Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,7 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата14.11.2018
өлшемі3,7 Mb.
#19526
1   2   3   4   5   6   7

Сен маған

қымбатсың, әке!

Биыл  Ұлы  Отан

соғысының  даңқты

жеңісіне 70 жыл то-

луына  орай,  әкем

жайлы  ой  тербеп,

жүрегімдегі 

әкеге


деген сағынышымды

жеткізсем бе деймін.

Сұрапыл соғыс ел тілегіне қарай

бейбітшілікті сүйетін халықтың та-

маша жеңісімен аяқталғалы жарты

ғасыр  болды.  Адам  өмірінің

ғұмырындай 

осы 


уақыт

аралығында  ұлы  да  дүбірлі

оқиғаға бай жылдар жылжып елі-

міз тәуелсіздігін алды. Көп ұлттың

басын қосқан Қазақстанымыз бей-

біт 


өмірде 

ынтымақ 


пен

татулықтың үлгісіндей еңселі елге

айналды. Соғыс перзенттері өсіп

жетіліп, бейбіт күннің ұрпақтарын

дүниеге  әкелді.  Біз  әкеміздің  жаралы  жанын,  қинай  айтқан

қанды  шайқастағы  ерліктерімен  соғыс  құрбан  еткен

боздақтарды әредік аузынан естуші едік. Сол қасіретті соғыс

жайлы әңгіме етіп, сөз қозғап еске алуды ұнатпайтын. “Құдай

енді соғысты көрсетпесін, отан іргесі аман болсын” деген ті-

лекке ұқсас бата-тілегін айтып  жалбарынудан жалықпайтын.

Сөйтіп, біздің тілеуімізді тілеп өтті.

Әкем  Рақымбек  Бұзауов  1905  жылы  Қарағанды  облысы,

Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында дүниеге келген екен.

Балалық  шағы  мен  жастық  шағы  заманның  ауыртпашылық

кезеңінде  өтті.  Жоқшылықты  көп  көріп,  ағасы  Рақман  мен

қарындасы үшеуі біріне-бірі қамқор боп, жанашырлықпен бір-

біріне деген бала махаббат мейірімдерімен күн кешті. Қазақтың

бар баласына тән “қарны тойып тамақ ішпей, ашқұрсақ жүрген

бұлар үшін тіпті ауыр шақ туған. Қазақ елінің басына төнген

нәубет  ашаршылық  басталған.  “Балапан  басына  тұрымтай

тұсына  кеткен”  уақытта  жер  бетінде  тірі  қалсам  деген

күнкөрістің жанталас тірлігі белең алды. “Өзен жағалағанның

өзегі талмас” дегендей аңшылық кәсіптің арқасында бір үйлі

жан аман қалған екен. Қиын кезеңнен елмен бірге әупірімдеп

өткен әкеммен отбасына баршаның басына қара бұлт болып

төнген соғыс зұлматы тағы бір тағдырдың талқысын салып еді.

Соғыстың  алғашқы  жылы  1941  жылы  ағасы  Рахман  екеуі

майданға аттанып 1946 жылы ІІІ топтағы мүгедек болып елге

оралады.  Ал  әкемнің  ағасы  Рахман  атамда  жараланып

қайтады.  Соғыстан  кейінгі  жылдары  ел  басындағы

ауыртпашылық  қиын-қыстау  кезеңдерде  әкемнің  шаңырағы

көппен бірге жан аямай еңбек етті. Бала болсақ та есімізде,

әкеммен  шешемді  бір  қыста  қыстақтан-қыстаққа  екі-үш  рет

көшіретін. Неге бұлай деген сұрағымызға байсалды әкем ба-

йыппен  сабырлы  қалпы  жауап  беретін:  “Балам,  қай  жерде

қиыншылық,  қалі  нашар  көмекке  зәру  болса,  бізді  сонда

көмекке жібереді біз анаң екеуіміз де коммунистпіз, бас тартуға

болмайды”-деп жауап беретін. Еңбекқор өз парыз-міндеттеріне

жауапкершіліктері жоғары қандай адал жандар деп ойланам.

Қазір  ойласам соғыстан аман-есен келіп ұрпақ өрбітіп ағайын-

туыстың, елінің ортасында жүргеніне “шүкіршілік” айтып, өзіне-

өзі “соғыс болмасын, басқа бейнет пен қиындық түк емес, осы

өміріме  де  ризамын”  деген  бір  тоқтаммен  жүреді  екен  ғой.

Өйткені, көбінесе “Бес жыл қанды қырғыннан аман келіп, сен-

дерді көрдім, құдайға шүкір! Енді сұм соғысты адам  баласының

басына бермесін”-деп әр күн сайын қайталап, өле-өлгенше бізді

мәпелеп, тілеуімізді тілеп кетті.

Балаларының бәрін жанындай жақсы көретін, бірақ мен де-

генде ықыласы ерекше еді. Мені еркебұла ұл баладай еркін

өсірді. Қасынан қалдырмай қандай істің басы-қасында жүрсе де

ер-азаматтай көріп, көңіліне медеу санайтын. Шіркін, әкемнің

қазына кеудесі-ай деймін, арманы да мақсаты да балаларының

амандығы мен солардың болашағы болушы еді.

Қажыры мен қайратын, төзімі мен сабырын сарықпай, өмір

толқындары кеудеден қақса да бәріне қасқайып қарсы тұрушы

еді.  Тек,  жеңуге  тырысатын,  өмірге  құштар  жанның  бірі  еді.

Қанша  шапса  мұқалып-жасымайтын  құрыш  дене,  болат

мүсіндей менің әкем нағыз тау тұлғалы жан еді. Сан қиындықты

жеңіп, өмірдің бұралаң күрмеуі қиын кезеңдерін бастан кешірсе

де жүрегі ізгі, көңілі дархан еді. Осындай асқартау тірегіміз,

қорғанымыз  әкеміз  1994  жылы  90  жасқа    қараған  шағында

дүниеден өтті. Содан бері 20 жылда зымырандай зымырап өте

шықты. Әкемнің көзіндей аялаған төрт қызының бүгінде үшеуі

бар. Күлмара Балхашта, мен Қарқаралыда, сүт кенжесі, Төлеу

Теміртауда тұрады, бала-шағаларын өсіріп-жеткізіп өмір сүріп

жатыр. “Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ” дегендей ара-

мызда Гүлбаршын ғана жоқ. Бәрін сағынамыз, жиі еске аламыз.

Адам баласының арманы мен тілегінде шек бар ма? Әкенің

жылы  сөзін,  мейірімін,  анамыз  екеуінің    аялы  алақандарын

сағынамыз. Қандай болса да балалығымыз қайта бір оралса

ғой дейміз. Бірақ өмірдің өз заңы бар.

Өзімізде бала өсіріп, солардың  тілеуін тілеп жүрген ата-ана

болдық. Баламыздың тек қуанышын көрсек қой деуші едік, енді

баламыздың балаларын ойлайтын болдық. Біздің әкелеріміз

қорғап  алып  берген  бейбітшіліктері  баянды,  болашақтары

жарқын болса екен деп күндіз-түні соны тілейміз. Біздер сол

әкелердің  қан  кешумен  өткен  өмірлеріне  біз  үшін  істеген

еңбектеріне  әрдайым  қарыздармыз.  Тек  қолымыздан  келері

дұға бағыштап, құран оқыту. Есімізге алып, рухтарына тағзым

жасау. Асыл да ардақты әкелердің орыны қашанда ерекше.

Әкем  Рақымбектің  асыл  бейнесін,  әлі  күнге  жадымнан

шығармай, жүректен өшірмей жүрген есіміңді құрметтеп, кейінгі

ұрпағың мақтаныш етіп жүрердей өзіңді өнеге қылып айтудан

жалықпаймын.  Өйткені,  сендер  қымбатсыңдар,  қайран

қимастарым!

тілеукен Рақымбекқызы.

Қарқаралы қаласы.

Әкемізге тағзым

Әкемізге тағзым

Мен  ес  білгелі  әкем  екі

балдақпен  жүретін.  Бала

қиялымда  әкемді  балдақсыз

көретінмін,  кей-кейде  түсіме

де 


балдақсыз 

жүргенін


көретінмін, сонда қуанып оя-

нушы едім.

Өсе  келе  соғыс  болғанын,

әкеміздің соғысқа қатысқанын

білдім. Советтік кезеңде соғыс

ардагерлерін 

өте 

биік


құрметтеп, мектептерге оқушылармен кездесуге жиі

шақыратын, патриоттық тәрбие биік деңгейде болатын.

Соғыс  туралы  әкем  шешіліп  көп  айтпайтын.  Мен

сұрағанда “Балам, қайтесің”,-дейтін. “Неге?”-деп ой-

лаушы  едім.  Оның  мәнін  кейін,  әкеміз  қайтыс

болғаннан кейін, 90-жылдардың ортасында, соғыс ту-

ралы  бұрын  айтылмаған  шындықтар  жарық  көре

бастағанда түсіндім.

Әкеміз  Хасенов  Қабжан  қазіргі  Нүркен  совхозы,

бұрынғы  “Алпыс  үй”-№5  ауылдың  тумасы.  Сауатын

ауыл молласынан Ақжан Машанимен бірге ашқан. Өте зерек болғанымен, әке-шеше-

сінен ерте айырылып, нағашы шешесінің қолында тәрбиеленіп, оқуды жалғастыруға

мүмкіндігі болмаған. Өсе келе ауылда етікші болған. Қарағанды алғаш ашылғанда

сонда барып, шахтер болған Бұл 1934-1936 жылдары болған.

1937 жылдары Қарқаралы МТС-ы құрылып, сонда тракторды меңгеріп тракторист

болады. Техникаға бейім  екенін байқап, МТС директоры Ақмолдин Қадырбек деген

азамат 1940 жылы әкемізді Ақмола облысындағы Қотыркөлдегі “Школа механиков”

мектебіне 1,5 жылдық механиктер курсына жібереді.

Соғыс басталып, жаппай мобилизацияға ілігіп, тура бір аптадан кейін, яғни 29 июньде

соғысқа аттанады. Ақмолада құрылған 373 дивизияның құрамында болған. Ауыл жі-

гіттері ешқандай әскери дайындықсыз қып-қызыл отқа бірақ түседі. Екі жауынгерге бір

қару.


Бұрын айтылмайтын, кейіннен ғана білгеніміз алғашқы мобилизацияның адамдарын

“пушечное мясо” деп атап жатыр ғой. “Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі”

деген рас екен. Алланың құдіретімен біздің жарық дүниені көретіндігіміз шығар (4 қыз,

екі ұлдың), әкеміз сол қырғыннан аман қалып, 7-8 солдат командирімен қоршауда

қалады.  Түнделетіп  жүреді.  Орыстардың  ішінде  жалғыз  қазақ  екен.  Тамақ  жоқ,

жараланған жылқыны көріп, әкеміз бауыздап, етін отқа қақтап жолдастарына жегізеді.

Жылқының етін жемейтіндердің  аштан аман алып қалған әкемізге алғыстары шексіз

болыпты. Аман-есен қоршаудан шығып өз әскерімізге қосылады. Бұл шілде айының

аяғы екен.

Талай  майдандастарының  үсті-үстіне  қырылғанын,  деревнялардағы  бейбіт

адамдардың бала-шағасымен жойылып кеткенін, талай азап көргендері бәрі-бәрі

жүрегінде шер болып қатып қалған ғой.

Қайран әкем! Соның бәрін еске түсіру қандай қиямет болғанын енді түсіндім ғой.

Тамыз айының аяғында Волховстрой қаласының маңында үлкен шайқаста әкеміз

қолынан,  жамбасынан  жараланып,  Тихвин  қаласында  госпитальда  15  күн  жатып,

қолына гипс салып, тылға, Қорған қаласының госпиталіне жіберіледі. 3 ай емделіп, ІІ

топ мүгедектік алып демобилизациямен 1941 жылдың 13 желтоқсанында Қарқаралыға

келіп, құжаттарын военкоматқа тапсырады.

Біздің жақтан ең алғаш соғысқа қатысқан да, ең алғаш қайтып келген әкеміз екен.

Аман-есен келгеніне туған-туыс үлкен қуанышқа бөленеді. Әсіресе МТС директоры

мәз.  Өйткені,  ауданның  соғысқа  жарайтын  азаматтары  жаппай  соғысқа  аттана

бастаған кез. Трактористер, механизаторлар жоқтың қасы.

Содан МТС-та трактористер курсы ашылып, ауданның қыз-келіншектері, жас жеткін-

шектер келіп, әкеміз соларға трактордан сабақ береді.

Бұл оқу қыс айларында ғана өткізілген ал көктем, жаз, күз айларында “Төңкеріс”,

“Жаңабет” колхоздарында трактор бригадасының бригадирі болып жұмыс істеген.

60-шы  жылдары  мектепте  оқып  жүргенімізде  бізді  совхоздарға  күзде  қырманға,

көктемде қой қырқуға, мал төлдетуге  жіберетін. Үлкендер жөн сұрасады. Мен әкемді

айтқанда үлкен апалар “Әкеңді білеміз, бізге трактордан сабақ берген, қандай тамаша

адам”-деп мақтай жөнелетін. Бірнеше совхоздарда солай болды. Мен мәзбін. Үйге

келгенде ойыма түсіп “Папа, сізді қалай көп әйел таниды” дегенде, папам мырс-мырс

күледі қояды, сонда мамам “Балам-ай, әкеңді танымайтын әйелдер ауданда аз шығар”

деп күлетін сонда ғана әкемнің аз да болса ұстаз болғанын білдім.

Қазір әкемізден дәріс алған көзі тірі Ибраева Үндемес 87 жаста, Калинин колхозынан

Ахметова Дәмеш 90 жаста, екеуі де Қарқаралыда тұрады. Марқұм болып кеткендер

Қарқаралыда  тұрған  Елубаева  Батима-1923ж,  Нұрышева  Рымжан-1923ж,  Нүркен

(бұрынғы Совет) колхозынан Әлкешова Қадиша-1925ж. 

1946 жылдың 6-ші сәуірінде трактор жөндеп жатқанда, байқаусызда трактор жүріп

кетіп астында қалады. Сол оқиғадан кейін әкем екі балдақпен жүретін мүгедек болып

қалды. Қайран қалатыным әкем өзін мүгедекпін, кәріппін деп еш санамайтын. Өзін

сап-сау кісідей ұстайтын және айналасындағы адамдар да солай қабылдайтын. 32

жыл екі балдақпен жүріп, бригадир, кітапханашы, диірменші, механик болды, өмірінің

соңғы 20 жылында МТС-та (кейін МТМ, РО болды) инструментальщик болып істеді. 23

маусымда 1978 жылы дүниеден өтті. МТС-та Төрткүл деген жерге жерленген.

Әлгінде әкемнің соғыс туралы көп шешіліп айтпайтынын жаздым ғой. Мен сұрай бер-

ген  соң  кейін  қоршауда  болғанын,  жараланғанын,  емделгенін  айтатын.  Соғыстың

алғашқы айларында  “батырлық, ерлік” деген сөздер қолданбаған қой, өйткені ең ауыр

кезең болған ғой.

Әкем соғыс киносын  көрмейтін. Бірақ рет “Великая Отечественная” деген киноға

болмай алып барып едім, бас жағын кішкене көріп үйге қайтып кетті. Мен “ұнамады ма”

деп сұрағанда мен болған соғыс ондай болған жоқ” деп қысқа қайырды. Мүмкін 1943-

1945 жылға дейін соғыста болса басқаша ойда болар ма еді?

Әкеміз ауыл шаруашылығы саласында аянбай, абыройлы еңбек етіп Ұлы Жеңісті

жақындатуға ат салысты.

Ерен еңбектері үшін “За участие в Великой Отечественной войне”, 1945 ж “За доб-

лестный труд в Великой Отечественной войне, 1945 ж, “20-летие Великой победы”,

“За освоение целинных земель”,  “50 летие Вооруженных сил СССР”, “100-летие со

дня  рождения  В.И.Ленина”,  “30-летие  Великой  Победы”  атты  медальдарымен

марапатталған.

Әкеміз өте қайратты, қажырлы болатын. Шаршадым, жалықтым, ауырдым деген

сөздер ауызынан шықпайтын. Темірден түйме түйетін шебер болды. Қолынан бәрі ке-

летін, жұмыстан кейін балғасын тықылдатып үнемі бірдеңелерді істеп отыратын. Бізді

асыраймын, оқытамын деп сол шеберлігімен қосалқы табыс табатын.

Анамыз екеуі рухани бай, көкіректері ашық болатын. Екеуі де латын, кириллица, төте

жазуды де оқи жаза білетін. Кітаптар жинақтары болды, латын мен төте жазумен

жазылған  кітаптар  қазірде  сақтаулы  .  Үнемі  “Социалистік  Қазақстан”,  “Советтік

Қарағанды”,  “Коммунизм  таңы”,  “Мәдениет  және  тұрмыс”,  “Қазақстан  әйелдері”,

“Жалын” атты  газет-журналдарды жаздырып алатын. Оқыған кітаптарын әке-шешеміз

дастархан басында талқылап отыратын. Біздің кітапқа деген сүйіспеншілігіміз әке-ше-

шемізден дарыған. Үшеуміз филология факультетінде оқыдық.

Біздің оқуымызды әкеміз қатты қадағалайтын. Балаларын қанаттыға қақтырмай,

тұмсықтыға шоқыттырмай аялап, ардақтап өсіріп, оқытты. Алдымыз 80-ге, кішіміз 50-

ге келіп қалды. Еліне сыйлы, дархан мінезді әкеміздің жарқын бейнесі, асыл сөздері

“айналайын алтындарым” деген сөздері жадымыздан ешқашан шықпайды. Өмірдің

әр  сәтінде істеген ісін, берген ақылдарын балалары, жиендері еске алып көрмей кет-

кен  немерелеріне  айтылып  отырады.  Өзіңді  сағындық  әке!  Ұлы  Жеңістің  70

жылдығына орай әкеміздің нұрлы бейнесін сағынышпен еске алып, асқақ рухына дұға

бағыштаймыз.

Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, жанын жанатта болып, пейіштегі орның мәңгі

нұрлы  болсын,  жан  әке?  Еліміз  тыныш,  Отан  іргесі  аман  болсын.  Өткендегідей

сұрапыл соғыс қайталанбай ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын!

мәрияш Қабжанқызы.

4

4 шілде 2015 жыл



жүктеу 3,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау