Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет11/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

38
Бүкіл ауыл тіршілік қамымен қора-қопсысын түзеп, бақшасына 
картоп салып арпалысып, қысқа дайындық жасап жанталасса... Иғаң 
ысқырып қойып, теріс қарап дүңкиіп ұйықтап жатар еді.
– Əкесінің аузын ұрайын, мал-жанның... – дейтін есінеп-құсы-
нап, – күні ертең баяғыдай соғыс болып кетсе, бəрі де сасып артыңда 
қалады.
– Бала-шағаң бар ғой, батыр-еке...
– Олар өз несібесін өзі тауып жесін. Мен əке-шешеден бес жа-
сымда қалғанмын, сонда да аштан өліп, көштен қалғаным жоқ. 
Құдайға шүкір, «Палуан Иғаң» атандым.
Құрдастары: «Сенің палуандығыңды ұрайын, əйелің аштан 
жығылғалы жүргенде», – деп күңкілдер еді. Ондай нəумездіктерін 
өзіне ескертіп қаттырақ айтуға сескенер еді.
Күн батып, мал өрістен қайтып, ымырт үйіріле Иғаң көшенің май 
топырағын шаңдата балп-балп басып, станция жаққа беттеп бара 
жатар. Бір қызығы, күнде көріп жүрсе де, бұл ауылдың мұқым иті 
Иғаңды көрсе жер тарпып, түгел үретін. Ал Иғаң палуанның көңіл-
күйі келмеген, бір самауыр шайды сораптап жалғыз өзі сарқып тау-
ыспаған күні бұл ауылдың шамы көпке дейін жанбайтын. Ондай 
сəтте: «Ішіңді ұрайын, қабағы бүгін келіспеген екен, шақырып шай 
бермесек, қараңғыда қалармыз», – деп, құрдастары құрақ ұшар еді.
Алтайға қоңыр күз келіп, шаруашылық етек-жеңін жинай бас-
та 
ған шақ. Абыр-сабыр саябыр тауып, ел ептеп еріге бастаған. 
Қар балас тек бақшада ғана қалған секілді. Картоп жинау науқаны 
басталғанда, Иғаң бəрінен тысқары, тегі, ұйықтап жатқанға ұқсайды. 
Əйелі Биғайни үш қызын ертіп, сүйегін сүйретіп жүріп көршілердің 
жемісін жинасып, əр үйден шелек-шелек картоп тасиды. Бағана 
Серік тоғайға отынға бармақ болғанда, ерігіп тұрған мен бірге еріп 
кеткен едім. Екеуміз екі арқа отын əкелдік. Биғайни елден сауғалап 
əкелген картобын суға қуырып қойған екен, түбі күйіңкіреп кеткен 
бе, темір пештің үстінде мүңкіп тұр. Үйдің іші көк ала түтін, ыстық, 
Иғаң үйреншікті орнында қорылдап жатыр. Мен əуестік жеңіп 
Серіктен сұрадым:
– Картопты өздерің неге екпейсіңдер?
– Əкем огород қоршап бермейді, – деді мұңайып. – Ал біз бекіте 
алмаймыз. Тəтем қыстай елден етектеп картоп тасиды.
Бəріміз шайға отырдық. Түтіні бықсыған самаурын келді. 
Ағаштан жасалған дөңгелек жозыны шыр айналдырып, қолымызға 


39
бір-бір кетік қасық ұстап отыра қалдық. Өзіміздің үйде осы картопты, 
майға қуырып берсе, кергіп аузыма салмаушы едім, бұл үйде жалаң 
қағып, таласа-тармаса ұмтылғаным қызық. Иғаңды оятты. Көзі-басы 
іскен палуан ұйқысын аша алмай, мең-зең отырды. Табаданға ешкім 
қол жүгірткен жоқ. Өйткені бірінші болып үй иесі Иғаң қасық салу 
керек тамаққа, əйтпесе далаға табаны картобымен, содан соң бала-
ларын бір-бірлеп лақтырады.
Иғаң рақаттана есінеп алды да, үлкен ұлы Серікке:
– Ей, жүгірмек, қолымнан тартшы, – деді. Серік алпамсадай 
əкесінің тоқпақтай қолынан ұстап, мықшыңдап тартқылаған болды
бірақ түйенің жарты етіндей ауыр əкесін орнынан қозғалта алмады.
– Өзің-ақ тұрып кетпейсің бе, кішкене баланы əурелемей, – деді 
Биғайни.
– Оттама! – деді Иғаң атып тұрып. – Балаңның бəрі саған тартқан, 
шикі өкпе, ши борбай, жел соқса құлап қалатындай аш-арықтар...
Иғаң далаға шығып, көршісінен темекі сұрап тартып, қақырынып-
түкірініп келгенше, буы бұрқырап, түбі қарылған картоп қуырылған 
шойын табаданға бір де  біріміз қол салған жоқпыз. Мен ыза бола 
бастадым. Өз үйімде ешкім жемей, аткөпір болып жатқан жаман 
картопқа соншама зəру болып, телміріп, сілекейімді шұбыртып 
отырғанша, кетіп-ақ қалғым келді. Шынтуайтқа жүгінсек, картопты 
бағана біздің үй, менің апам бермеді ме?
Иғаң келді-ау, əйтеуір. Төрге кескен теректей гүрс етіп отыра 
кетті. Содан соң:
– Бастайық! – деді күркіреп. Шойын табаданның шетіне сарт-
сұрт соғылған қалайы қасықтар сойқанды майдан ашты. Бірақ бірде-
бір «қару» Иғаң жаққа ауысқан жоқ. Бəрі де өз тұсын үңірейте ойып 
жеп, көршілеріне қол сала бастаған. Биғайни байғұс, əншейінде 
ақырын қимылдайтын адам, екі рет қатынап қайтамын дегенше, 
Серік бастаған балалары оның алдын жалғыз-ақ сүріп, қырып-жойып 
жеп кетті. Енді ол көзі мөлиіп, ерінің яғни күйеуінің алдындағы əлі 
тақа таусыла қоймаған картопқа тесіле қарады-ай... Иғаң сасар емес, 
асықпай асайды, қомпаң-қомпаң шайнайды. Анда-санда қарнын си-
пап қояды. Тегі, Биғайни шыдай алмады білем, күйеуінің көзі тая 
бере, табаданға ұмтылып еді, Иғаң:
– Тарт қолыңды табақтан! – деп айғай салып, қолындағы дəу 
қасықпен əйелінің білегіндегі тобықты шақ еткізе ұрып жіберді. 
Менің төбе құйқам шымыр ете түсті. Одан əріге төзімім жетпеді. 


40
Жүгіріп үйге келдім. Қара табақ радио сөйлеп тұр екен. Диктор: 
«Тарт қолыңды!» деп əлдекімдерге ескертіп жатыр.
Құлағыма палуан Иғаң қорылы келгендей болды. Иə... соғыстан 
есен-сау оралғанына шүкіршілік жасайық та...
31-36-Б.
                                                             
Сөздік
қапсағай
крупный, рослый и сухощавый 
қораш
невзрачный, непримечательный 
(на вид);
даң-дұң
шум, гам
еріншек
ленивый 
аяғына дейін
до конца
снаряды дарымаған 
не одолел снаряд              
жасықтау
робкий, нерешительный
ілмиген арық
слишком худой 
жез
латунь, медь
самаурын
самовар
жарықтық
незабвенный (о покойном);
высокопочтимый, дорогой (по-
чтительно о старшем уважае-
мом человеке)
дода-дода
в лохмотьях, в клочьях
алақанын  сермей
махая ладонью
жыртық
рваный
жамау
заплатка 
теріс қарап
отворачиваясь
сырмақ
сырмак (вышитая кошма)
ысқырықпен аяқталатын
заканчиваясь  со свистом
қаперсіз
без внимания, без заботы
сиырдың мөңірегені
мычание коровы


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау