұрады, бұл қабықша тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады. Белокты қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан. Тамырлы қабықшаның алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Ал торлы қабық-көздің 3-ші қабықшасы. Нұрлы қабықтан кейін 2 жағы дөңес мөлдір линза – көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.
Жарық сәулесін сындыратын орта мен торлы қабық көздің негізін құрайды. Көздің қосалқы қимыл аппараттары- бұлшық ет және қорғаныш аппараты-қабақ, кірпік және жас бездері.Көздің қызметі қалыпты кезде барлық қимыл үйлесімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |