ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қазақ орфографиясы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік міндеттерге
толық жауап беріп отырған, кемел дәрежедегі орфографиялардың бірі. 1983
жылы бекітілген «Қазақ орфографиясының негізгі ережелері» қазақытілді
қоғамның, тұтастай алғанда, барша қазақстандықтардың білімдік-танымдық
интексінің жоғары сапалы болуына елеулі ықпал жасады.
Қазақ жазуы мен орфографиясының қазіргі жай-күйі аталған
заңнамалық құжатта көрсетілген негізгі принциптердің ғылыми, нақты
принциптер екендігін дәлелдеп берді. Дегенмен бір кезеңнің идеалды,
мүлтіксіз деп танылған емлелік қағидалары қоғам дамуының келесі бір
кезеңдерінде жекелеген принциптері мен тұжырымдары жағынан тар
ауқымдылық танытуы да мүмкін. Өйткені тіл ұдайы қозғалыстағы, үздіксіз
даму, өзгеру процесіндегі құбылыс, сондықтан қалыптасқан, тұрақталған
емлелік қағидаларының өзінде де тыңнан қарап, жаңаша тиянақтауды қажет
ететін проблемалардың туып отыратындығы – заңды жағдай.
Соңғы ширек ғасыр бойы қоғамдық-әлеуметтік, саяси өзгерістерге
байланысты қазақ жазуын жақсарту, оңтайлы ету, тиімді қолдану, әліпбиін
өзгерту мәселелер қазақ қоғамында дүркін-дүркін көтеріліп, үнемі қоғамдық
назарда болып отырды.
Осы себепті дыбыс тілі мен жазба тілді, олардың негізгі құрылымдық
элементтерін (сөз дыбыстары, фонема, әріп, әліпби) өзара байланыста қарай
отырып, қазіргі жазуымыздың фонологиялық негіздерін іздеу өзекті болып
табылады.
Жазудың фонологиялық негіздері жазу, графема, орфография және
орфоэпия ұғымдарымен тығыз байланысты.
Жазу дегеніміз дыбысталған сөзді арнайы таңбалар жүйесімен хатқа
түсіру немесе ауызша айтылған сөзді жазба тілге транспозициялау, басқаша
айтқанда, акустикалық сигналдарды оптикалық сигналға көшіру деген
түсінікті білдіреді.
Дыбыстық тіл мен жазба тілдің ең шағын тұлғалары – фонема мен
әріптің арасындағы күрделі қатынас жазу теориясында графема деген жаңа
бір ғылыми ұғымның пайда болуына себеп болды. Графема – дыбыстық
тілдің әрі қарай бөлшектенбейтін ең кішкене тұлғасы – фонема мен жазба
тілдің әрі қарай бөлшектенбейтін ең кішкене тұлғасы – әріптің арасындағы
қатынастың жиынтығы. Басқаша айтқанда, графема дегеніміз таңбаланушы
(фонема) мен таңбалаушының (әріптің) бірлігі болып табылады.
Қазақ жазуының жүйесі «дыбысталған сөз – фонема – графема – әріп»
тұрғысынан қарастырылуы керек. Өйткені «фонемадан әріпке» деген қағида
бойынша жазудың лингвистикалық мәнін толық ашу мүмкін емес. Бұл қағида
бойынша фонеманың өкілі – «әріп» деп танылады. Ал фонема дегеніміздің
өзі, бір жағынан, абстракті единица. Олай болса, абстракт
единицаны
жазбаша қалай таңбалауға болады? Міне, сондықтан жазу жүйесіне талдау
жасауда бастау алатын, табан тірейтін негізгі дерегіміз дыбысталған сөз
болуға тиіс. Өйткені фонема алдымен сөз дыбыстарында көрінеді.
«Дыбыс – фонема – графема – әріп» деген төрт мүшелі қатынас жазудың
ішкі құрылымын біршама толық аша түседі. Мұндағы сөз дыбыстары
фонемалардың ауызша тілдегі өкілі болса, фонеманың жазба сөздегі өкілі –
графема (инвариант), ал графема фонема тәрізді дерексіз единица, бірақ ол
нақты әріптер (варианттар) арқылы көрінеді. Ал әріп дегеніміз – «жазуда
фонемаларды немесе оның варианттарын белгілейтін белгілі бір әліпбидегі
графикалық таңба».
Қазіргі жазуымыз сөз дыбыстарына негізделген біртұтас жүйе түрінде
және сол жүйені құрап тұрған элемент, сол элементтердің өзара қатынасы
сияқты ішкі құрылымдық деңгейде әлі де болса зерттелмей келеді. Ал
мұндай міндетті шешу жазуымыздың фонологиялық транскрипция мен
фонетикалық транскрипция жүйесінен қаншалықты айырмасы мен
ұқсастығы бар екенін айқындауға мүмкіндік береді. Графикалық
лингвистиканың қисыны бойынша жазу жүйесі фонологиялық, фонетикалық
транскрипциядан қалайда бөлек болуға тиіс. Осымен байланысты
жазуымыздың ішкі түзілімін және фонологиялық негізін (қандай бағытта, қай
мектептің іліміне жақын т.б.), оған ұстанып отырған емле принципінің
сайма-сай болуын қарастыру қазақ тілі орфографиясының негізгі міндеті
болып саналады.
Бір сөзді әркім өз бетінше оқып, өз алдына жазатын болса, жазу-
сызудың коммуникациялық мәні болмайды. Сондықтан дыбысталған сөзді
хатқа түсірудің және оны сөйлеуде қайта жаңғыртудың жазарман мен
оқырманға ортақ негізі болуға тиіс. Жазуда және жазылған сөзді
жаңғыртуға басшылыққа алынатын негіз орфографиялық ұстаным (принцип)
деп аталады.
Қазіргі қазақ жазуы үшін фонематикалық принцип басшылыққа
алынады.
Фонематикалық принцип дегеніміз «белгілі бір фонеманың дыбыс
түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу»
болып табылады. Ал фонематикалық принциптің теориялық тірегі «фонема –
дыбыс типтері, дыбыс кластары, сондай-ақ олардың күшті және әлсіз
позициясы» дегенге саяды.
Тіл-тілдің дыбыс жүйесіндегі алшақтық пен өзгешелікке, әліпбидегі әріп
санының әртүрлі болуына байланысты көптеген елдің жазу-сызуында
тілдің ішкі жүйесі мен заңдылығынан тысқары жазылатын шеттілдік сөздер,
сөз топтары болады. Коммуникациялық жақтан қолайлы болу үшін олар
негізінен уәждемесіз принциптер (дәстүрлі, айырмыс, транслитерациялық,
транскрипциялық, түпнұсқа принциптері) бойынша жазылады.
Аталған принциптер арқылы қазақ әдеби тілінің құрамындағы біріккен
сөздер, қос сөздер, шеттілдік сөздер, құрама-күрделі атаулар категорияларын
моделдеу арқылы дәлелдеуге болады.
Мәселен,қҚазақ орфографиясында шешімін таппай келе жатқан
қиындықтардың бірі – құрама сөздердің бірге я болмаса бөлек жазылуы.
Біріккен сөз құбылысын лексикология, морфология, сөзжасам,
синтаксис, орфография ыңғайында қарастырған зерттеулерде проф. Қ.
Жұбановтың концепциясында көрсетілген белгілер негізге алынған деуге
болады.
Біріккен сөз екі таңбаның жай ғана механикалық тұрғыдағы қосындысы
емес. Екі таңба (А,В) бірігіп, жай сипаттағы (С) таңбаға айналу үшін,
бірігуге тиіс екі таңба әр түрлі деңгейдегі азды-көпті а) мағыналық ә)
формалық (материалдық) өзгеріске ұшырауы шарт. Сондықтан біріккен
сөздерді анықтау үшін оларды алдымен мазмұнмеже, тұрпатмеже
тұрғысынан қарастыру қажет. Олай болса, бірігуге тиіс таңбалардың
семантикалық құрылымын денотат, сигнификат теориясы тұрғысынан
қараудың мәні айрықша. Бұл ретте бірігуге тиіс белгілі бір екі таңбаның
әрқайсының семантикалық құрылымындағы денотаттық, сигнификаттық
компоненттерді өзара салыстырып көруге болады.
Сөз мағынасы – бірнеше компоненттік қабаттардан тұратын күрделі
семантикалық құрылым. Бұл құрылым ақиқат дүниемен де, идеалды
дүниемен де байланысты.
Қайсыбір сөздің ақиқат дүниеде меншіктеп алған «басыбайлы»
денотаты болады. Лексикалық бірліктің белгілі бір обьектіні меңзеуі оның
денотаттық мағынасы болып табылады. Денотаттық мағына заттық
ойлаумен, деректі ойлаумен байланысты. Денотаттық мағына тек
материалдық мағынаны ғана емес, сезім, эмоция, психикалық күй,
қатыстылық тәрізді т.б. материалдық емес нәрселерді де білдіреді.
Сонымен, екі сөзді біріккен деп тану үшін а) екі лексеманың
материалдық жақтан бірігуін, яғни бір екпінге бағынып, аудиобосаралықсыз
дыбысталуын, ә) мағыналық жақтан бір ұғымға (сигнификат, денотатқа)
байлануын, б) сөйлеу кезінде жасалмай, үнемі дайын күйде қолданылуын, в)
аталымдық қызметте жұмсалуын, негізге алу қажет екенін байқаймыз. Бір
екпінге бағынған, бір ұғымға байланған, үнемі даяр күйде қолданылатын,
аталымдық қызметте жұмсалатын екі сөз біріккен сөз деп аталады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы орыс тілі сөздерінің
жазылуы – бірқатар нормаланған, қалыпты сипат алған мәселелердің бірі.
Олар, негізінен, орыс орфографиясына сәйкес өзгеріссіз жазылады.
Бірсыпыра сөздер айтылу дағдысымен өзгерген түрде жазылады. Орыс тілі
сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі қазақ емлесі сүйенетін
фонетикалық-морфологиялық принциптерге негізделеді.
Күрделі атауларды ықшамдап қысқартып қолдану – тіл дамуындағы
жаңа құбылыстардың бірі. Бірқатар зерттеулерде қысқарған сөздердің тілдің
қазіргі қоғамдық-әлеуметтік қызметіндегі аса ыңғайлы, қажетті элементтер
екендігі дәлелденіледі.
Шындығында да коммуникативтік актіде сөздерді
қысқартып қолдану амалының тиімді тұстары бар; негізінен ғылыми
стильде, ресми-публицистикалық материалдарда, газет-журналдар және
радио-телевизия тілдерінде қолданылатын қысқарған сөздер айтар ойды
нақты, тұжырымды етіп беруге, сонымен бірге орын, уақыт үнемдеуге де
әсер етеді.
Баяндалғандарға байланысты жаңа латыннегізді әліпби бойынша қазақ
орфографиясын оңтайландыру жолдарын анықтау аса маңызды болып
табылады.
Латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс
аясының одан әрі кеңейе түсуіне мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғатына
әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай,
қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге
түсіру деп түсіну керек. Сондықтан қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінде
Қазақ орфографиясының, қазақ сөздерінің орфографиялануының ұлттық
тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы қажет. Бұл үшін:
а)тәжірибеде сыннан өтіп, дәстүрге айналған базалық нормаларды сақтау;ә)
техникалық жақтан қазақ орфографиясының қолдануға оңтайлы, мобильді,
жинақы болуын ескеру; б)халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек
қамтылуы;в)жаһандану
үрдісінде жазу-сызудың
ұлттық
сипатының
сақталып, космополиттік әсірелікке ұшырамауы көзделу тиіс.
Қазіргі қазақ тілінің жай-күйіне талдау жасау және оны бағалауда
орфоэпиялық
заңдылықтарды,
орфоэпиялық
нормаларды
кодификациялаудың теориялық негіздерін анықтауға барып тіреледі. Әдеби
тілдің орфоэпиялық нормасындағы қиындықтар жазу тәртібімен байланысты,
өйткені жазба сөздің өзіне тән жүйесі бар да, ауызша сөздің өзіне тән жүйесі
бар. Қазақ фонетикасында фонемалардың вариант, вариация түрлерін және
олардың белгілі бір фонемалардың дыбыс қорын (шоғырын) құрайтын
ерекше түзілім ретінде қараудың, жоғары мектеп оқулықтарына, оқу
құралдарына,
бағдарламаларына
енгізіп,
орфоэпиялық
сөздікте,
анықтағыштарда көрсетіп, сөз фонетикасының құрылымы ретінде танудың
теориялық әрі практикалық мәні айрықша болмақ.
Әдеби тілдің жазбаша және ауызша түрлері мен нормаларын танып-білу
маңызды.
Біріншіден, қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы үндесім заңы
(сингармонизм заңы). Ол – тілдегі дауысты дыбыстардың бір-бірімен
үйлесіп, үндесіп, ыңғайласып айтылуы. Үндесім заңының екі жағы бар. Оның
біріншісі және негізгісі – бір сөз бойындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай
жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатын тіл үндесімі. Сөз түбірі мен оған
қосылған жұрнақ, жалғанған жалғау, не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
болып отырады. Қазақ тілінің бұл дыбыстық заңдылығы жазуда да көрініс
тапқан.
Ұлттық жазу-сызу мәдениетінің жоғары деңгейде болуы оның әліпби
жүйесімен, негізгі орфографиялық ережелерімен және осы ережелерді
басшылыққа ала отырып жасалатын о р т о л о г и я л ы қ л е к с и к о г р а ф
и я н ы ң
Достарыңызбен бөлісу: |