Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,7 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата14.11.2018
өлшемі3,7 Mb.
#19526
1   2   3   4   5   6   7

6

4 шілде 2015 жыл

Жағымды жаңалық

Игілікті іс

Игілікті іс

«Адамның  бақыты  –

еңбекте»,  -  деп  бекер

айтпаған.  Осы  еңбегінің

арқасында аулына игілікті іс

жасаған әкемізді үйінен таба

қою  қиын.  «Қайда  кетті

екен?» деп сұрасаң, сыртта

жүрген  болар  деген  жауап

аласың. Маңайда көрінбеген

ол кісіні темір-терсек арасы-

нан  немесе  қызу  жұмыс

жасап  жатқан  жерінен

табасың.  Жетпісті еңсерсе

де  бос  уақыт  өткізбеу,  бос

отыру  әлі  күнге  дейін

қадетінде жоқ. Ол тепсе те-

мірден түйін түйетін, қолына

түскен  қажетсіз  заттардан

іске жарар дүниелер жасай-

тын  іс  зергері.

Әңгіме етейік деп

о т ы р ғ а н ы м ы з ,

үнемі 


күлімдеп

қарсы 


алатын,

бойы  жеңіл,  ойы

терең,  қағілез  де

еңбекқор  ақсақал

– Қыстаубаев Зай-

кен  әкеміз.

Жарлы  ауы-

лында 13-маусым

күні    сәл  шалғай

орналасқан  (ке-

зінде су мекемесі

әкімшілігінің  кон-

торы  болған)  екі

қ а б а т т ы

«Шырынкүл» тойханасының ашылу салтанаты болды.  Игілікті істің иесі – Зайкен

әкеміз. Ашылу салтанатына Тоқтар ауылының әкімі Ғимадиев Жанар, Қарқаралы

аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Қасымжанов Еркін ағамыз келді. Ең

алғаш сөз алған ауыл әкімі Жанар Оспанұлы «Бұл ауыл шағын ауыл болса да

береке  қонған,  ұжымы  жарасқан,  кішісі  үлкенін  сыйлаған,  үлкені  жастарын

тәрбиелей білген ауыл. Бүгін куә болып отырған Зәкеңнің бұл ісі құптарлық іс. Өзі

де еңбекке жанын берген, әлі күнге дейін  ауыз толтырып айтарлық жұмыстары

жеткілікті.  Еңбек  адамы  еңбегімен  көрінеді.  Жасыңыз  ұзақ,  өмірден  көрер

несібеңіз  азаймасын,  осындай  игі  істің  басынан  көріне  беріңіз.  Жақсы  күн

жақсылығын төге берсін!» деп игі тілегін сүбелі сөздерімен білдірді. Өз кезегінде

Қасымжанов Еркін ағамыз, Зайкен ақсақалды өте жақсы білетіндігін, тынымсыз

еңбек адамы екендігін, ауыл ғана емес, аудан-аймақтың танитындығын тілге тиек

етті. Қошемет ниетімен тілек білдіріп, игі істің қайырын берсін деп құттықтады.

Мұнан соң Жанар Оспанұлы мен Еркін ағамыз ашылу салтанатының  лента қию

рәсіміне ие болды. Шашу шашылып, жан-жақтан тамаша тілек сөздер айтылып,

сыртта тұрған жұртшылық ішке енді. 

Ауылы алтын бесігімен тербеткен, қашан келсе де құшақ жая қарсы алатын

ғарышкер Тоқтар ағамыз бір күн бұрын келіп, тойхананы көріп, игі ниетін білдіріп

кеткен еді. Уақыт тауып келу де игі іс емей немене!?

200-ден аса  кісілік орынға арналған тойхананың екінші қабатында ақ  да-

стархан жайылған, әдемі сазды әуен төгіліп тұр. Осы екінші қабатында  жас

жұбайларға  арналған бұрыш безендірілген.  12 кісі сыйымды отыратын стол-

орындықтар, музыка аспаптарына, өнер адамдарына тиісті орын бөлек. Тамақ

қоймасы, ас бөлмесі, ыдыс-аяқ жуу (ыдыс-аяқ жуушылары бар) бөлмесі  де бір

бөлек. Барлық той-домалаққа қажетті  ыдыс-аяқтар да екінші қабатта бір бөлмеде

қаланып тұр. Желдеткіші бар  жарық терезелер көркем шілтерімен көмкерілген,

жинақы да әсем. Электрлі желдеткішті әкеміз сатып алмай, өз қолынан шығарып

жасап отыр. Екінші қабатқа көтерілу сатысы да кең , 2-3 адам қатар көтерілуге

жайлы жасалған. Бірінші қабатында ас сақтау қоймасы, ас пісіру, ас бөлмесі,  би

алаңы, жеке әйел-еркек дәретханасы, қол жуу бөлмесі, т.б. бөлмелер қажеттілікке

арналған.  Қыс  кезінде  қыстық  жылытқыш    пеш  іске  қосылмақ.    «Көш  жүре

түзеледі»  демекші, ұсақ-түйек жұмыстар орнын тауып, атқарыла жатады ғой. 

Тойхананың ашылу салтанатына жан-жақтағы ағайын-туыстар, таныс-дос

адамдар, ауыл-аймақтан жұртшылықтар келді. Дастархан басына жайғасқандар

шынайы  тілектерін  төкті.  Тоқтар  ауылының  ақсақалдар  кеңесінің  төрағасы

Қырғызалин Әшім, Жарлы ауылының ақсақалы Абдрахманов Сәулехан бәтуалы

сөз айтып,  дос-жарандары, бала-шағалалары, ауыл тұрғындары өткен-кеткенді

еске  түсіріп,  ауыл  өмірінің  бірге  жүргендегі  қызық  оқиғаларын  айтып,  көптен

көрмегендер, алыстан келгендер сағынысып бір-бірімен қауышып бір мәре-сәре

болып қалды. Зайкен әкеміздің балалары аяғынан тік тұрып, отырған қауымға

дәм-тұздарын, үлкен ас-етті ұсынды. Бал қымызды сапыра құйған  келіндері,

аталарының  көңілінен  шыға  білді.  Дәмді  қаймақты  қою  шайларын  тәтті

тағамдарымен ұсынды.  Арасында әсем әндер айтылып, би биленді. Әкеміздің өз

балалары да қолдарынан іс келетін жандар. Бірі механизатор, бірі кәсіпкер, бірі

мұғалім, сыртта жүрген балалары өз мамандықтары бойынша еңбек етуде.

Бұл тойхананың «Шырынкүл» аталу себебінің өзіндік орны бар. Марқұм Шырын

шешеміз отбасында ғана емес, ауылына сыйлы, жанашыр, құрметті аяулы ана,

жүзінен жылы нұр төгіліп тұратын жан еді. Мұндай адамға қалай ғана құрмет

көрсетпеске!? Аты аталып жүрсін деген ой іске асты. Саптаяқтың сыры кетсе де,

сыны  кетпеген  көзкөргендер  мен  өзгермегендер  ол  кісінің  адамшылығын,

даралығын, даналығын айтысып жатты. Жақсыны айта білу де, жақсы істі іске

асыра білу де балаларымыз үшін тәрбие, үлгі-өнеге. 

Салтанат соңында Зайкен әкеміз  сөз алды: «Анам маған жарық дүниені сый-

лады. Әкем балға мен ұсталық төсті сыйлады. Адал жарым, марқұм, Шырынкүл

өмірдің бала деген гүлін сыйлады. 8 балам бар, сегізінен 19 немере-жиен, 6 жи-

еншар сүйіп отырмын. Аллаға тәубе, балаларым аман болып, қызық-қуаныштан

арылмайық. Сіздерге көп рахмет, бар жақсылықты тілеймін. Енді осы тойхананың

кілтін ұлым Самалдан көріп отырған немерем Қадырбекке табыс етемін. Тойхана

иесі сол», деп тойхана кілтін немересіне табыстады. Міне, тоғыз жолдың тора-

бында  жатқан,  суы  мол,  шөбі  шүйгін  Жарлы  ауылындағы    «Шырынкүл»

тойханасының  есігі енді Сіздер үшін әрқашан қызық-қуанышқа бек ашық. 

Анипа Мұхатайқызы,

Жарлы ауылы.

Құрмет

Құрмет

Бір туар тұлғалы ұл

Халық  қаһармандары  Бауыржан  Момышұлы,  Рақымжан

Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат

Бигельдинов, Кеңес Одағының Батырлары жерлес ағалар Мартбек

Мамыраев, Нұркен Әбідров, Петр Теряев, Ұлы Отан соғысы жыл-

дары партизан-отрядын жасақтап, жау тылында қаһармандық ерлік

көрсеткен  партизан  Ғалым  Омаров,  Ұлы  актер  Қалибек

Қуанышбаев, әйгілі әншілер Рақия Қойшыбаева, Мұрат Толыбаев

тағы  басқа  өнер  қайраткерлері  мен  Еңбек  Ері  Қабдыкәрімова

Нұрбақыт бастаған еңбек майталмандарымен мақтанамыз. Міне,

осындай ауыз толтырып айтып жүретін тұлғаларымыздың іздерін

көмескілендірмей  жалғастыра  білген  бірі,  әрі  бірегейі  әлем

жұртшылығын  таңыртқатқан,  бүкіл  халқымызды  шаттандырған,

барша әлемге қазақ деген халықтың барын паш еткен, ғарышта

қазақша үн қатқан, қазақ халқының даңқын көкке көтерген, жеті қат

көк аспанды шарлап ұшуы, ғарышты игерудегі ролі ерекше.

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлының жасаған ерліктерінің қайсысы

болмасын халқымыздың патриоттық мақтанышын оятты. Тәуелсіз

мемлекетіміздің  ержүрек  перзенті  КСРО-ның  еңбегі  сіңірген

сынақшы-ұшқышы,  Кеңес  Одағының  Батыры,  Тұңғыш  қазақ

ғарышкері,  ғасыр  саңлағы,  халық  қаһарманы,  техника

ғылымдарының  докторы-профессор,  авиация  генерал-майоры,

авиацияға еңбегі сіңген жоғары дәрежелі сынақшы ұшқыш. Қазақ

ССР-ның  еңбегі  сіңген  спорт  шебері.  Ғылыми  техникалық  екі

кітаптың  авторы,  Астана,  Алматы,  облыс,  аудан,  қалалардың

құрметті азаматы, тағы басқа атақ-даңқтың иегері.

Тоқтар қара бастың қамы емес, қалың қазақтың тәуелсіз елінің

қамын ойлай ұйқысын шайдай ашқан. Арпалысты асау ойлармен

арналы істердің тізгінін ұстаған ізгі жүректі бір туар тұлғалы ұлға

барлық марапат лайық. Амандық болып, Алла қаласа келесі жылы

Тоқтар Әубәкіров 70-жасқа толады. Ғарышқа ұшқанына 25 жыл.

Сондықтан ауылымыздың орталығындағы мәдениет үйі, өлке тану-

тарихи мұражай үйі алдында Кеңес Одағының Батыры Мартбек Ма-

мыраев, әйгілі актер Қалибек Қуанышбаев мүсіні қатарында Тұңғыш

ғарышкер, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің мүсіні тұрғанын

қалаймыз және жоғары жақтан сұраймыз.



Ауыл тұрғындары атынан-Рымбикеш Қыныбаева.

Мен барамын артқа

тастап сан ізді....

Кеше ғана асық ойнап асыр салып жүрген баланың 18-ге толып мек-

теп бітіріп түлеп ұшқалы тұрғаны толқыныс пен тебіреніске толы

сәттің бірі. Сол ұмтылмас ғажайып сәтке Қарағайлы кентіндегі №16

орта мектептің 11 сыныбын бітірген түлектердің салтанатты аттестат

тапсыру кешіне куә болдық. Шырайлы кеш кент мәдениет үйінде

өтті.  Әсем  безендірілген  киелі  сахна,  жан  тербетер  әуезді  әуен,

жасыл жайлау төсінде жайқала өскен шоқ қызғалдақтардай топ-топ

болған мектеп түлектері, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен алыс-

жақыннан келген меймандар мерекелік сән берді.

Жиын салтанатпен ашылып, еліміздің әнұраны шырқалды. Кент

әкімі М.Зарубайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жүрек-жарды тілегін біл-

дірді. Осындай игі тілектер тіленіп түлектерге аттестат тапсыру рәсімі

басталды.

Өнегеліден үлгі алса, жақсыдан шарапат тисе деп ұрпағын тек игі

жақсылардың “аузына түкіргенін” қалап тұратын ырымшып халықтың

үрдісі дәл  осы кеште көрінісін тапты. Соңғы екі-үш жыл бойы кенттің

халыққа  қалаулы,  елге  елеулі  танымал  азаматтарын  шақырып,

түлектерге өз қолдарымен аттестат тапсыру құрметін ұсынған мектеп

әкімшілігі биыл да сол дәстүрден айныған жоқ. Бұл мәртебеге кент

әкімі  Мереке  Шаханов,  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Бертөлеу

Сәттібаев, аудандық “Қарқаралы” газетінің тілшісі Бану Даутанқызы,

жас кәсіпкер, облыс әкімі грантының иегері Жандос Қонысбайлар ие

болып, барлығы 16 мектеп бітірушінің аттестаттарын тапсырып, ақ

тілек баталары мен құттықтауларын жеткізді. Әнмен өрнектелген

өнегелі  кеште  мектеп  директоры  М.Зекенұлы  оқу-тәрбие    ісі

жөніндегі  орынбасарлары  А.Қуандыққызы  мен  К.Өнербекқызы

құттықтау лебізбен қоса, мақтау марапаттарын тапсырды. Бұндай

мадақтама  -марапатқа  әр  пән  бойынша  үздік  білім  көрсеткен

түлектер, тәлім-тәрбие берген олардың ата-аналары, ұстаздары ие

болды. Мерейлері өсіп, шаттыққа бөленді. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 5-тік баға алған,

13 оқушымен бірге 100-ден жоғары балл көрсеткен Азамат Рымбекке

марапат ұсынылса, шәкірттері 25 балл алған пән мұғалімдері мате-

матика пән мұғалімі Гүлнар Ысқаққызы және тарих пәнінің мұғалімі

Әділ Қажыбайұлы аудан әкімінің Алғыс хаты мен  отыз мың теңге

ақшалай сыйлығына ие болды. Сондай-ақ физика пәнінің мұғалімі

Нағима Әдекенқызы, қазақ тілі, әдебиетінің пән мұғалімі Айнагүл Та-

булдиналар да түлектердің үздік жетістігі үшін арнайы марапаттар

алып,  мәртебелері  өсе  түсті.  Ұстаз    еңбегінің  ақталғаны  да  осы

болар.  Кеш  жалғасын  тауып,  түлектер  алғысқа  толы  лебіздерін

айтып, КВН, флеш-моб, би төресі вальс пен ән айтып, би билеп, сал-

танатты мерекені қыздыра түсті.  Мен барамын артқа тастап сан ізді,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі, Пана болған, дара болған біз

үшін, Барлық жанға шын жүректен мың өлең-сөздер алғыс - деген

түлектер қимай қоштасып еді....



Өз тілшімізден.


жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау