Абайдың шаңырағы
Үйге кірген соң Әуез көпке дейін үнсіз тұрып қалды. Оң жақта сүйек төсекті кітаптар тұрған шкафты көрді.Әуездің көзіне үш ішекті домбыра ыстық көрінді. Төрде жазылған қызыл кілемнің үстінде қонақ көрпелері мен дөңгелек үстел тұр. Қазір ақ Абайдың «Нағашы төрлетіңіз» деген даусы естілетін сияқты.Қатты толқыған Әуез «қарағым Абайжан – ай» деп қалды. Әуездің қобалжығанын сезген Кәрім «ау» деді. Жан жағына үнсіз қарап отыған соң Әуез «Қайырлы болсын.Бәріңе рақмет»деп төрге шығып жайласты.
Достарыңызбен бөлісу: |