Вечерняя Астана



жүктеу 72,24 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі72,24 Kb.
#11259

Астана ақшамы.- 2010. - №17. – 16 ақпан

Байырбек Н.


Айман апайдың арайы
Ақын ағамыз Нұрғожа Ораздың үйіне сұхбат алу үшін барғанымызда, ағамыз әңгіме арасында әлдекімдердің атын есіне түсіре алмай дал болып жатады. Сондайда «Айеке» деп айғай салады ағамыз. Алаңсыз ас үйде жүрген Айман апайымыз жүгіріп келіп: «0, не?» дейді. «Әй, анау пәлен-түген деген сөзді айтқан жазушының аты кім еді?». «Ә, пәленше ғой». «А?». «Пәленше!». Осыдан кейін Айман апайымыз қайтадан ас үйіне жөнеледі. Ал Айекесінен от алған Нұрғожа ағамыз қайтадан әңгімесін сабақтап, сөйлей бастайды.

Алғашқыда дәл осындай оқиғаға куә болғанымда біразға дейін өзім іздеп барған Нұрғожа ағаның әңгімесін ести алмай отырып қалғаным есімде. Ас үйден келіп, ауыз ашқаннан әлем әдебиетінен мағлұматы мол екенін көрсетіп кеткен Айман апайымыз ойымды бөліп әкеткен еді. «Бұл кісі кім болды екен?», «Әдебиетші ме, сыншы ма?», тіпті «Осы кісінің өзі де өлеңге я көркемсөзге әуес жазушы болса да жарыққа шыға алмай жүрген адам емес пе?» деген сан сауалдың астынан өзімді аршып ала алмай қала бергем. Сөйтсем, Нұрғожа ағамыздың «Айеке» деп отырған жары жәй ғана жан жары емес екен, Астана жұртының мандайына біткен Айманы екен. Дұрыстап айтсақ, елордалық зиялы қауымның бел ортасынан табыла білген қайраткер ұстаз — Айман Қожахметова.

Айман апай туралы, расында кейін, ұлттық мәдениет ордасына айналған агротехникалық университет туралы кеңінен мағлұмат ала бастағанда білдік.

Анығында С.Сейфуллин атындағы Кдзақ агротехникалық университеті — гуманитарлық оку орны емес. Бұл мекемеге жұрт рухани құндылыкқа, ұлттық мәдениетке сусағаннан бармайды. Әйтсе де, мұнда білім алған студенттер кәсіби біліммен катар рухани құндылықты да бойына дарытып, ұлты, тегі қандай болмасын, аз да болса қазақшылықты қабыддап кетіп жатады. Осы бір жақсы үрдіске дәнекер болып жүргендердің бірі, әрине, біз сөз етіп отырған Айман Қапсытбайқызы.

— Бүгінгі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бұрын Ақмола ауылшаруашылық институты аталатын. 1989 жылы «Тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл деген мәртебе алысымен осы университеттің бұрынғы ректоры Кенжеғали Сағадиев күтпеген жерден қолқа салды. «Университетте қазақ тілі кафедрасын ашқалы жатырмыз, соған келіп жетекшілік етсең...» деген ұсынысын білдірді. Әрі ойланып, бері ойланып, үйге барып Нұрекеңмен ақылдастым. Ол қуанып, қолдау білдірді. «Сенің іскерлігіңде, ұйымдастырушылыққабілетің де жетеді. Ендеше, тілімізді өркендетуге титімдей болса да үлесінді қос!» деп қанаттандырды. Содан мен аяқастынан барлық шаруаларымды жинап тастап, бүгінгі елорданың маңдайалды оқу орындарының бірі — С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне келіп, қызметке кірістім. Бұл — 1990 жылдың 20 қазаны болатын, — дейді Айман апай өткенді еске алып.

Негізі біліктілігі бойынша химия-биология саласының маманы болған Айман Қожахметованың ұлт руханиятын жандандыру жолындағы қызметі осылай басталды. Яғни, осылай әлі де отаршыл орыс тілі үстемдік етіп, айылын жимай тұрған уақытта, орыстанған өлкедегі оқу орнында қазақ тілі кафедрасын ашуға кірісіп кете барды.

— Кафедра жұмысын бастағанда студенттерге мемлекеттік тілді оқыта алады-ау деген небәрі 3 оқытушымыз бар болатын, —дейді бұл туралы Айман апай. — Не оқу-әдістемелік құралдарымыз жоқ, не жасақталған кабинетіміз жоқ — көп жұмыс істеуге тура келді. Өйткені, мұнда өзге ұлт өкілдері өте көп. Қазақ мектептерін бітіріп келді деген студенттеріміздің өзі қазақшаға шорқақ, негізінен орысша сөйлейді. Сондықтан біз алдымен қазақ тілін оқьпу үшін студенттерді үш топқа бөліп алдық: өзге ұлт өкілдері үшін — бастауыш топ, тілді аздап білетіндер үшін — жалғастырушы топ және шын мәнінде қазақ тілінен хабары бар шәкірттер үшін — терендетіп оқытатын топ. Сөйттік те, оқу орнына келген барлық студенттерге қазақ тілін жаппай оқьггуды жолға қоя бастадық.

Болашақ түлектерінің екі тілге бірдей, яғни орыс тілімен қоса қазақ тілін де меңгеріп шығуы үшін Айман апай жетекшілік еткен кафедра оқытушылары аянбай еңбек етуге мәжбүр болды. Ол уақытта оқыту-әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі, әрине, үлкен кедергі. Бұл кедергіні жою үшін оқытушылар өздері окулық жазуды қолға алды. Нәтижесінде 1996 жылы жалпы қазақ тілін оқушылар үшін «Қазақ тілі» және 1999 жылы өзге ұлт өкілдері үшін «Қазақ тілінің практикалық курсы» атты әдістемелік құралдар дайындалды.

— Қазір кім болса сол өзінің әдістемесін дайындап, кітап етіп бастырып шығарып жатыр ғой. Ал біздің уағымызда оның машақаты көп болатын, — дейді Айман Қапсытбайқызы шынын айтып. — Мына Еуразия ұлттық университеті де жоқ онда. Кітапқа пікір жаздыру үшін Алматыға сабылуыма тура келді. Сөйтіп жүріп Мырзатай Серғалиевтен қолдау таптық. Ол кісі пікір жазып берді. Ал қазір біздің кафедрада осылай әрқайсысы мандай термен қолымызға тиген 40-тан астам оқу құралы бар.

«Біздің кафедра» деп туған баласындай аялай атаған Айман апамыздың сол кафедрасында бүгінде 4 ғылым кандидаты, 4 магистр және 17 аға оқытушы қызмет етеді. Университет ректоры Айтбай Бұлашевтың жанашырлығы арқасында тіл арқылы жастарға қазақтың ұлттьгқ құндылыктарын дарытуға ұйытқы болған кафедрадан 1998 жылы зейнеткерлікке шықса да, Айман апайдың өзі де қол үзе алмай келеді.

Жалпы, С.Сейфуллин атындағы білім ордасы төрт құбыласы түгел, қазіргі заманға сай жоғары деңгейлі ғылыми-интеллектуалдылық тұрғысынан көріну үшін руханият, мәдениет жағына аса мән береді. Соның арқасында әрдайым ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында болатын сайыстарда осы оқу орны бірінші орынды алады. 2003 жылдан бастап іс-қағаздарын түгел мемлекеттік тілге көшірді. Ал 2008 жылы Оразкүл Асанғазықызы басшылық ететін Тіл басқармасының жыл бойы жүргізген сараптау қорытындысы бойынша университет қазақ тілінде іс-жүргізу мәселесі бойынша Астанадағы жоғары оқу орындарының арасында топ жарып, бірінші орынды алды.

Бірінші орын демекші, жыл сайын Астанада өтетін Ұлыстың ұлы күні —Наурыз мерекесінде де ұлттық дәстүрді насихаттап, ұлттық ас мәзірін дайындағаны үшін осы оқу орны бірінші орынды жеңіп алады. Мұның бәрінде, әрине, осы университетте жиырма жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Айман Қожахметованың сіңірген еңбегі мол.

Ал 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Наурыз мерекесін ел арасында тойлай жүріп Айман апайдың қолынан ас ішкені де бар.

— Университет орталық алаңға үй тігіп, ұлттық тағамдардың түр-түрін дайындап, көрсету үшін дастархан жаятын болды. Сол жолы Нұрекең (Нұрғожа ағамызды айтып отыр. — авт.) маған «сілікпе» деген ас әзірлейік деп ұсыныс жасады. Сілікпе туралы өзі балалық шағында бір ақсақалдан естіген екен. Нұрекеңнің үлкен атасына үнемі сілікпе дайындап беріп отырған бір кісі жолы түсіп, қонаққа келіп қалып, әңгіме үстінде оның қалай дайындалатынын айтып берген көрінеді. Одан кейін «Қозы Көрпеш — Баян сұлуда» буаз маралды жарып жіберіп, ішіндегі қозысын алып сілікпе жасады дейтін жолдар бар. Сонымен Нұрекеңнің әлгі бір ақсақалдан естігені бар, кітаптардан оқығаны бар — бірлесіп отырып біз сілікпе дайындадық. Елбасы университет тіккен үйге кіргенде сол сілікпеден дәм татты. Сөйтіп, мақтауын асырып, абыройымды арттырып кетті, — дейді Айман апай.

Ұлттық құндылықтарға келгенде ерекше құлшыныспен көрініп, алға шығып жүрген университетте шығармашыл жастардың «Жас түлек» клубын құрып, жастарға тілді, әдебиетті, рухани байлықты насихаттап, үйретіп жүрген Айман апай сыртта білдей бір кафедра меңгеруші, яғни басқарушы, ұстаз болғанымен де, үйде — әйел. Әсіресе, жылда Наурыз болған сайын елорданың біраз зиялы азаматтары Нұрғожа ағамыздың үйіне жиналып, Айман апайдың қолынан наурыз көже ішіп кетуді дәстүрге айналдырған.

Наурыз көже ғана емес, Айман апай бүгінге дейін ұлттық ас мәзірін жаңғырту үшін де аянбай еңбектеніп келеді.

— Бүгінге дейін үлттық тағамдарымыздың түр-түрін жасап, мәзірімді толықтыра отырып, 54-ке жеткіздім,—дейді өзі де. — Бүл істе Нұрекеңнің де сіңірген еңбегі мол. Біз бірге кітаптарды қарап, әсіресе ауыз әдебиетінде аты кездесіп отыратын тағам түрлерін зерттеп, зерделеп, энциклопедиялардан қарап отырып, елден сұрап — әйтеуір сол тағамды өзіміз де дайындап шығуға тырысамыз. Кейде дұрыс болмай қалып жатады. Артынша қайтадан жасап көреміз. Солай кем-кетік жерін толтырып, әйтеуір қалай жасалатынын өзіміз игеріп аламыз.

«Ал сол тағамдардың қалай дайындалатынын айтып, жарияламайсыз ба, көпшіліктің үйреніп алып, жаңғыртуына жол ашпайсыз ба?» дегенімізде: «Ол ойымда бар» деп жауап берді Айман апай.

Білек сыбана кірісіп, орыс тілінен өзге тіл табалдырығын сығалап көрмеген оқу орнынан казақ тілі кафедрасын ашып, оның жұмысын жандандырып, қосымша жастар арасында әдеби ортаның да қалыптасуына ықпал еткен Айман Қожахметова университет қабырғасында талай рухани кештер өткізіп, көпшіліктің санасына сәулесін түсірді. Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Сәбит Досанов сияқты ақын-жазушылармен кездесу кештерін өткізіп, жастардың руханиятқа ден қоюына мұрындық болды. Оның сыртында солтүстік өңірлерде ұлттық мәдениетіміздің сақталып қалуы жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Нұрғожа Ораз ағамыздың «еркелігін» де көтеріп келеді.

— Нұрекең қуанса балаша қуанып, ренжісе балаша ренжитін, мұңайса да салы суға кетіп мұңайып, қайғырса, қатты кайғыратын кісі ғой, ондайда мен ағаларыңмен қосылып сезімге беріліп отырмаймын. Әсіресе, ағаларың мұңайып, бірдемеге ренжіген кезде әдейі оған ойын бөлетін басқа нәрселерді айтып, көңілдендіруге, күлдіруге тырысам. Не болмаса серуендеу үшін Есіл жағалай ертіп ала жөнелем, — дейді Айман апай. — Ал жалпы менің қызметте қажымай, талмай еңбектенуіме, мойымауыма Нұрекең кандай жағдай жасаса, мен сондаймын. Оның бірінші оқушысы да, көмекшісі де, хатшысы да — менмін.


Р.S. Иә, Айман Қожахметованы көпке, халыққа еңбек етіп жүрген тұлға деуге болады. Расында да, Айман апай - халыққа қызмет етуші. Үйінде халықтың ақыны, азаматы Нұрғожа Ораз ағамыздың бабын жасап, бағын қондырып отырса, сыртта еліміздің жастарын руханиятқа баулып, тіліміздің, ұлттық мәдениетіміздің бағын жандырып жүр. Ара-тұра баспасөзде мазмұнды мақалаларын жариялап турады. Осындай айтулы еңбегі үшін Айман Қожахметова «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», доцент атанды. Ал жуырда 70 жасқа толып, университет қабырғасынан құрметпен зейнеткерлікке шығар уағында университет ғылыми кеңесінің шешімімен «Университеттің құрметті қызметкері» атағын алды.

Ақсақал болған шағында Айман апайға арқа сүйеп, көшелі сөз айтуда көптен қалмай келе жатқан Нұрғожа Ораз ағамыз да зайыбының мерейлі мерекесіне құралақан келіп отырған жоқ: Жуырда ғана Айман апайымыздың 70 жасына арнап «Аққуым бар көлімде» атты жыр жинағын шығарып, үлкен сый жасады.
жүктеу 72,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау