Графика. Орфография. Орфоэпия



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет143/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

эмоциялық паузалар
дейміз. 
Кейде кідірістердің орнына ешқандай тілдік мазмұны жоқ «ммм», 
«хым» сияқты дыбыстар айтылуы мүмкін. Бұлар сөз иесінің алдын ала 
дайындықсыз, жағдайға қарай бірден сөйлеп отырғанының белгілері. Мұндай 
кідірістер тіл ғылымында 
хезитациялық паузалар
деп аталып, сөйлеушінің 
сөз соңын ойланғанша бос уақытты толтыру мақсатында айтқан 
дыбыстарынан тұрады, көбінесе бейресми, тұрмыстық қатынастағы көзбе-көз 
тілдесуде жиі кездеседі де, ал бұқаралық ақпарат құралдары арқылы эфирге 
шығып отырған диктор немесе журналистің ауызша сөзінің сапасын 
төмендетеді. 
1-тапсырма.
Берілген мәтін үзіндісінде синтагмааралық кідіріс 
болатын орынға – // «қос таяқша», сөйлемаралық кідіріс жасалатын орынға 
– /// «үш таяқша» таңбасын қойып шығыңыз. Мәтіннің тыныс белгілері 
әдейі көрсетілмеді. 
Бір мың тоғыз жүз елу сегізінші жылы біз қазіргі Қазақ ұлттық 
университетінің екінші курсында лқып жүрдік қазіргі қазақ тілі курсының 
морфология саласынан доцент Ыбырайым Есенқұлұлы Маманов сабақ берді 
студенттерге білім беретін ұстаздар аз емес бірақ көп ұстаздың ішінде білім 
беру ерекшелігімен із қалдыратын келешегіне жол сілтейтін ақыл-кеңесі 
өміріңе азық болатын ұстаздар санаулы-ақ мен үшін сондай ұстаз Ыбырайым 
ағай болды 
(Сейілбек Исаев).
2-тапсырма.
Қалай ойлайсыз, егер жоғарыдағы мәтінді ерекше 
тебіреніспен айтатын болсаңыз, қай тұста эмоциялық паузалар жасар 
едіңіз? 
3-тапсырма.
Мына сөйлем бөліктері арасында қандай кідіріс 
жасайтын едіңіз? 
Олар ерте жатты, өйткені ертең жұмыс еді. 
Олар ерте жатты, ертең жұмыс еді.
Олар ерте жатты: ертең жұмыс еді.
Олар ерте жатты – ертең жұмыс еді. 
Олар ерте жатты (ертең жұмыс еді).
Ә у е з (тембр).
Интонациясыз сөйлем болмайды дегенде, айтылған 
ойға ешқандай қатыссыз сөйлеуге болмайды дегенді есте ұстаған жөн. Кез 
келген сөзде эмоция болады, бірақ бірде ол көмескі, екінші бірде айқын 
көрініп жатады. Интонацияның эмоцияны білдіруші негізгі құралы – әуез. 
Қарапайым тілмен айтқанда әуез дегеніміз дауыз қоюлығы, дауыстың бояуы. 
Неғұрлым эмоцияға бай дыбысталған сөз қою әрі айқын бояулармен беріледі, 
ал сөз неғұрлым бейтараптыққа жақындауға тырысса, оның бояуы да 
соғұрлым солғындай түседі. Басқаша айтсақ, көңілдің суреті дауыстың 
бояуларымен салынады. Бір еске сала кететін жайт: бұл жерде эмоция деген 
сөз жалпы ұғымды білдіреді. Мұнда тек адамның сезімдері ғана емес, оның 
ақиқатқа, айтылған ойға, тыңдарманына деген қатынасы түгел қамтылатын 
ұғым алынып отыр. Яғни дикторлар ауызша сөзінде жеке басының сезімдерін 
бейнелемеу керек деген тұрақты қағиданы басшылыққа алып жүріп, сөздің 


бояуынан айырылып қалмау керек. Сөз арқылы айтылған оқиғаға жеке 
басының қатысын білдірмесе де, диктордың даусы қанық бояулармен берілу 
керек. Себебі кез келген ақпарат, оқиғаның мазмұнында қандай да бір 
жағымды / жағымсыз, тартымды / тартымсыз, мәнді / мәнсіз және т.б. реңк 
болуы әбден мүмкін. Сөз ағымындағы сөздер түрлі түсті бояумен, яғни өздік 
әуезімен сипатталып отыру керек. Кейбір атақты теледидар, радио 
жүргізушілерінің кәсіби биіктен көрінуі мен шеберлігінің сыры да 
дауыстарының әуезділігінде жатса керек. 
Сонымен, қазақ интонациясының негізгі компоненттерінің әр 
қайсысының қызметі белгілі болды. Сөйлеу барысында олардың түрлі 
қатынасы сөз ағымындағы жалпы мағыналарды жеткізіп отырады, осыған 
байланысты ғалымдар қазақ тілінде 8 түрлі интонациялық бірліктің 
болатынын анықтады. Олар: 1) ойдың аяқталғанын білдіретін 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау