№19 орта мектепте 20
оқушымен қамтылған мектеп жа-
нынан
“Балауса”
жазғы
сауықтыру
алаңы
ұйымдастырылды.
Алаңның
жұмыс ұзақтығы 10 күн, осы 10
күнде арнайы бекітілген жоспар
бойынша алаң жетекшісі мен
тәрбиешілері жұмыс атқарды.
Демалушылардың демалысын
қызықты өткізу мақсатында әр
күн
ерекше,
қызықты
тақырыптарға байланысты іс-ша-
ралар
жан-жақты
ұйымдастырылды.
“Ауылымның гүл жайнаған
балғындары” атты фестиваль
ұйымдастырылып,
“Балауса”
жазғы сауықтыру алаңының ашылуына
арналған салтанатты жиын өткізіліп,
көңілді ойындар ойнатылып, түрлі
массалық билер билетілді. Сонымен
қатар, “Әр бала-жеке, дара тұлға” де-
мекші, “Баламен бетпе-бет” атты
бүлдіршіндермен кездесу өткізіліп, ме-
реке соңында балаларға арналған
жәрмеңке ұйымдастырылды.
“Қазақстан Республикасының
Рәміздер күніне арналған мерекеге бай-
ланысты оқушылармен “Мақтанышым-
мемлекеттік рәміздер” атты ауызша
журнал түріндегі тәрбие сағаты, қыздар
арасында “Алаң аруы” атты сайыс, “Астана-
қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен бірлігінің сим-
волы” атты слайд-шоу түріндегі дөңгелек үстел,
“Неткен көркем, осы менің туған өлкем”
тақырыбында ауылымыздың көрікті жерлері сая-
хат жасалып, фотогалерия ұйымдастырылды.
Сонымен қатар “Табиғатқа қамқорлық” атты Кент
орман шаруашылығының инспекторы Б.С.Тойшы-
бековпен кездесу, мектебіміздің дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі Ш.Мақсұтовтың басшылығымен
“Көңілді старт” атты спорттық жарыс өткізілді.
Мектебіміздің “Ақсарай” қуыршақ театрына “Ба-
лауса” жазғы сауықтыру алаңының балалары
қонаққа барды. Театрдың жас әртістері балаларға
мазмұнды да мәнді “Ақымақ аю” және
“Бағдаршам” ертегілерін қойып берді. Демалушы-
лар қойылымнан өте жақсы әсер алды.
Балаларға жолда жүру ережесін үйрету, көшедегі
әрбір белгілер туралы кеңірек мағлұмат беру
мақсатында “Тоқта! Сақтан! Жол ашық!”, “Қауіпсіз
жаз-2015” тақырыптарында балалар арасында
сурет көрмесі өткізілді.
Алаңның жабылу салтанатында “Қош бол, жады-
ралы жаз-2015!” атты мерекелік шара
ұйымдастырылды. Шара барысында балалар өз
өнерлерін ортаға салып, 10 күн ішіндегі өздерінің
көңіл-күйлерімен бөлісіп, алаңға белсенді
қатысқан балалар марапатталды.
Балалардың өмірі мен денсаулығына жауап бе-
ретін, күн тәртібіне, санитарлық нормаларына, тех-
ника қауіпсіздігінің сақталуына, сауықтыру-
тәрбиелеу жұмыстарын, балалардың бос уақытын
дұрыс, пайдалы, мағыналы ұйымдастыруға өз
үлестерін қосқан тәжірибелі, білікті педагог- ма-
мандар жұмыс жасады. Олар-алаң меңгерушісі,
мектеп тәлімгері осы жолдар авторы
тәрбиешілер, бастауыш сынып және пән
мұғалімдері С.Б.Искакова мен А.Е.Малгаждар, му-
зыка пәні мұғалімі Ы.К.Каримов, психолог
А.А.Дүйсебаева, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Ш.Қ.Мақсұтов, кітапханашы А.Х.Турганбаева, мек-
теп аспазшысы М.М.Жолдасбекова, мектеп мед-
бикесі Р.О.Баймурыновалар қызмет атқарды.
Демалған барлық 20 бала бір мезгілдік ыстық
аспен және бір мезгіл жеңілдетілген аспен
қамтамасыз етілді.
№19 орта мектеп жанындағы жазғы алаң
әрқашан балалардың жазғы демалысын қызықты
да мағыналы, ұмытылмастай етіп өткізуге бар күш-
жігерлерін салуда. Келесі оқу жылында да осын-
дай алаң ұйымдастырылып, жұмыс жүргізіледі.
Мөлдір Ктанова,
№19 орта мектеп жанынан ашылған
“Балауса” жазғы сауықтыру
алаңының меңгерушісі.
Бас жүлде иегері
Маусым айының 5-7
жұлдызы аралығында
Алматы қаласында
“Тау күні” оқу-
с а у ы қ т ы р у
к о м п л е к с і н і ң
ұйымдастыруымен
“Тау күні” балалар
шығармашылығының
республикалық V-ші
фестиваль-конкурсы
өткен болатын. Осы
фестиваль-конкурсқа
Саз мектебінің қобыз
сыныбының ұстазы
Сламбекова Гүлмира
Қуатқызының жетекші-
лігімен 4-ші қобыз
сыныбының оқушысы
9-11 жас аралығында өнер сайысына қатысып
Тұрғанбай Мөлдір Думанқызы қобыз-прима номина-
циясы бойынша “Бас жүлде” жеңіп алды. Дипломмен
және кубокпен марапатталды.
Баламыздың жетістігіне қуана отырып осындай
дәрежеге жеткізген ұлағатты ұстаз Гүлмира Қуатқызына
өз бойындағы барлық күш-қуатын ұстаздық жолға
арнап, өнер жолында білім беріп, еңбек етудегі қиын да
қызықты мамандығына үлкен табыстардан көріне бе-
руіне тілектес бола отырып, ерекше алғысымызды біл-
діреміз.
Ата-ана атынан Думан Нұрғалиев.
7
4 шілде 2015 жыл
Бәрекелді!
Өнерімен тәнті
Өнерімен тәнті
еткен өрен
еткен өрен
Дүлдүл әнші-күйшілер шыққан қасиетті
өнер ордасы-Қарқаралыдан дәстүр
жалғасып жас өнерпаздар қатары көбейіп
келеді. Қарқаралы қаласының Саз мекте-
бінде қосымша білім алатын оқушылар
Республикамызда өз өнерлерімен кеңінен
танымал болды.
Жас өнерпаздардың талантын ашып,
оларға кәсіби деңгейде білім беріп
отырған Саз мектебінің ұжымының
ұстаздарының еңбектері ұшан-теңіз.
Жалпы қандай фестиваль-байқау болма-
сын Саз мектебінің оқушылары берілген
қосымша білім сапасын жоғарғы деңгейде
көрсетіп келеді.
2014-2015 оқу жылы ішінде өткен әр-
түрлі байқауларда менің балам 3
дәстүрлі ән сынып оқушысы Абельдинова
Альяна бас жүлдеге, І орынға ие болды.
Және әділ-қазылардың жоғары бағасын
алды. Осы жетістіктердің барлығы да Саз
мектеп мұғалімдерінің еңбегі, кәсіби өз
істерінің маманы екенінің дәлелі.
Мамырдың 9-11 аралығында Алматы
қаласында Республикалық “Самға
жұлдыз” жасөспірімдер мен балалар ән
байқауы өтті. Осы байқауға Саз
мектебінің дәстүрлі ән сынып оқушылары
Рымхан Жандос, Абельдинова Альяна,
Секербай Тоғжан, Сулеймен Индира, Ма-
мырбаева Ләззат қатысып, барлығы да
жүлделі орындардан көрінді.
Әділ қазылар алқасының төрайымы ҚР
еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет”, “Парасат”
ордендерінің иегері Майра Ильясова өз
сөзінде: “Байқауға қарқаралылықтар
жақсы дайындықпен келген екен. Кешегі
Арқа жерінен шыққан Жүсіпбек Елебеков,
Қайрат Байбосынова т.б. дәстүрлі
әншілердің ізбасарлары солардың жолын
қуып келе жатқан екенсіңдер өнерлерің
өрге жүзсін. Қазақтың киелі шаңырағы
Қазақ концерт залының сахнасында
өнерлеріңді көрсеткендерің үшін риза
болып тұрмыз. Барлықтарыңда өнерлі
екенсіңдер осындай өнерге қолдау жасап,
мән беріп отырған аудан әкімі Халел
Мұқатайұлы, мәдениет бөлімінің бас-
шысы Раушан сіңіліме, Саз мектебіне ба-
сымды иіп рахметімді айтамын”,-деп атап
өткені біздер үшін үлкен мақтаныш
болды.
Ата-аналар атынан Саз мектебінің дирек-
торы Сыздықов Сағымбай Сыздықұлына,
ұжымына осындай өнерлі шәкірттер
тәрбиелеп отырғаны үшін алғысымыз
шексіз. Келешекте әлі талай биік беле-
стерді бағындыратынына сеніміміз мол.
Өнерлі ұрпақтарды тәрбиелеудегі
жетістіктеріңіз көбейе берсін.
Шәкірттеріңіздің өнері өрге жүзсін.
Г.Рахымжанова,
ата-аналардың атынан.
“Бар жақсылық-балаларға”
Қарағайлы кентіндегі балаларға арналған мәдени шара “Балдырған” балабақшасының
ұйымдастыруымен кішкентай жұлдыздар шеруімен басталды. Аудандық “Өнерлі балапан”, облыстық
“Алғашқы қадам”, республикалық “Ғұмырдария” орталығының ұйымдастыруымен өткен “Біз өмірдің
гүліміз” атты байқаулардың жеңімпаздары және белсенді қатысушылары өздерінің алған марапатта-
рын алып шықты. “Қошақаным” әнімен Мақан Ұлжан, Мұрат Әлішер “Солдат болам мен ертең”
мәнерлеп оқу, Гүлназым мен Аружан “Бипыл”, Нұрасыл “Отан” мәнерлеп оқу, Есенгелді “Атамекен”
әндерін орындап, өзбек биі “Чинури” орындалды. Әр ұлттың киімдерінен сән үлгісін көрсетті. Ертегі-
лер елінің қонақтары келіп балаларды құттықтады, ойындар ойнатты. Ассамблеяның 20 жылдығына
арнап балғын суретшілер “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыпта асфальтқа сурет салу конкурсы
ұйымдастырылып балалар “Қазақмыс” корпорациясының демеушілігімен арнайы сыйлықтар алды.
Балалар кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Оқы, ойна, үйрен! тренингі
өткізілді. Мәдениет үйінің вокал үйірмесіне қатысушы ағайынды Мағау Айбота мен Нұрланның “Ән
шашу” кешіне жалғасты. Бағдарламада балаларға арналған әндер, “Алғашқы ұстаз” патриоттық әндер
шырқалып, Тәттімбеттің күйі “Қос алқа”, Дәулеткерейдің “Азына” күйлері орындалып, би биленді.
Балаларға арнайы алғыс хат табыс етілді.
А.Сыздықова,
мәдениет үйінің әдіскері.
Тартымды кездесу
Аудандық модельді балалар кітап-
ханасында «Ерлер есімі – ел есінде»
атты кеш өткізілді. Кешке Ұлы Отан
соғысының ардагері Мұсатаев Жақия
атамыздың қызы Мұсатаева Раушан
Жақияқызы, Ауған соғысының арда-
гері Мизамбаев Ержан Ұзақбайұлы
қонақ болып қатысты. Кешті
аудандық балалар кітапханасы мен
№2 орыс орта мектебінің кітапхана-
шысы ұйымдастырды. Кеш бары-
сында №1 қазақ орта мектебінің және
№2 орыс орта мектебінің 8 сынып
оқушылары соғыс жылдарындағы
хаттардан үзінді, өлеңдер оқып берді.
Сонымен қатар, Есентай Айбар,
Шырақбай Ержандар «Балбұлақ», «Арман» күйлерін орындаса, Теміржан Аяулым «Шабыт» биінен
шашу шашып, Жарденбаев Али, Қарағанды Мейірбектер ән орындап, қонақтарға тамаша көңіл күй
сыйлады.
Раушан Жақияқызы мен Ержан Ұзақбайұлы жас оқырмандарға соғыс туралы, оның ішінде жерлес
ардагерлер еңбегі жайында көптеген мағлұматтар берді.
Өз тілшімізден.
Жаз жайнатып, күн күлдіріп
“Балауса”-дағы қызықты күндер
8
4 шілде 2015 жыл
Маман кеңесі
Суицид-Өзіне-Өзі қол
ЖұМСау
Өзіне –өзі қол жұмсау фактісі тек адамдарға
ғана тән қылық . Ондай адамдар қатты жан
қайғысынан және күйзелістен сондай-ақ
тығырықтан шығатын жолдың жоқтығынан ба-
рады. Олар көбіне психикалық ашушаңдық пен
қатты қамыққанда, келешегінен үміт үзгенде
барады.
Өзіне- өзі қол жұмсайтындарда –әуелі ой, одан
соң ниет,аузына алу, сонымен қорқыту, талпы-
нысы пайда болады да соңынан өз өміріне
қастандық жасайды, мұндай жағдайда жыл бо-
йына бірнеше күн құтыла алмай жүреді.
Мұндай мінез-құлық қалыпты жағдайда
психологиялық ауруға шалдығып мінезі екпін-
деген жағдайларда да туындауы мүмкін ол
девианттық қылықтың көрінісі болып табы-
лады.
Байқалатын белгілер:
- кейінгі кезде тәбеттері жоғалған немесе аран-
дары шектен тыс ашылған , ұйқы басып кету:
- денесінде аурушаңдық пайда болу (іші, басы
т.б ауырып қалжырай беру)
- өзінің сыртқы бейнесіне мән бермеу
- үнемі жалғызсырау, өзінің еш пайдасыздығын,
өзін кінәлі немесе қайғылы сезіну
- күнделікті ортасында өткізетін уақытынан не-
месе бұрын ынтасымен істейтін жұмысынан іші
пысу
- өз достарымен және отбасымен араласудан
қалып, жалғыздыққа ұшырау.
- Атқаратын жұмысының сапасы төмендегініне
назар аудармау
- Өлім туралы ойға бата беру;
- болашаққа жоспар құрмау
- ұсақ-түйекке аяқ астынан ыза болу
Депрессия – сары уайымға түсудің
клиникалық сипатын кәсіби терминологияда
түнеру,
күйге түсу, мұңаю деп түсіндіреді, ал дисти-
мияны оның созылмалы түрі делінеді.
Сары уайымға түскен адамда орталық жүйке
жүйесінің бұзылуы болады. Мұндай
адамдардың арасында өзіне-өзінің қол жұмсау
үрдісіне баратындардың орташа жасы 12 деп
есептелінген. Бұл топтың көбі тек сөз жүзінде
айтып (57,9 пайыз), ал кейбіреуінде , әсіресе
ұлдар жағынан (орта есептен 8 ) талпыныс бо-
лады.
Сонымен , өзіне-өзі қол жұмсау қаупі 12 мен
15 жас аралығындағы, әсіресе ұл балаларда
болады. Жіктеп айтатын болсақ,үй-ішіндегі
ата-анасымен,бауырларымен тіл табыса
алмау, ата-ананың аса қатал жазасынан қорқу
немесе шектен тыс еркелетіп жіберуінен өмірге
икемділігі жоқтығынан дәрменсіздікке ұшырау,
мектептегі мұғалімдермен, сыныптастарымен
кикілжіңге
бару,
жоғары
сыныпта
оқитындардан жәбір көру, қатерлі діни
ағымдарға (секталарға ) кіріп кету сияқты се-
бептерден туындайтындығы белгілі. Қайғылы
оқиғаға жол бермеу үшін оның алдын алып ,әр
баланың ерекшелігіне көңіл аударып, оның се-
німіне кіріп, ашық-жарқын әңгімеге тартып, ой-
арманын, жоспарын, мақсатын бөлісетіндей
білу керек. Балалардың әсершіл сезіміне
ықпалын тигізетін теледидардан, интернеттен
тоқтаусыз зорлық-зомбылықты көрсететін,
өмірмен «әдемі қоштаса білу» деген сияқты
қияли кино, түсірілімдерге шектеу- тыйым салу,
қауіпті діни ағымдардан қорғау, тығырықтан
шығудың жолы өзіне-өзі қол жұмсау емес, ол
бүкіл келешегіне балта шабу, жарық өмірден
алатын жетістіктерінен біржола айырылу екен-
дігіне көздерін жеткізу қажет.
Суицидтік мінез-құлықтың себептері әр
түрлі, олардың биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік салаларға қатысты болуы
мүмкін. Суицидтік мінез-құлық қаупін зерттеу
кезінде ескеретін негізгі факторларға мыналар
жатады:
Мәдениеттік, ұлттық фактор, діни фактор, ген-
дерлік фактор.
Психикалық және тәндік денсаулық факторы.
Қазіргі зерттеу жүргізушілер былай деп есеп-
тейді: Суицид жасайтындарда басқа
адамдарға қарағанда психикалық бұзылыстың
деңгейі жоғары болады, балалардың орталық
жүйке жүйесі органикалық зақымдануға, маза-
сыз депрессиялық бұзылысқа, эмоциялық
құбылмалыққа ұшырайды, сондай-ақ, көп
ретте психикалық белсенді заттарды ретсіз көп
пайдаланылады. Тәндік аурулар, әсіресе де-
прессиямен қатар болса, суицид қаупін
ұлғайтады.
Тұқым қуалау факторы-көптеген психикалық
ауруларға деген генетикалық бейімділіктің
тұқым қуалайтыны дәлелденген. Шизофрения,
маскүнемдік суицид қаупін арттырады.
М.айтжанова,
психиатр дәрігер.
Айтулы жарыста жүлдегер атанды
Қарқаралы балалар және жасөспірімдер
спорт мектебінің Қарағайлы кентіндегі
филиалының шәкірттері де үнемі
жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып
жүрген талапты спортшылар. Күні кеше
ғана самбо күресінен 1999-2000 жылы
туған жасөспірімдер мен қыздар ара-
сында өткен Қазақстан Республикасының
чемпионатында
осы
филиалдың
тәрбиеленушісі, №17 орта мектеп
оқушысы Сәкен Мөлдір жақсы өнер
көрсетіп ІІІ орын иеленді. Талапты өренді
жарысқа дайындаған бапкері Бақыт Ма-
тышев болса, жарысқа қатысуына жеке
кәсіпкер «Мусаканов», кент азаматтары
Қайрат Ақмолдин, Жанғазы Назиров де-
меушілік жасаған. Талабы бар балаға
қамқор болған жомарт жандарға алғыс
айтқан жөн.
Жас спортшымызды осы жеңісімен
құттықтап, әлі де зор биіктерді бағындыра
түс деп тілейміз.
Өз тілшімізден.
Жеңіске жетті
Жеңіске жетті
Таяуда Балхаш қаласында VI әйелдер арасында облыстық спартакиада болып өтті. Қарқаралы
ауданының құрама командасы осы аталған жарысқа тоғызқұмалақтан қатысып, командалық есепте ІІ
орын алды. Команда мүшелері Бейсенаева Айгүл, Байтуллина Самал, Мұқашева Зарина.
Осы маусым айының 13-14 аралығында Қарағанды қаласында XI облыстық спартакиадада біздің
ауданның тоғызқұмалақ ойыншылары Қасымов Нұрлан, Садықов Ардақ, Байтуллина Самал
командалық есепте І орын алды.
Президенттік көпсайыстың жекелей біріншілігінде Бейсенаев Думан ІІІ орын алды.
Тұрсын Жұмағұлов,
БЖСМ мектебінің нұсқаушысы.
Мереке құрметіне арналды
Медицина саласы қызметкерлерінің
кәсіби мерекесінің құрметіне осы
атаулы күнге орай аудандық меди-
цина бірлестігі мен аудандық
денешынықтыру және спорт бөлімінің
ұйымдастыруымен ересектер ара-
сында бильярд ойынынан турнир
өткізілді.
Салауаттылықтың
көрінісіндей ептілік пен сәттілік,
ұтымды да ұтқыр ойға құрылған бұл
ойын түрі ең бір мәдениетті де бай-
салды өнер түрі боп саналады.
Турнирға қатысқан 20 адамның
командалық құрамында көпшілігі осы
сала қызметкерлері болды. Ойын
қорытындысы бойынша І орынды ме-
дицина саласында 40 жыл, оның 22
жылында бас дәрігерлік қызмет
атқарған ардагер ойыншы Серік Жекейұлы иеленсе, ІІ орынды ауған соғысының ардагері, Қарағайлы
кенті ауруханасының тіс дәрігері Ардақ Тілемісов, ІІІ орынды №16 орта мектеп директоры Мұратбек
Зекенұлы иеленіп, арнайы диплом мен кубоктар табысталды. Жеңімпаздар мен турнирға қатысушы
ойыншыларды құттықтап, Алғыс хат тапсырған аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас-
шысы Нұрлан Қасымов пен Николай Смолиндер денсаулық сақшыларына лебіздерін білдірді.
Ал турнирге қатысушы ойыншылар өздері, С.Жекейұлына ардагер ойыншы ретінде әрі мерекеге
орай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. “Тасбұлақ” тау отелінде тартысты өткен ойын
денсаулық саласында қызмет етіп жүрген әрбір ойыншы мен жанкүйерлердің мерейін өсірді.
Бану Мұқашева.
Спорт
Боксшылар
шеберлік
шыңдауда
Теректінің бокшылары Степногорск қаласында
2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер ара-
сында өткен додаға қатысты. Барлығы 151
спортшы тартысқа түскен айтулы додада атал-
мыш ауылдағы №30 орта мектептің 8-сынып
оқушысы Қабыкен Келдібек Дәулетұлы 46 кг
салмақта жүлделі ІІІ орын алды. Жер-жерден та-
лапты балалар келіп, сынға түскен дүбірлі дода-
дан жүлдемен оралған жас спортшымызды
құттықтап, келешегі жарқын, жеңістері көп бол-
сын деп тілейміз.
Айта кетсек, спортшының бапкері Г.Ким, дене
шынықтыру мұғалімі – Д.Қасымов. Жарысқа
Қарағанды облысы командасын жерлесіміз А.Топаев бастап апарған.
Облыстық жарыста жеңіске жетті
Таяуда Қарағанды қаласында өткен облыстық біріншілікте Көктас ауылының жас кигбоксшылары тағы
жетістікке қол жеткізді. 2001 -02, 2003-04 жылдары туылған жасөспірімдер мен қыздар сынға түскен
жарыста бірқатар өрендеріміз жеңімпаз, жүлдегер атанды. Төлеу Досжан (27кг), Қаппас Нұрқанат (42кг)
өз салмақтарында үздік атанып, І орын иеленді. Ал Төкенов Шерхан (33 кг), Тұрсын Айдын (36 кг),
Аслямұлы Ермухамбек (36 кг), Рымтай Индира (40 кг) ІІ орын алса, Ыдырысұлы Асылжан (30 кг), Төлеу
Абылай (36 кг), Ыдырысқызы Әлия (40 кг) ІІІ орыннан көрінді.
Сонымен қатар, ерлер арасында өткен Қарағанды облысы чемпионатында бақ сынаған Амир Ерна-
зар (60 кг) ІІІ орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа дайындаған – бапкер Ерсін Оспанов.