Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата14.11.2018
өлшемі3,7 Mb.
#19526
  1   2   3   4   5   6   7


Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

Аудандық қоғамдық-саяси газет

№53-54

(11384)

Сенбі

4 шілде

2015  жыл

Аудан тұрғындарының назарына!

Астана күні мерекесіне орай 6-шілде күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Баршаңызды сауда мерекесіне қатысуға шақырамыз. Жәрмеңкенің өтетін орны орталық саябақ,

басталуы 9.00-де.



Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі.

Маңызды шара

Бірыңғай қабылдау

күні өтті

«Нұр  Отан»  партиясының  орталық  аппараты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігімен бірге 2015 жылдың

25 маусымында және 27 қарашасында «Жұмыспен

қамту 2020 Жол картасын іске асыру мәселесі бо-

йынша  азаматтарды  қабылдау  бірыңғай  күні»

республикалық акцияны өткізу жоспарланған.

Осыған байланысты,  25 маусым күні Қарқаралы

ауданының жұмыспен қамту Орталығында жоғарыда

аталған шара бос жұмыс орындар жәрмеңкесімен

қоса біріктіріліп өткізілді. 

Бұл шараға «Нұр Отан» партиясының Қарқаралы

ауданы филиалы төрағасының  орынбасары М.Т.То-

йынбеков,  аудандық  жұмыспен  қамту  және

әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  басшысы,

аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры,

Қарқаралы  қаласы  әкімі  аппаратының  бөлім

меңгерушісі, «Қарағанды облысының мүгедектерін

оңалту орталығы» КММ директоры және басқадай

мекеме басшылары қатысып, қабылдауды жүргізіп

отырды.


Қабылдауға келген адамдарға «Жұмыспен қамту

2020 Жол картасы» Бағдарламасының талаптары,

бағыттары, қатысу мүмкіндіктері түсіндіріліп, айты-

лып  отырды.  Сонымен  қоса,  мамандықтары  бо-

йынша  жұмыс  сұрап  келген  адамдар  тіркеуге

алынып, алдағы уақытта жұмыспен қамту мәселесі

бақылауға  алынып  отырды.  Жұмыспен  қамту

мәселесі бойынша қойылған сұрақтарға толық және

жан-жақты жауаптар қайтарылды.

Жалпы сол күні бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне

барлығы 42 адам келіп қатысса, оның ішінде 7 адам

«Мүгедектерді оңалту орталығының» күрделі жөндеу

жұмыстарына  жолдама  алды,  2  адам  қала

басындағы мекемелерге 1 шілдеден бастап тұрақты

жұмыспен қамтылатын болды, 1 адамға маман ре-

тінде жұмыспен қамту мүмкіндіктері қарастырылады.

Қалған  адамдар  Бағдарламаның  бағыттары  бо-

йынша толық консультация алып, алдағы уақытта

қатысуға өз ниеттерін білдіріп кетті. 

Аудандық жұмыспен қамту орталығы.

Аудан әкімдігінде

Келелі жиын

Ауданның білім беру және ауыл әкімдері, ме-

кеме-кәсіпорын басшыларының қатысуымен аудан

әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. Келелі басқосуда

ауданда өткен ҰБТ-ның қорытындысы мен көктемгі

дала жұмыстары және ауылшаруашылық бағытында

атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық білім

бөлімінің 

басшысы 

Ж.Жетібаев 

пен

ауылшаруашылық бөлімінің басшысы А.Қасымовтар



баяндама жасады. Ауданның білім көрсеткіші жан-

жақты  талданып,  оқушылардың  білім  сапасы  мен

ұстаздардың біліктілігі толығымен сарапқа салынды.

Мәселен,  былтырғы  жылы  жақсы  білім  деңгейін

көрсеткен білім ордалары биыл төмен түсіп қалған,

ал  былтырғы  жылы  керісінше  төмен  нәтиже

көрсеткен  мектептер  бірнеше  сатыға  жоғарылады.

Қуантарлықтай нәтиже көрсетпеген мектептің дирек-

торларына  аудан  әкімі  Х.Мақсұтов  көңілі

толмайтындығын  жеткізіп,  тиісті  басшыларға  тап-

сырма  берді.  Сонымен  қатар,  жиын  барысында,

көктемгі  дала  жұмыстары  да  тілге  тиек  етілді.

Ауылшаруашылығын 

дамытуға 

арналған

бағдарламалар төңірегінде де әңгіме болды. 



Апта-ақпарат.  

АСТАНА


АСТАНА

Абылай аспас арқаның сары-ай белі....

Ақ орда боп ту тіккен арайлы өңі.

Қарөткелдің қайнаған тіршілігі,

Куә оған тарихтың талай легі.

Елордасың біз үшін есімі ерен,

Қызығамын жұлдызды кешіңе мен.

Ерте жылдың айтады естелігін,

Құлын-қала, желі ғой Есіл-өзен.

Тыңнан қалған тыртық та жеріңдегі,

Дауа-дәру дастан боп төгілгелі.

Масақ терген жылдардың машақаты,

Дәннен әнге айналды көгіңдегі.

Жүк артып жаңа ғасыр нарларына,

Сауыт кигіз сақ жүрек сардарыңа.

Алжир-дегі армандар аунап түссін.

Тағзым дейміз арыстың жарларына.

Қондың да алты Алаштың арқасына,

Бостандық! Бағыт сілтеп баршасына.

Елімнің шежіре-шың, әр тасы да...

Симайды ау көңілімнің картасына.

Руслан Нұрбай.

Құттықтаймыз!

Құрметті аудан тұрғындары! 

Қарқаралы ауданы әкімдігі мен аудандық Мәслихат сіздерді Елорда-

мыз-Астана қаласы күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сарыарқа төсінде аз уақыт ішінде бой көтеріп, әсем қала, бас шаһарға айналған  Астанаға

бүгінде әлем жұрты тамсана да қызыға қарайды. Еліміздің кіндігі елордамыз қазақ жерін

мекен еткен халықтың ортақ  мақтанышы екені сөзсіз. 

Аздаған тарихи уақыт ішінде еліміздің әкімшілік орталығы мен жылма-жыл көріктеніп,

әлеуеттеніп келе жатқан Астананың осындай жетістікке жетуіне  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

айрықша еңбек сіңірді. Президентіміздің көтерген ауқымды да маңызды жобасы бойынша

Елордамыз  дүниежүзі  мемлекеттерінің  басшылары  бас  қосатын,  алқалы  жиындар  мен

экономикалық форумдар өтетін тұғырлы қалаға айналды. Әлем елдерінің Дінбасылары да

осы жерде келелі кеңес өткізеді.  Көптеген саяси-экономикалық жоба-жоспарлар мен келісім-

бағдарламалар жасалып, ол қай халықтың болсын өркендеп өсуіне үлес қосты. Оның ішінде

біздің Тәуелсіз Қазақстан да бар.

Енді  Астана  қаласында    “ЭКСПО-2017”  халықаралық  көрмесі  өтеді.    Бұл  орайда  бас

қаладағы заманауи, жаңашыл құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Әсем қала Астана күн

өткен сайын жаңарып, көркі артып келеді. Бой көтерген сәнді ғимараттар көз жауын алса,

халықтың  демалатын  орындары  өз  мәнімен  келбетті.  Болашақтың  қаласы  саналатын

Астанамыздың айбыны асқақтап, абыройы артсын! Тәуелсіз еліміздің мақтанышы бола бер,

Алаштың Астанасы!            



Х.Мақсұтов

С.Нүркенов

аудан әкімі                                    аудандық  Мәслихат хатшысы

Астана күні құтты болсын!


жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау